You are here

Қазақстандық білімнің статистикалық кескіні

Printer-friendly versionPDF version

"Білімді ел" №24(37), 2015 жылғы 22 желтоқсан

«Ұлттық білім беру деректерінің базасы» немесе, педагогикалық ортада, - ҰБДБ аталатын Ақпараттық жүйеде статистикалық көрсеткіштерді өңдеу аяқталды.

ҰБДБ 18 789 мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіби білім беру (білім алып жатқан оқушылар құрамы, педкадрлар, материалды-техникалық база, қосымша білім беру және т.б.) ұйымдарының 2160 көрсеткіші бойынша статақпарат бар.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісі артып келеді. 2014 жылмен салыстырғанда (+367, барлығы 8834 бірлік).

Мектепке дейінгі ұйымдар саны мен құрамы

Мектепке дейінгі ұйымдардың 68% (5990) ауылдық жерлерде орналасқан, оларға мектепке дейінгі оқу және тәрбиемен қамтылған барлық баланың 43,5% (758 772-нің 330 580-і) барады. Гендерлік тәртіпте бөліп қарастырсақ балалардың 51% – ұлдар және 49% - қыздар.

Жеке сектор белсенділік танытып отыр. 2014 жылдан бастап білім берудің жеке ұйымдары 1460-тан 1775 (+315) дейін артып отыр.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды оқу және тәрбие берумен қамту 78,6%-дан 81,6% артты.

Мектепке дейінгі білім берумен қамтудың артуына қарамастан, бала-бақшаларға кезек те артып келеді. Бұл соңғы 5 жылда туудың көбеюімен шарттасылып отыр. 

Қазақстан Республикасындағы бала туушылық динамикасы

2015 жылы 545 402 бала кезекте тұрды, бұл 2014 жылға қарағанда 525-ке және 2013 жылға қарағанда 57 439 артық.

Қамту мен желінің артуымен қатар тәрбиешілердің кәсіби деңгейі де артып келеді.  Тәрбиешілердің саны 6645 адамға (2014ж. 74 212 адамнан 2015ж. 80 857 адамға) өсті. Жоғары мамандандырылған білімі бар тәрбиешілердің саны соңғы жылда 2 876 адамға артты, және мектепке дейінгі білім беру деңгейінің педагогтарының жалпы санынан 15% (2014ж. – 12,7%) құрап отыр.

Алайда, жоғары кәсіби білікті мамандардың үлес салмағы әлі де болса төмен болып келеді:

  • жоғары санатты 7% (5 364, 2014 жылдан бастап +444);
  • бірінші санатты  13% (10 422, +220);
  • екінші санатты - 25% (20 327, +1952);
  • санатсыз 55% (44 744, +4029).

Қазіргі таңда елімізде 7 511 мектеп қызмет етіп келеді, оларда 2 799 585 бала білім алуда, сонымен қатар:

7 457 жергілікті атқарушы органдар қарамағында,

оқушылар құрамы 2 775 308 бала

3 республикалық мектепке 1 857 оқушы барады

ДӘДМ қарамағындағы 6 мектепке 134 бала барады

20 Назарбаев Зияткерлік Мектебінде 13 563 бала оқиды

1 халықаралық мектеп, онда 390 оқушы оқиды

20 ҚР Мәдениет және спорт Министрлігіне қатысты, оқушылар саны - 6 506

4 ҚР Қорғаныс Министрлігінің қарамағында, оқушылар саны - 1 827 

ЖАО ведомстволық бағыныстағы 7457 мектептің 7160 – күндізгі жалпы білім беру мектептері, оның ішінде 839 бастапқы, 1062 негізгі орта, 5259 жалпы білім беретін. Олардың 77% ауылдық жерлерде орналасқан.

Соңғы жылдары оқушылар құрамының артуымен қатар желі кемуінің қалыпты үрдісі тіркелген. 

Күндізгі білім беру мектептерінің желісі мен құрамы

Жалпы желінің қысқаруымен қатар ШЖМ желісі қысқарып келеді. 7160 мектептің 44% - шағын жиынтықты (ШЖМ). Оларда барлығы 8% бала білім алуда және 17% мұғалім жұмыс жасап жатыр.

ШЖМ қолданылуының бірқатар проблемалары бар – білім беру қызметтерінің сапасы педагогтардың жетпеуіне не мәжбүрлі көппәнділікке байланысты төмен болып отыр, білім беру көбінесе бірлескен сыныптарда жүргізіледі, көбісі бейімделген ғимараттарда орналасқан және т.б.   

Соңғы жылдары ШЖМ санының қысқаруы тіркелген. Егер 2014 жылы олардың оқушыларының құрамы 221 879 баладан тұратын 3 268 болса, ал қазіргі уақытта 3161 (-107) мектепте 214 551 (-7328) бала білім алуда. Бұл үрдіс сақталған жағдайда 2030 жылға олардың саны 1500 аспайтын болады.

Сонымен қатар орта білім беру инфрақұрылымы дамып келеді. Статистикалық қадағалау апатты және үш ауысымды мектептер желісінің азаюын тіркеді. Бір жыл ішінде олардың саны 136 бірліктен 69 бірлікке азайды.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан мектепке дейінгі балалардың 100% тегін ыстық тағам қолжетімді болып отыр. Қалған балалар мектеп асханалары мен буфеттерінде дұрыс тамақтану мүмкіндігіне ие болып отыр. 

Ешбір бала білім беру процесінен қалыс қалып отырған жоқ. Сапалы және қолжетімді білім алу үшін барлық жағдайлар жасалуда. 

Мектепке және мектептен үйге жеткізу қажет болып отырған балалардың қол жеткізу мәселесі 813 автобустың іске қосылуымен шешіліп отыр. 

Мектепте 4 009 балаға тәжік тілінде, 15 067 – ұйғыр тілінде, 80 655 – өзбек тілінде, 832 173 – орыс тілінде және 1 792 223 қазақ тілінде білім алу қамтамасыз етілген.

Арнайы білім беру ұйымдарының және ұстаудың ерекше режіміндегі білім беру ұйымдарының қызметіне ерекше көңіл бөлініп отыр. 100 арнайы мектеп, түзету мекемелерінің жанында 34 мектеп,  девиантты мінез-құлыққа ие балаларға арналған 6 мектеп, ұстаудың ерекше режіміндегі балалар үшін 1 мектеп қызмет жасайды.


Анықтамалы:

Девиантты мінез-құлыққа ие балалар үшін білім беруді ұйымдастыру оқыту-тәрбие беру (емдеу-тәрбие берумекемесі болып табылады және әкімшілік әсер ету шаралары қабылданатын құқық бұзушылықтарды жүйелі түрде жасайтын, отбасынан және балаларға арналған оқыту-тәрбие беру ұйымдарынан өз еркімен қасақана кетуге жол беретін, басқа да қоғамға қарсы әрекеттер жасайтын он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларды тәрбие берумен, оқытумен және әлеуметтік ақтауды қамтамасыз ету үшін жасақталады.

Ерекше режимді ұстауымен білім беру ұйымдары оқыту-тәрбие беру  немесе емдеу-тәрбие беру мекемесі болып табылады және қылмыс белгісі бар қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған, қылмыстық жауапкершіліктен босатылған, он бір жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларды тәрбие берумен, оқытумен және әлеуметтік ақтауды қамтамасыз ету үшін жасақталады.

(ҚР БҒМ 17.09.13ж. №375 Бұйрығымен бекітілген, Жалпы білім беру ұйымдарының бастапқы, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының түрлері бойынша қызметтің Нұсқалық ережелері).


Инфрақұрылымды және әлеуметтік қолдауды жақсартумен қатар педагогтың де ролі артып келеді. Оның біліктілігі мен білімінің деңгейі алдыңғы қатарға жылжытылып отыр. 

Біліктілікті арттырудың жаңа жүйесін енгізу мұғалімдердің кәсіби деңгейінің едәуір артуына алып келді. Бүгінгі таңда мемлекеттік мектептердің мұғалімдерінің 49,5% жоғары және бірінші санатқа ие. Олардың үлесін 2020 жылға олардың жалпы санынан 54% жеткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар білікті мұғалім мамандарға жоғары қажеттілік қалып отыр.

Күндізгі мемлекеттік мектептердегі мұғалім мамандарға барлық қажеттілік – 1 200 адам.

Негізгімен қатар қолжетімді қосымша білім беру қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күні елімізде 860 қосымша білім беру ұйымдары мен түрлі бағыттағы мектеп жанындағы 56 586 үйірме жұмыс жасайды. Нәтижесінде 1 700 573 бала табиғи ғылыми, шығармашылық, туристік-өлке тану және техникалық бағыттағы мектептен тыс бағдарламалардың мол шоғырымен қамтылған. 

Техникалық және кәсіби білім беру жүйесінде мамандарды дайындау 807 колледжде жүргізіліп келеді. 2014 жылмен салыстырғанда колледждер саны 7 мемлекеттік және 14 жеке колледжге кеміді. Сонымен қатар 2 мемлекеттік және 6 жеке колледж ашылды. 

             ТжКБ желісі мен құрамының динамикасы

Қазіргі уақытта колледждерде 499 477 адам білім алып жатыр. Бюджеттік негізде 242,3 мың адам, ақылы – 257,2 мың адам. 

Соңғы бес жылда техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарында оқып жатқандар санының төмендеу үрдісі байқалады. Бірнеше факторлардың жиынтығы оған себеп болып отыр.

Бірінші. Жалпы білім беретін мектептердің 9 сынып базасындағы оқушылардың түлектер санының азаюы:

  • 2011ж. – 251,4 мың адам.
  • 2012ж. – 232,6 мың адам.
  • 2013ж. – 226,2 мың адам.
  • 2014ж. – 229,2 мың адам.

Екінші. 2004 жылы БҰТ енгізілгеннен бастап ТжКБ жүйесінде 9 сынып базасында оқушылар құрамының саны үзбестен артып келеді. 2012 жылға дейін колледждердің түлектері жоо оңайлатылған сұлба бойынша оқуға түсетін. Олар стандартталған тесттер тапсырмайтын және жоо емтихандарының негізінде жоо оқуға тіркелетін. Алайда, 2012 жылы колледждердің жоо түсетін түлектері үшін кешенді тестілеу (КТА) енгізілуі ТжКБ құрамының қысқаруына алып келді.

Колледждерде білім алып жатқан оқушылар құрамы, мың адам

Еліміздің экономикалық өмірінде адами капиталдың мәні жыл сайын артып келеді және бәсекелі артықшылық болып барады. Президентіміздің Қазақстан халқына арнаған 2015 жылдың 30 қарашасындағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақтылық қарсаңында: өсу, реформалар, даму» атты Жолдауында техникалық мамандарды дайындауға ерекше назар аударылған.

Техникалық және кәсіби білім беру еліміздің инвестициялық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып отыр. Ал, бірінші жұмысшы кәсібін тегін иемдену үшін жағдай жасау оқытудың мәртебесін едәуір арттырады және жастарды жұмылдыру проблемасын шешеді. 

Сонымен, ағымдағы жылды статистикалық қадағалау келесі тұрақты үрдістердің барлығын көрсетеді:

  1. Желінің (1 жылда +367) дамуы мен мектепке дейінгі білім берумен (1 жылда +31294) балаларды қамтудың өсуіне қарамастан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында орынға кезекке тұру кемімей, артып келеді (+525).
  2. Көптеген мемлекеттік күндізгі жалпы білім беру мектептері ауылдық жерлерде (77%) орналасқан. Бұл ретте толымдылықтың (-74) болмауына байланысты олардың санының кему үрдісі бар. Осы ретте қаладағы күндізгі жалпы білім беру мектептерінің саны артып келеді (+12).
  3. Орта білім беретін педагогтардың (соңғы жылда +4895 жоғары санатты және +941 бірінші санатты) кәсібилігі артуымен қатар, білікті мамандарға қажеттілік жоғары сұранысқа ие болып қалып отыр (1200 адам).
Директор, Білім беру статистикасы департаменті