You are here

ЛАҢКЕСТІК ҚҰБЫЛЫСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЕМЕС

Printer-friendly versionPDF version

Лаңкестік құбылысы мектептегі білім беру жүйесімен байланысты емес деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астанада ОКҚ брифинг барысында "Ақпараттық-талдау орталығы "АҚ президенті Серік Ырсалиев мәлімдеді.

Сарапшының айтуынша, қазіргі уақытта мектептің бағдарламасына өмірдегі жалпы адами құндылықтарды және басқыншылықтың кез келген түрін танытуды абсолюттік қабылдамауды насихаттайтын  пәнді енгізу қажеттілігі жоқ. Білім беру жүйесіне "дені сау адамға теріс іс-әрекеттерге ешқашан итермейтін өмірге төзімділіктің негізін қалайтын" барлық қажетті компоненттер мен элементтер салынды деп санайды Ырсалиев. "

"Көптеген зерттеушілер салафизм идеологиясын (және оның шекті түрі джихадизмді) ұстанушылар және оны практикада жүзеге асырушылар білім беру жүйесінде гуманитарлық құндылықтарды толықтай алмаған адамдар деп санайды. Бұл - қылмыстық ортаның жанында болған, жастайынан құқық бұзушылыққа бейім болған адамдар. Бірақ бұндай адамның ойына оған қызықты әрі әділ болып көрінетін идеялар келгенде, осы идеялар қылмыстық ортаның жанында алған идеяларды жүзеге асыруға итермелегенде, өлтіруге дейін баратын адамдар пайда болады. ... Бірақ лаңкестік құбылысы білім беру жүйесінде жоқ нәрсемен байланысты емес. Бұнда көпфакторлы талдау жасау керек", -  деп атап көрсетті "Ақпараттық-талдау орталығы" АҚ басшысы.

ЭЫДҰ сарапшыларына сілтеме жасап, Ырсалиев кеңес үкіметінен кейінгі кеңістік аумағында болып жатқан лаңкестік саяси және қылмыс элементтерімен байланысты деп қосты. Ал діни лаңкестік Солтүстік және Орталық Африка мемлекеттерінде, сонымен қатар Магриб елдерінде анағұрлым кең таралды.   

"Заманауи әлем өте күрделі, ақпарат шамамен әр жылы екі еселенеді. Біздің өмірімізде бізге ұнайтын және ұнамайтын өте көп оқиғалар болады. Егер осындай әр құбылысқа жекелеген пән енгізетін болсақ, бағдарламамыз қандай болатынын елестетіңіздерші. Өткен ғасырдың 80-жылдарының өзінде-ақ дамыған елдер білім беру жүйелерінде мынадай қадам жасады. Олар қазіргі уақытта заманауи әлемнің сын-қатерлеріне жауап беретін жаңа пәндерді енгізу пайдасыз деп түсінді. Әлем өте тез өзгермелі болды және көп адамдар әлем  алдын ала болжауға келмейтіндей болды деп айтады. Және осының бәрін оқу жоспарында және бағдарламада қарастыру мүмкін емес. Сондықтан олар басқа жолды таңдады. Олар "біздің балаға бұл үлкен ақпарат ағымында өз бетінше бағдарлануға мүмкіндік беретін білім беру жүйесін құрайық, балаға ақпаратты іріктеуге, талдауға, құрылымдауға және өз өмірінде тиімді пайдалануға үйретейік" деді, - деп қорытындылады сарапшы. Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz