You are here

Қазақстандықтардың дағдыларын алғаш рет 2017 жылы бағалайды

Printer-friendly versionPDF version

Жоба: 

«Открытая школа» журналы, №3, 2015ж.

PIAAC деген не?

Біз қоғамның түбегейлі өзгерістер заманында өмір сүріп келеміз. Нарық пен еңбек жағдайы күннен күнге өзгеріп жатыр. Жай ғана білім ала қоймай, ол білімді тәжірибеде тиімді қолдану табысты адамның кепілі болып табылады. Халықаралық зерттеулер оқу және математикалық дағдылары төмен адамдар еңбек нарығынан тыс жерде қалатынын, арнайы біліктілікті қажет етпейтін немесе уақытша жұмысты атқаратынын көрсетеді. Оқу сауаттылығы деңгейінің төмен болуы жұмыссыздықтың тәуекелін екі есеге арттырады. 

Сонымен қатар, ақпараттық технологияларды қолдану қабілеті адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналды. Бұл тренд Қазақстанда да байқалады. Елдің интернет-пайдаланушылардың саны соңғы он жылда 64,1%-ға артты. Қазақстандық кәсіпорындардың 58%-нан астамы компьютерленді. Электронды қызметтер саласы қарқынды дамуда. Қазақстанда электронды үкімет порталын іске қосылғаннан кейін 108 млн.-нан астам қызмет көрсетілді. Одан әрі қарқынды дамуды қамтамасыз ету үшін халық арасындағы дағдылардың деңгейі мен үлестіруді нақты түсіну керек. 

Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (ЭЫДҰ) 20 жыл бойы ересек адамдардың дағдыларын бағалап келеді. 2017 жылы қазақстандықтарға алғаш рет Ересектердің құзыретін бағалаудың халықаралық бағдарламасына (PIAAC) қосылуға бірегей мүмкіндігі ұсынылады. PIAAC - ересек халықтың (16-65 жас) базалық дағдыларын ірі халықаралық бағасы. PIAAC-та базалық дағдылар деп оқу, математикалық және ақпараттық сауаттылықты атайды. Олар жоғарғы деңгейлі дағдыларды дамытудың негізін құрайды. 

Барлық қатысушы-мемлекеттер бірдей тесттік тапсырмалар қолданады. Мемлекеттердің нәтижелері бірыңғай шкала бойынша көрсетіледі.

Зерттеудің құралдары екі блоктан - биографиялық сауалнама мен тесттік тапсырмалардын тұрады. Зерттеу компьютерлік форматта өткізіледі. Компьютерді қолдана алмайтын адамдар оны қағаз жүзінде өтеді. Зерттеуге қатысу үшін респондентке шамамен 2-3 сағат керек.  

PIAAC әлемде

Зерттеудің алғашқы нәтижелері базалық дағдылары жоғары дамыған қызметкерлердің жалақысы, төмен нәтижелер көрсеткедермен салыстырғанда, орташа есеппен 61%-ға артық болатынын көрсетті. Жұмыссыздық деңгейі төмен Норвегияда ересек халықтың тек 6,9%-ы ғана компьютерлік сауаттылық дамуының төмен деңгейін көрсетті.   

Дағдылар адамның әлеуметтік өміріне де әсер етеді. PIAAC нәтижелері бойынша базалық дағдылары нашар дамыған адамдар денсаулықтарына екі есе жиірек шағымданады және дәрігерлерге барады.  

Кейбір елдер үшін зерттеудің нәтижелері ересектердің сауаттылық деңгейін жоғарылату бойынша іс-шараларды шұғыл қолдануды қажет ететін күтпеген жағдай болды. АҚШ-тың нәтижелері, басқа елдермен салыстырғанда, халықтың оқу және математикалық сауаттылығының төмен деңгейін көрсетті. АҚШ-та ересек адамның 1/6 оқу сауаттылық деңгейі төмен. Жапонияда бұл көрсеткіш - 1/20.  Испания мен Италия ересектерінің 30%-ының  оқу және математикалық сауаттылық деңгейі төмен.  

Еуропалық елдердің қатарында жастар мен ересектер арасында дағдылардың деңгейі бойынша айтарлықтай айырмашылығы байқалады.  

PIAAC нәтижелері жарияланғаннан кейін кейбір мемлекеттер өмір бойы оқу жүйесін жетілдірудің нақты шараларын қолданды. Еуропалық комиссия Еуропада ересектерді оқыту мәселелері жөнінде көптілді электронды платформа (EPALE) әзірледі. Мақсаты - бүкіл Еуропаның әртүрлі мүдделі топтарының қарым-қатынасы мен тәжірибе алмасуы арқылы ересектердің білім сапасын жетілдіру.  

Эстонияда зерттеу нәтижелері Өмір бойы оқу стратегиясының негізі болды. Директивті органдар үшін бірқатар аналитикалық баяндамалар жарияланды. 

PIAAC маңыздылығы неде? 

Қазақстанда PIAAC-ті өткізу мемлекеттің еңбек ресурстарын бағалаудың бастапқы нүктесі болады. Зерттеу Қазақстанның ересек халқы қаншалықты бәсекеге қабілетті әрі қаншалықты құзыретті екенін бағалап қана қоймай, басқа жетекші елдермен салыстыруға да мүмкіндік береді. 

Ол қазір қолданылып жатқан білім беру жүйесі адамдарды еңбек нарығына қаншалық табысты даярлайтынын және олардың дағдыларына өмір бойы қаншалықты қолдау көрсетуге қабілетті екенін бағалауға көмектеседі. 

Зерттеуге қатысудың маңызды практикалық мағынасы бар. PIAAC Қазақстанның ересек халқының нақты дағдыларының кең статистикалық қорын құруға көмектеседі. Респонденттер туралы әлеуметтік-демографиялық мәліметтер дағдылар мен олардың дамуына әсер ететін бірқатар факторлардың байланысын жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. 

Дегенмен, PIAAC зерттеуінің мақсаты қазіргі жағдайды бағалап, талдау ғана емес, қазіргі жағдайды жетілдіру жөнінде нақты іс-шараларды ұсыну болып табылады.  

Алынған мәліметтер мақсаты мен міндеттері қазіргі танда нақты белгіленбеген, табысты жұмыс жасайтын өмір бойы оқу жүйесін жетілдірудің негізі болады. Өзекті дәлелдік қордың негізінде ересектерді оқыту саласындағы саясат пен саяси шешімдерді қабылдау жөнінде ұсыныстар жасалады. 


  1. Комитет по статистике МНЭ РК. Количество пользователей Интернет в возрасте 16-74 лет www.stat.gov.kz/getlmg?id=ESTAT095591
  2. Комитет по статистике МНЭ РК. Показатели использования информационно-коммуникационных технологий на предприятиях www.stat.gov.kz/getlmg?id=ESTAT095590
  3. Комитет по статистике МНЭ РК (2014). Казахстан в цифрах
  4. Сайт электронного правительства http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/portalsNews/n...
  5. European Comission (2013). The Survey of Adult Skills (PIAAC): Implications for education and training policies in Europe
  6. OECD (2013). OECD Skills Outlook 2013. First Results from the Survey of Adult Skills
  7. OECD (2013). Time for the U.S. to Reskill? What the Survey of Adult Skills Says.

 

 

Бас талдаушы, Халықаралық салғастырмалы зерттеулер департаменті