You are here

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖОО ТҮЛЕКТЕРІНІҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУЫ

Printer-friendly versionPDF version

Alma mater. Вестник высшей школы № 3, 2016 жылғы наурыз

“Білімді болу жеткіліксіз, оны өмірлік қажеттілікке сай қолдана білу керек”. Рене Декарт

 

Қазақстандағы жастардың жұмыссыздық деңгейі 2000 жылдан 2014 жылға дейінгі мерзімде 3,5 есе төмендеді1. Колледждер мен ЖОО-ның дипломы бар жастардың арасында жұмыссыздар саны анағұрлым аз (1-сурет).

Жастардың (15-28 жас) жұмыссыздық деңгейі, 2000-2014жж., %

1-сурет

Бәсекеге қабілеттілік рейтингінің (The Global Competitiveness Index) 55 алғашқы еліне кірген Швейцария (6,4%)2, Сингапур (6,7%)3, Финляндия (22,7%)4, Ұлыбритания (13,8%)4, Ресей (18,8%)5, Түркиямен (18,3%)4 салыстырғанда, Қазақстан жастарының жұмыссыздық деңгейі айтарлықтай төмен болғанымен, еліміздегі жастардың жұмысқа орналасу мәселесі өзекті болып отыр.  

«Кешегі» түлектер жұмыс іздеу барысында қандай қиындықтарға тап болады?                                                              

Жұмыс тәжірибесі жұмысқа орналасудың басты критерийлерінің бірі болып табылады. Тиісті еңбек өтілісіз жұмысқа орналасу – өте күрделі. HeadHunter.kz сайтында орналасқан бос орындар (23.11.2015ж. жай-күйі) жұмыс берушілердің ізденушілердің еңбек өтіліне артықшылық беретінін дәлелдейді.6 Жұмысберушілердің тек 16%-ы ғана үміткерлерді жұмыс өтілісіз алуға дайын. Қалаулы жұмыс өтілі – 1 жылдан 3 жылға дейін (2-сурет).

Hh.kz-те орналастырылған бос орындардың жұмыс тәжірибесіне қатысты талаптарға арақатынасы

                                                                                 

2-сурет

Еңбек нарығындағы жоғары бәсекелестікті ескере отырып, жұмысберушілер жас мамандарды оқытуға өз уақыты мен қаржысын «құрбан етуге» қимайды. Заманауи компанияларда әлеуетті қызметкердің «портреті» бар: еңбек өтілінің болуы, теориялық білімді тәжірибеде пайдалану, шешім қабылдау қабілеті, нәтижеге көзделу, жоғары білімнің болуы және т.б. Жоғары білім өз-өзімен сәтті жұмысқа орналасуға кепілдік береді.

ЖОО-ның 2014 жылғы 47 331 түлегі оқуды аяқтағаннан кейін бір жылдың ішінде жұмыс тапты. Бұл еліміз бойынша жұмысқа орналасқандардың жалпы санының 2,6%-ын құрады.  

ЖОО-ның «кешегі» түлектері білім беру, ақпарат және байланыс, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер салаларына, қаржы және сақтандыру қызметтеріне қабылданған 4-тен 4,6%-ға дейін құрады. Ауыл, орман және балық шаруашылықтары, құрылыс салаларында еңбек өтілін бастаған түлектер саны аз болды7 (3-сурет).

Қызмет салалары бойынша жұмысқа қабылданған ЖОО-ның 2014 жылғы түлектер саны,

3-сурет

Тиісті жұмыс өтілінің болмауы дипломы бар мамандарды жиі жұмыссыз қалдырады, ал «табыс табу» ұмтылысы қызмет саласын ауыстыруға мәжбүрлейді. Осылайша, ЖОО-ны аяқтағаннан кейін бірінші жылы жұмысқа қабылданған ЖОО-ның 2014 жылғы түлектерінің жалпы санының (47 331 адам) тек 12% ғана (5 595 адам) мамандығы бойынша орналасты. ЖОО-ның 2014 жылғы түлектердің 1/3 (14 535 адам) Алматы қаласында, солардың 32% (4 733 адам) мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Ақтөбе облысы дипломы бар жас мамандар үшін анағұрлым тартымсыз болды – 0,6% (318 адам) 7 (4-сурет).

ЖОО-ның 2014 жылғы жұмысқа орналасқан түлектердің мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан түлектерге арақатынасы

4-сурет

«Өз» мамандығы бойынша 2014 жылғы түлектер денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет саласында жұмыс істей бастады (18%) және   қаржылық және сақтандыру қызметімен айналыса бастады (18%)7 (5-сурет).

Жұмысқа орналасқан түлектердің жалпы санынан мамандық бойынша жұмысқа қабылданған ЖОО-ның 2014 жылғы түлектерінің саны (%)

5-сурет

Дипломы бар мамандардың көбісі мамандығы бойынша жұмыс істемейтіні үшін кәсіптік білім беру жүйесін жиі «кінәлайды».  Қоғамда мынандай пікір бар: жоғары білім беру жүйесі экономиканың «шынайы қажеттіліктеріне» нашар бағдарланған. Мамандар теңгерімсіздігінің келешегін дәл анықтап, сәйкесінше артық болған экономисттерді, заңгерлерді даярлауды қысқарту керек. Немесе, керісінше, инженерлерді даярлауды ұлғайту керек. Бұл, көп дәрежеде, ЖОО-да мемлекеттік тапсырыс бойынша білім алатындардың санына қатысты. Дегенмен, грантта оқитын студенттер түлектердің жалпы санының небәрі 20%-ын құрады.8

ЖОО-дағы оқытудың теориялық бағыттылығы да түлектердің жұмысқа орналасуында белгілі қиындықтарды тудырады. Экономика қажеттіліктерін, өндіріспен байланысты нығайтуды ескерумен мамандарды даярлау деңгейіне қол жеткізу үшін ЖОО-лар жұмысберушілермен бірлескен оқу курстарын әзірлейді, кәсіптік практика жүзеге асырылады. «Білім туралы» Заңында (2015ж.) мемлекеттің, жұмыс берушілердің және оқу орындарының жас мамандарды даярлаудағы жалпы жауапкершілігіне негізделген «корпоративтік оқыту» түсінігі бекітілді.

Тәжірибе «жинау» мүмкіндігі және практикадан өткен орында ары қарай жұмысқа орналасу ЖОО түлектері арасында жұмыссыздық деңгейін айтарлықтай төмендетуге көмектесетін еді. Өкінішке орай, студенттер практикаға ресми түрде ғана қарауы жиі кездеседі.

Сонымен қатар, ізденушінің жұмысты іздеу мерзіміне, Spb.rabota.ru порталының пікірінші, білім деңгейі әсер етеді. Жоғары білімі бар үміткерлер жұмысты бәрінен ұзақ іздейді – 3 айға дейін, ал орта білімі бар үміткер жұмысты 2 айда, колледж түлегі 2,3 айда табады9.

Түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші – әлем ЖОО қызметін бағалау критерийлерінің бірі. ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасудың 2015 жылғы жаһандық рейтингі (Global Employability University Ranking-2015)10 бойынша Гарвард (АҚШ), Кембридж және Оксфорд (Ұлыбритания) университеттері анағұрлым тиімді болды. АҚШ және Ұлыбританияның ЖОО осы рейтингтің 50 үздік университеттерінің басым бөлігін құрады (6-сурет).

Университеттері ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасудың 2015 жылғы жаһандық рейтингінің 50 үздік университеттеріне кірген мемлекеттер

6-сурет

2013ж. 49-орыннан 2014ж. 17-орынға, биыл 17-орынға көтерілген Сингапурдың Ұлттық Университетін (СҰУ) рейтингтің «жыл жетістігі» деп атауға болады. СҰУ табыстылығы 200 үздік студенттің Силикон алқабында, Нью-Йоркте, Стокгольмде, Бежинде, Шанхайда және Израильде жыл сайын тағлымдамадан өтумен түсіндіріледі. Тағлымадан өту барысында студенттер 6 ай бойы жұмысын енді бастаған компанияларда жұмыс істейді, кешкі уақытта кәсіпкерлік сабақтарына қатысады. Тағлымдама аяқталғаннан кейін студенттер тәжірибе алмасады және өз бизнес өнімін әзірлеуге міндетті. Осылайша, 2001 жылдан бағдарлама жүзеге асырғаннан 350 компания ашылды, олар әлі күнге дейін жұмыс істейді.11

Елдің жас мамандары – ЖОО-ның 2014 жылғы түлектері, олар кімдер?

2010 жылы талапкерлердің басым бөлігі (85%) экономикалық, техникалық, құқықтық және педагогикалық мамандықтарды таңдады. 82%-ы мамандығы бойынша диплом алған «техникалық мамандықтың иегерлері» ЖОО-ға түскендердің арасында мақсатқа ең бағытталғыш болды. «Экономисттер» мен «заңгерлердің» шамамен 1/3 бөлігі ЖОО-да оқуды аяқтамады. Өз кезегінде, еңбек нарығында құқықтық және педагогикалық факультеттердің түлектері анағұрлым сұранысқа ие болып шықты (7-сурет). Ветеренария мамандықтары студенттерінің статистикасы қызық. Олар 2010 жылы оқуға қабылданғандардың жалпы санының 0,5% құрады, он студенттің тоғызы ЖОО-ны аяқтап, жұмысқа орналасты.12

ЖОО-ны аяқтағаннан кейін жұмысқа бірінші жылы орналасу мәселесінде өсімдіктер карантині және өсімдіктерді қорғау, сонымен қатар көлік тасымалын, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандықтары бойынша дипломы бар мамандар анағұрлым сәтсіз болды.

2010 жылы ЖОО-ға қабылданған студенттердің контингенті, 2014 жылғы түлектер және жұмысқа орналасқандар (адам)

7-сурет

Жалпы алғанда, ЗТМО деректерімен дәлелденген, Қазақстан бойынша ЖОО-ның 2014 жылғы түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 75% құрады.13 Білім беру гранттары иегерлерінің арасында жұмысқа орналасқандардың үлесі 84% құрады (8-сурет).12

2010 жылы гранттар техникалық, педагогикалық және медициналық мамандықтарға басымырақ бөлінді. Техникалық мамандықтар «грант иегерлерінің» 94%-ы мамандығы бойынша диплом алды, ал әр төртінші педагог пен медик оқу барысында «жоғалды». 12

Мемлекеттік тапсырыс бойынша студенттердің контингенті, 2010 жылы ЖОО-ға қабылданғандар және жұмысқа орналасқандар (адам)

8-сурет

Түлектерді жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін Қазақстанда «Дипломмен ауылға!», «Жастар практикасы», «Жастардың кадрлық резерві» бағдарламалары жүзеге асырылады.

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы 70 АЕК көлемінде бірмезгілді көтермеақы, 15 жылдық мерзімге арналған бюджеттік несие және еңбекақыға қоса берілетін 25% үстемақыны қарастырады. Бағдарламаның бес жылда жүзеге асырылуы барысында қаладан ауылға 30 667 жас маман барды (9-сурет).17

«Дипломмен ауылға!» бағдарламасымен қызмет саласы бойынша мамандардың саны (адам)

9-сурет

Жас мамандардың сәтті әлеуметтенуі, кәсіптік тәжірибе алу, өзін-өзі көрсету және бұдан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігін алу мақсатында, мемлекет түлектерге «Жастар практикасы» бағдарламасын да ұсынады.  Еңбекақы 6 ай бойы мемлекеттік бюджет есебінен төленеді (2015ж. 18 АЕК немесе 35 676 теңге). Жұмысберуші үшін бұл әлеуетті қызметкердің қабілетін анықтауға және оны ұйымның талаптарына бейімдеуге мүмкіндік береді.18 2015 жылғы 1 шілдеге дейін жастар практикасына қатысу арқылы оқу орындарының 4,8 мың түлегі жұмыс тәжірибесін жинады.19

ҚР Білім және ғылым министрлігінің және «Нұр Отан» партиясының қолдауымен "Жастар кадрлық резерві" жобасы жүзеге асырылады, ол жас әрі талантты қазақстандықтардан еліміздің басқару кадрларын анықтауға, іріктеуге, даярлауға және тәрбиелеуге бағытталды. Жобаның 6 жылдық жүзеге асырылуы мерзімінде 10 мыңнан астам жас маман оған қатысуға өтінім берді. 372 адам ашық конкурстық іріктеуден, тестілеуден, әртүрлі ұйымдарда тағлымдамадан өтті. Жобаға қатысудың қорытындылары бойынша қатысушылардың 40% астамы жұмыс орнын ауыстырды, жартысынан астамы аудандық деңгейден облыстық деңгейге, қалалық/облыстық деңгейден республикалық деңгейге алмастырылды.20

Қазақстандық жас мамандарға айтарлықтай қолдау көрсететін, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен бағдарламалардан басқа мәселені шешуде халықаралық тәжірибеге назар аудару керек. Түлектерді жұмысқа алатын жұмысберушілерге салық жеңілдіктерін немесе қаржылай көмек көрсету ұтымды құралдардың бірі болып табылады. Бұндай шара Францияда кеңінен қолданылады. Осылайша, «Жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі қызметті дамыту туралы» француз декретіне сәйкес жұмысберушіге жыл сайын қаржылай көмек көрсетіледі, бұған қоса ол тиісті жұмыс орнын құрған мерзімнен бастап 5 жыл бойы беріледі. Польшада салықтық жеңілдіктер жыл бойы тек жұмысберушіге ғана емес, сонымен қатар түлекке де беріледі. Чехияда салықтық жеңілдіктер ЖОО түлектеріне жаңа жұмыс орындарын ашқан жұмысберушілерге беріледі.14

Сонымен бірге, ЖОО түлектерін жұмыспен қамтудың тиімді шараларының бірі кәсіптік бағдар беру болып табылады. Кәсіптік бағдар беру жөніндегі шараларды тек жоғары білім беру жүйесінде ғана емес, сонымен қатар орта білім беру жүйесінде де күшейту керек. Студенттің бірінші курстың өзінде-ақ мамандық таңдауда қателескенін түсінеді. Superjob  порталының зерттеу орталығы 7 100 маман арасында 22 мамандық бойынша өткізген сауалнамасының нәтижелері кәсіптік бағдар беру жұмысын өткізудің тиімділігін дәлелдейді. Бұл зерттеуге сәйкес экономисттердің үштен бір бөлігінен астамы «таңдау мүмкіндігі қайта берілген жағдайда, бұл мамандықты таңдамайтын еді»; экологтар да осы мүмкіндікті пайдаланар еді. Өзінің қызмет саласына анағұрлым қанағаттанатын сәулетшілер арасында да шамамен әр бесінші таңдаған мамандығына онша мәз емес.15 Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры Александр Шмелевтің пікірінше, «өзінікі емес» мамандықты таңдаудың тәуекелін төмендетуге кәсіптік тесттер көмектеседі, олар ойлау типін, психикасының ерекшеліктерін, қызығушылықтарын және бейімділіктерін, ой-өрісінің деңгейін, көру абстракт логиканы, зейін қою және тұлғалық типін анықтауға мүмкіндік береді.16

Жоғарыда айтылғанның бәрін қорытындылай келе, келесіні атап өткен жөн:

  • Колледж және ЖОО дипломы бар жастардың арасында жұмыссыздар анағұрлым аз.
  • Жұмысберушілердің тек 16% ғана тәжірибесіз үміткерлерді жұмысқа алуға дайын.
  • ЖОО түлектерінің басым бөлігі білім беру, ақпарат пен байланыс, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер, қаржы және сақтандыру қызметтері салаларына жұмысқа орналасты.
  • Жұмысқа орналасқан 2014 жылғы түлектердің жалпы санынан тек 12% ғана мамандық бойынша жұмысқа алынды.  
  • ЖОО-ның 2014 жылғы түлектердің 1/3 бөлігі Алматы қаласына жұмысқа тұрды. Ақтөбе облысы дипломы бар жас мамандар үшін анағұрлым тартымсыз болды;
  • 2010 жылы талапкерлердің 85%-ы экономикалық, техникалық, құқықтық және педагогикалық мамандықтарды таңдады;
  • 2014 жылы дипломға «жеткендердің» пайызы техникалық мамандықтардың студенттері арасында жоғары болды, ал «экономисттер» мен «заңгерлердің» шамамен 1/3 бөлігі ЖОО-да оқуды аяқтамады;
  • Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері арасында ЖОО-ның 2014 жылғы жұмысқа орналасқан түлектердің көрсеткіші Қазақстан бойынша 75% және 84% құрады; 
  • Қазақстан ЖОО-ның шамамен 36 000 түлектері жас мамандарды жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асырылуы мерзімінде жұмысқа орналасты;
  • Халықаралық тәжірибеде түлектерді жұмыспен қамту мәселесін шешудің тиімді шараларының бірі жұмысберушілерге салықтық жеңілдіктер беру және қаржылай көмек көрсету болып табылады.   

  1. 2001-2014 жылдары ҚР өңірлері мен білім деңгейлері бойынша жастар (15-28 жастағы) еңбек нарығының негізгі индикаторлары. http://stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeNumbersLabor?_afrLoop=20909039697086249#%40%3F_afrLoop%3D20909039697086249%26_adf.ctrl-state%3Dkdzv2y9m4_50
  2. Ресей Федерациясындағы 2015 жылғы шілдедегі жұмыссыздық мен жұмыспен қамтылу.  http://www.gks.ru/bgd/free/B04_03/IssWWW.exe/Stg/d06/168.htm
  3. Head Hunter. http://hh.kz Сайтты пайдаланған мерзім: 23.11.2015ж.
  4. Қазақстан Республикасында жалданбалы қызметкерлер уақытының күнтізбелік қорын пайдалану және жұмыс күші қозғалысының жинағы, 2014ж. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті. http://stat.gov.kz/faces/wcnav_externalId/homeNumbersLabor?_afrLoop=20909039697086249#%40%3F_afrLoop%3D20909039697086249%26_adf.ctrl-state%3Dkdzv2y9m4_50
  5.  3-НК есебінің деректері (2010 жыл, 2014 жыл).
  6. Жұмысты әдетте қанша уақыт іздейді? http://spb.rabota.ru/issledovanija/rezultaty_oprosov/skolko_vremeni_obychno_ischut_rabotu_.html 
  7. Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесінің деректері. ҚР БҒМ.
  8. Сенаторды Қазақстан жастарының жұмыссыздық деңгейі  мазалайды.  http://www.kazpravda.kz/rubric/obshchestvo/senator-obespokoena-urovnem-bezrabotitsi-sredi-molodezhi-v-kazahstane/
  9. Түлектердің жұмысқа орналасуына қолдау көрсету саласындағы халықаралық тәжірибелерге шолу және олардың ресейлік жағдайда сабақтастығын бағалау. http://www.deloros.ru/FILEB/fin-1.pdf
  10. Экономистер, технологтар және экологтар арасында таңдаған мамандығына көңілдері толатындар азшылық. http://www.superjob.ru/research/articles/111726/menshe-vsego-dovolnyh-vyborom-professii-sredi-ekonomistov-tehnologov-i-ekologov/
  11. Кәсіптік бағдар берудің әртүрлі әдістерінің көмегімен жол таңдау. Әр түрлі мамандарға кәсіптік бағдар беру жөніндегі тесттер. http://proforientation.ru/vybor-puti.html
  12.  24,8 мың жастар ҚР-да 2015 жылы жұмысқа тұрды. http://forbes.kz/news/2015/08/20/newsid_94528
  13. Қазақстанда «Жастардың кадрлық резерві» жобасы басталды http://www.zakon.kz/4726931-v-kazakhstane-startoval-proekt.html