You are here

«Көк жағалылар» тағы сәнге айналды

Printer-friendly versionPDF version

Жұмысшы мамандығының иесі болу - қазіргі жастардың көбісі ойлайтындай қара жұмысшы боп, барлық ауыр жұмысты орындау деген емес. 21 ғасырда жұмысшының еңбегі мүлдем басқа сипат алуда. Одан жай тек қарапайым механикалық дағдылар ғана емес, сонымен бірге сын тұрғысынан ойлай білу, ерекше шешім тауып, тың идеялар ойлап табу және жылдам өзгеретін техника мен жабдыққа уақытылы бейімделу талап етіледі.

Біздің шындығымыз

Соңғы жылдары қоғамда жұмысшы мамандығын алу – абыройсыз деген пікір басым түсуде. Қазақстандық жастардың техникалық және кәсіптік білімге деген қызығушылығы тым төмен.

Осылайша, «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-мен өткізілген әлеуметтік зерттеу нәтижелері бойынша халықтың тек 22%-ы техникалық және кәсіптік білімді беделді деп санайды.

Ата-аналардың көбісі қырауар қаражатты, тіпті соңғы жинаған ақшаларын өз баласын жоғары оқу орнында оқыту үшін жұмсайды. Алайда бұл әрі қарай жұмысқа орналасу мен мансап бабында табысты өсудің кепілі бола бермейді. Жоғары оқу орындарының мыңдаған түлегі еңбек нарығында жұмысқа орналасу проблемасына тап болады. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің деректері бойынша 2014 жылы жоғары оқу орны түлектерінің 30%-нан астамы жұмысқа орналаса алмай қалды.

Сонымен бірге, жыл сайын мұнай, құрылыс және аграрлық секторда 20 000 мың жұмыс орны бос қалады, мұнда кәсіптік-техникалық білімі бар мамандар талап етіледі. Еңбек нарығының дамуына байланысты бес жылдық болжамға сәйкес, жұмыс мамандықтарына сұраныс әлі де өсе түседі[1].

Бос орындардың ақпараттық сайттарына шолу көрсеткендей, жұмыс берушілердің 30-нан 20-сы техникалық және қызмет көрсететін еңбектің мамандарын талап етеді. Дегенмен еңбек нарығындағы бұл орындар осындай мамандардың тапшылығы салдарынан бос қалуда.

Әлемдік тәжірибе

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, техникалық және кәсіптік білім берудің тиімді құрылған жүйесі экономиканың тұрақты дамуының және жұмыссыздықтың қысқаруының кепілі болып табылады. ЭЫДҰ елдерінде орта есеппен, 25-тен бастап 64 жасқа дейінгі ересек халықтың 50%-на жуығы ортадан кейінгі жоғары емес білімге ие. Атап айқтанда, Германияда аталмыш көрсеткіш 60%-қа жуық, Оңтүстік Кореяда - 45%-ке, ал Қазақстанда ол небәрі 33%-ке тең.

Германия кәсіптік-техникалық білім беру өте танымал болып табылатын елдердің жарқын мысалдарының бірі болып табылады. Мектеп түлектерінің 60%-на жуығы университетке қарағанда, колледжде білім алуды жөн көреді, себебі бұл кейіннен жұмысқа орналасуға кепіл береді. Осы елдегі ірі компаниялардың шамамен 90%-ы дуалдық білім шеңберінде білім алған көмекші шеберлерді жалдайды. 

PIAAC - 2012 халықаралық зерттеу нәтижелері көрсеткендей, АҚШ-та кәсіптік-техникалық білімі бар түлектер, жоғары оқу орнының түлектеріне қарағанда, жұмыссыздыққа аз ұшырайды. Нидерланд, Норвегия мен Швеция сияқты елдерде жұмысшылардың табысы олардың жоғары білімі бар замандастарының табыстарымен тең болуы мүмкін.

Көптеген жұмысшы мамандықтары мен қызмет көрсететін еңбектің мамандықтары шығармашылық болып табылады, бұл өз әлеуетін іске асыру мүмкіндігін береді. Нақты құрылысшы керемет әрі ерекше интерьер жасай отырып, дизайнердің идеясын шындыққа айналдырады. Бүгінгі аспаз - бұл жай ғана аспаз емес, ол – жасаушы, аспаздық бірегей туындылардың жасампазы. Бүкіл әлемге танымал болған және өз саласында аты аңызға айналған Х.Блюменталь, А.Дюкасс, Джеймс Оливер сынды шеф-аспаздардың көптеген жарқын мысалдары бар.                                                                                     

Қазақстандағы ТжКБ перспективалары

Қазақстандағы жұмыс берушілер ұсыныстарының талдауы көрсеткендей, жұмысшы мамандығы бар маман жоғары білім бар маман табатын жалақыға қол жеткізе алады. Мысалы, бүгінгі таңда жұмыс беруші өңірге байланысты автослесарьдің жұмысы үшін 70 000 бастап 150 000 теңгеге дейін төлеуге дайын. Ұңғымаларды бұрғылаушы 100 000 бастап 200 000 теңгеге дейін, шаштаразшы – 60 000 бастап 150 000 теңгеге дейін, жиһаз жинау жөніндегі маман – 150 000 жуық жалақы алады. Өз кезегінде, экономист, заңгер, жоба жөніндегі менеджерлердің жалақысы орта есеппен осындай ауқымда құбылады.

Кәсіптік-техникалық білім алу – бұл дегеніміз белгілі табысқа қолжеткізу мүмкіндігін өткізіп алу деген емес. Көрнекті саясаткерлер мен қайраткерлердің кейінгі табысты қызметі үшін дәл осы кәсіптік-техникалық білім жақсы бастама болған көптеген мысалдар бар. Айқын мысалдардың бірі – біздің еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев. Елбасымыз 1960 жылы Днепродзержинск қаласындағы Днепровск металлургия зауыты жанындағы кәсіптік-техникалық училищені бітірді. Өз қызметін Н.Ә. Назарбаев Қарағанды метталургия зауытынан бастаған еді. Нұрсұлтан Әбішұлы өз еңбек жолын дәл осы жұмысшы мамандығы – металлургтан бастады.

Басқа мысалдары да баршылық. Инвестициялар және даму жөніндегі министр Ә.О. Исекешев «құрастырушы слесарь» мамандығы бойынша №5 Орал арнайы кәсіптік-техникалық училищесін бітірді. Сол сияқты, С.М. Киров атындағы машина жасау зауытының бас директоры К.К. Ускенов Теміртау қаласындағы Қарағанды металлургия комбинатында 4-ші разрядты газ-электр дәнекерлеушісінен бастап ауылшаруашылығы басқармасының бас инженеріне дейінгі еңбек жолын өтті.  Өзінің алғашқы білімін ол кәсіптік-техникалық училищесінде «газ-электр дәнекерлеуші» мамандығы бойынша алған еді.

Осылайша, техникалық және кәсіптік білім жас қазақстандықтар үшін зор мүмкіндіктер мен перспективалар ашады. Өйткені мұндай білімнің айырықша ерекшелігі – мұнда басты назар қолданбалы білім мен дағдыларды алуға шоғырланған.

Қазіргі таңда мемлекетпен оқытудың дуалдық жүйесі енгізілуде, ол оқытудың 60%-ын тікелей өндірсте және тек 40%-ын - колледжде өткізуді көздейді. Сөйтіп, студент бола тұра, жастар жұмыс беруші алдында өзін жақсы жағынан көрсетіп, кейіннен осы кәсіпорынға жұмысқа орналаса алады. Одан басқа, мұндай оқыту еңбек нарығына барынша жақындатылған білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік береді, бұл мамандарды даярлау сапасын және оның қажеттілігін арттыра түседі.

«Серпін – 2050» бағдарламасының басталуы – бұл жастар үшін тек жұмысшы мамандығын алып қана қоймай, сонымен бірге мемлекеттен әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі. Бағдарлама, ең алдымен, студенттердің қажеттіліктері мен қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталған. Тегін баспана, стипендия және демалыста екі жаққа жол жүру ақысын төлеу көзделген.

Кәсіптік-техникалық білім беруде Қазақстанның WorldSkills International халықаралық қозғалысқа қосылуы – жарқын оқиға болды. Аталмыш қозғалыс өз ішінде әлемнің 70 елін біріктірді, оның мақсаты – бүкіл әлем бойынша үздік тәжірибелер мен кәсіптік стандарттарды үйлестіру арқылы кәсіптік білімнің беделін арттыру. Жылына екі рет жұмысшы мамандықтардың халықаралық конкурстары өткізіледі. Биылғы жылы Қазақстан алғаш рет Бразилияның Сан-Паулу қаласында өткен жарысқа қатысты. Түрлі әлем елдерінен келген үздік шеберлермен сынға түсе отырып, Қазақстанның құрамасы өзін әлемдік аренада лайықты көрсете білді. Мынадай номенациялар бойынша 4 медальға ие болды: «Токарь ісі», «Мейрамхана ісі (Аспаз)», «Ұлт үздігі», «WorldSkills International үздік сарапшысы» Мұндай ауқымды жобаға қатысу біздің студенттерге халықаралық тәжірибені меңгеру, өзін көрсету және басқа да жоғары білікті мамандармен салыстырудың бірегей мүмкіндігі беріледі. 

Бәріне мәлім, Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім берудің дамуында оң үрдістер байқалуда. Алайда ТжКБ мәртебесі мен беделі қоғамның өзі оған деген көзқарасын өзгерткен жағдайда ғана арта түседі.


[1] http://erkindik.kz/nuzhnyie-rabotniki-stolyaryi-i-plotniki/

 

Менеджер, Бағдарламалық құжаттардың мониторингі департаменті