You are here

Мұғалімнің БЕДЕЛІН ҚАЛАЙ АРТТЫРУҒА БОЛАДЫ?

Printer-friendly versionPDF version

«Открытая школа» газеті, 2015 жылғы қаңтар.

Мұғалім беделінің төмен болуы әлемнің көптеген елдерінде өзекті мәселе болып тұр. Жалақының төмен болуы, құрмет пен моральдық көтермелеудің жетіспеушілігі мамандық беделінің төмендігін айқындайтын факторлардың бірі болып табылады. Осылайша, 2012ж. ЭЫДҰ елдерінің мектепке дейінгі білім беру саласындағы мұғалімнің жалақысы жоғары білімі бар басқа мамандықтары өкілдері жалақысының 80%-на сәйкес келсе, бастауыш білім беруде - 85%, негізгі орта білім беру саласында ол 88%-ды құрады. Бұдан басқа, 2009-2012жж. ЭЫДҰ елдерінің барлық білім беру кезеңдеріндегі мұғалімдердің орта жалақысы 5%-ға төмендеді (OECD, 2014а).

Қоғамда мұғалімге деген құрмет пен оның құндылығы төмендеуде. Мұғалім кәсібінің мәртебесі мен беделінің жаһандық индексіне сәйкес (2013), ересектердің 27%-ы ғана балалар мұғалімдерді сыйлайды деп санайды. Ересектердің тең жартысы баланың педагогикалық мамандықты тандауын қолдамайтын еді (Dolton & Marcenaro-Gutierrez, 2013). 2008ж. TALIS педагогикалық корпусын халықаралық зерттеу нәтижелері мұғалімдердің 60% өз мамандығының құндылығына сенді деп көрсетті, 2013ж. бұл көрсеткіш 33%-ға дейін төмендеді (OECD, 2014c).

Мұғалімдерді моральдық ынталандыру мұғалімдердің жұмыспен қанағаттануды мен кәсіби дамуын ынталандыруды жоғарылатуға мүмкіндік береді. Дегенмен, мұғалімдердің үштен екі бөлігі үздік мұғалімдер өзінің жетістіктері үшін лайықты құрметке кенелмейді деп санайды. Мұғалімдердің 13% ешқашанда марапатталмаған, ал 75%-ы өз жұмысының сапасын жақсартуы лайықты назарға алынбайтынына сенімді (OECD, 2012; OECD, 2014c).

Мұғалімдердің жалақы мен еңбек жағдайына қанағаттану деңгейінің төмендігі кадрлық ағымдылыққа әкеліп соқтыруы мүмкін. Ұлыбританияда 2011ж. 10 мұғалімнің 4-і мамандығын жұмысының бірінші жылынан кейін-ақ тастады, ал шамамен 11 мың түлек педагогтар кәсіби қызметін мүлдем бастамады (Weale, 2015). АҚШ-та бес жылдық мерзімде кадрлар ағымдылық 50%-ды құрайды (Phillips, 2015). Бұл жағдайда, мұғалімдердің жылдық жалақысының 25%-ы мемлекеттік бюджет шығындарына теңестіріледі (Texas Center for Educational Research, 2000). АҚШ-та педагогикалық кадрлардың ағымдылығы себебінен жылдық шығын шамамен $2 млрд. құрайды (Phillips, 2015). Егер осы формуланы қолдансақ, Қазақстанда мұғалімдердің 1%-ының мамандықтан кетуі жарты миллиард тенге тұратын болады. Бұл қаражатқа балабақша салуға және балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз етуге болады. Дегенмен бүгін шынайы шығындарды санау қиын, өйткені Қазақстанда кадрлар ағымдылығының статистикасы ұлттық деңгейде жүргізілмейді. 

Педагогикалық мамандықтың мәртебесі мәселесі Қазақстан үшін де өзекті. Осылайша, Қазақстанда мұғалім жалақысы ел бойынша орташа жалақысынан екі есе кем (мектепке дейінгі білім беру саласындағы мұғалімнің орташа жалақысы – 62 359 тг., негізгі орта білімде – 73 199 тг.). 2015ж. бірінші тоқсанында ел бойынша орташа жалақысы 118 638 тг. құрады (ҚР статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша).

Төмен жалақы салаға талантты және қабілетті жастарды тартуға мүмкіндік бермейді. Қазақстанда 2015ж. 2116 "Алтын белгі" иегерінің тек 7%-ы ғана білім беру саласының мамандықтарын тандады (Каз.правда, 2015 жылғы 11 тамыз). Педагогикалық мамандықтарға берілетін мемлекеттік грант алу үшін ҰБТ шекті балының төмен болуы мамандыққа қызығушылық танытпайтын жастар ағымының себебі болып отыр. Осылайша, 2015ж. білім беру мамандықтарының орташа шекті балы 76 балды құрады. Ал "Әлеуметтік ғылымдар, экономика мен бизнес" мамандығының орташа шекті балы 92 балды құрады (Testent.ru). Дегенмен, диплом ала отырып, педагогикалық жоғары білім беру мекемелерінің түлектерінің көбі мамандықтары бойынша жұмыс істеуге бармайды. Қазақстанда 2015ж. педагогикалық мамандықтар түлектерінің тек 35%-ы ғана оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасты (ҚР БҒМ, Жоғары білімді басқарудың бірыңғай жүйесінің әкімшілік есептің мәліметтері бойынша). 

Сол уақытта, болашақ ұрпақты қалыптастыру мұғалімнің қолында. Тарихтағы көптеген ұлылар өз жетістіктеріне мұғалімдерінің арқасында қол жеткізді. Әйгілі композитор Людвиг Ван Бетховен өзінің алғашқы шығармасын 12 жасында өз мұғалімінің көмегімен жарыққа шығарды. Мектеп мұғалімі Исаак Ньютонның сирек қабілетін байқап, оны анасы мектептен біржола алып кеткісі келгенде, анасын баланың оқуды жалғастыруына көндірді. Галилео Галилей тек ұлы ғалым ғана болмаған, ол мұғалім де болды. Оның шәкірттерінің арасында биомеханиканың негізін қалаушы, бүкіләлемдік тартылыс күші заңын алғашқы болып тұжырымдаған  Борелли, әйгілі физик және өнертапқыш Торричелли де болды.

Кейбір мемлекеттер мұғалім мәртебесінің төмен болуы мәселесін шешіп, бұл мамандықты беделді мамандықтардың біріне айналдыра алды. Мұғалімнің беделі Финляндияда, Сингапурде, Оңтүстік Кореяда жоғары. Жоғары жалақы мен еңбек жағдайы мамандықтың жастар арасындағы тартымдылығын арттырады. Педагогикалық мамандықтардың байқауы бұл елдерде бір орынға 10 адамға дейін жетеді. Сонымен қатар, педагогикалық мамандықтарға үміткерлерге де жоғары талаптар қойылады. Арнайы емтихандар мен тестілеу арқылы талапкерлердің кәсіби жарамдылығын бағалау тәжірибесі кең таралған. Педагогикалық мамандықтарға қабылдау кезінде артықшылықтар мектептердің үздік түлектеріне беріледіСингапурда мектептердің үздік түлектерінің үштен бір бөлігі, ал Финляндияда – бестен бір бөлігі ғана педагогикалық мамандықтарға қабылданады. Финляндияда мұғалімнің кәсіби деңгейіне де жоғары талаптар қойылады: барлық мұғалімдердің магистр дәрежесі болуы керек. Сингапурда әр 3-5 жылда мамандығын тастамаған мұғалімдерге $10 мың – 36 мың сыйлықақы беріледі. Бұдан басқа, қызметтегі жетістіктер үшін ақшалай өтемақылар қарастырылған (Auguste, Kihn, & Miller, 2010).

Жоғарыда аталған мемлекеттерде мамандықтың мәртебесін жоғарылату және күшті  педагогикалық құрамды қалыптастыру балалардың мектептегі оқу үлгерімінің жоғарылауын қамтамасыз етті. Осылайша, Сингапур, Оңтүстік Корея және Финляндияның оқушылары PISA 2012 халықаралық зерттеуінде математикалық сауаттылық, жаратылыстану және оқу бойынша жоғары нәтижелер көрсетті. PISA 2012 нәтижелері Сингапурды 2-орынға, Оңтүстік Кореяны 5-орынға, Финляндияны 12-орынға анықтады (OECD, 2014b). Солай бола тұра, Финляндия оқушыларының оқу үлгерімінің жетістіктері 2090ж. дейін  Мексика - 2 155%, Греция – 1 073%, Түркия – 1 673%  сияқты елдердің жалпы ішкі өнімді (OECD, 2010) көтеруге мүмкіндік береді.  

Жоғарыда аталған елдердің тәжірибесі әлемде мұғалім кәсібінің құндылығы мен беделін арттырудың мысалы болды. Қазіргі кезде ЭЫДҰ 27 мемлекетінде педагогикалық мамандықтарға іріктеудің селективті критерийлері қолданылады, 22 елде мектепте жұмыс істеу үшін магистр дәрежесі қажет (OECD, 2014a). Мамандықтың беделін жоғарылату үшін Еуропа елдерінде  мұғалімнің қоғамдағы мәні туралы ақпараттық кампанияларға ерекше тірек жасалады. Мысалы, 2015ж. Францияда педагогикалық мамандықтар туралы промо-роликтер 24 телеарнада көрсетілді. Латвияда бейнероликтермен қатар, қоғамдық көліктерде ақпараттық постерлер қарастырылды (Eurydice, 2015). АҚШ-та мектеп түлектерін педагогикалық мамандықтармен танысу және кәсіптік бағдар берудің әртүрлі бағдарламалары ұсынылады. Еуропа мен АҚШ-та бастаушы мұғалімдерді қолдау бағдарламалары кең таралған. Осындай бағдарламалар ЭЫДҰ 9 мемлекетінде бастаушы мұғалімдер үшін міндетті болып табылады (Eurydice, 2012). Ресейде 2012ж. В.В.Путин мұғалімдердің жалақысын аймақтар бойынша орташа жалақыға дейін жоғарылату туралы жарлыққа қол қойды (RG.ru).

Қазақстанда да табысты кәсіби қызмет үшін мұғалімдерді марапаттау іс-шаралары да бар. Мысалы, 2015ж. 48 педагог «Үздік педагог» төсбелгісімен марапатталып, шамамен 2 млн. тенге сыйлықақы алды (Today.kz). Сол жылы Павлодар облысының жергілікті атқарушы органдары төрт мұғалімге жұмыстағы табыстары үшін автокөліктің кілтін табыстады (Profinance.kz). Олардың арасында оқушысы химия пәнінен 48-Халықаралық Менделеев олимпиадасында күміс жүлдеге ие болған жас педагог те бар (Tengrinews.kz). Ауыл аймақтарда педагогикалық мамандықтың беделін жоғарылатуға да баса назар аударылады. Ауыл аймақтаға мұғалімнің жалақысы қаладағыдан 25%-ға артық (ҚР "Білім туралы" заңы). Бұдан басқа, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің тапсырмасы бойынша мұғалімдердің жалақысын 43-66%-ға жоғарылату қарастырылды (Forbes.kz).

Кадрлар ағымдылығын ұлттық деңгейде есептеуді енгізу керек. Бүгін Қазақстанда кадрлар ағымдылығы жөніндегі статистика ұлттық деңгейде жүргізілмейді. Осындай мәліметтердің жоқтығы ағымдағы жағдайды, мәселелер мен мамандықтан кету себептерін айқындауға мүмкіндік бермейді. Ал бұл мұғалімнің беделін жоғарылату үшін қажетті іс-шараларды анықтауға мүмкіндік бермейді. 

Қазіргі танда Қазақстанда мұғалімнің қоғамдағы беделі туралы нақты мәліметтер жоқ. Халықаралық деңгейде педагогикалық мамандықтың мәртебесін бағалауға мүмкіндік беретін құрал бар. TALIS педагогикалық корпусты халықаралық зерттеу шеңберінде ЭЫДҰ мұғалімдердің жұмыспен қанағаттануын, еңбек жағдайын, мұғалімдерді ынталандыру тәжірибесінің оқыту сапасын жақсартуға әсерін және т.б. бағалайды. Зерттеу нәтижелері мұғалімдердің 91%-ы жалпы алғанда өз жұмысына қанағаттанады, ал 78%-ы осы мамандықты қайта тандайтындарына сенімді екендерін көрсетті (OECD, 2014). Қазақстанның бұл зерттеуге қатысуы елдегі педагогикалық мамандықтың құндылығын анықтауға, әлсіз жақтарды анықтауға және жағдайды жақсарту үшін  қажетті іс-шараларды анықтауға мүмкіндік беретін еді. 


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

В Павлодаре лучшим учителям подарили автомобили. (2014, 26 августа), Profinance.kz. Retrieved from  http://profinance.kz/news/novosti_dlya_koshelka/v_pavlodare_luchshim_uchitelyam_

Закон Республики Казахстан «Об образовании» от 27 июля 2007 года № 319-III.

Зарплаты учителей вырастут с 2016 на 43-66%. (2015, 1 октября), Forbes.kz. Retrieved from http://forbes.kz/news/2015/10/01/newsid_97847

Лучшие педагоги Казахстана получили по 1,9 миллиона тенге. (2015, 1 октября), Today.kz. Retrieved from http://today.kz/news/life/2015-10-01/628049-lucsie-pedagogi-kazahstana-p...

Министерство Образования и Науки Республики Казахстан. Единая система управления высшего образования.

Средние баллы для получения образовательного гранта в 2015 году. Retrieved from http://testent.ru/publ/informacionnii_razdel/granty_v_kazakhstane/sredni...

Стали известны имена обладателей образовательных грантов-2015. (2015, 11 августа), Казахстанская правда. Retrieved from http://www.kazpravda.kz/rubric/obshchestvo/stali-izvestni-imena-obladatelei-obrazovatelnih-grantov-2015/

Указ Президента Российской Федерации от 7 мая 2012 года N 597. (2012, 9 мая), RG.ru. Retrieved from http://www.rg.ru/2012/05/09/soc-polit-dok.html

Школьник из Павлодара завоевал серебро на Менделеевской олимпиаде в Москве. (2014, 19 мая), Tengrinews.kz. Retrieved from http://tengrinews.kz/kazakhstan_news/shkolnik-pavlodara-zavoeval-serebro-mendeleevskoy-olimpiade-255560/

Auguste, B., Kihn, P. & Miller, M. (2010). Closing the talent gap: Attracting and retaining top-third graduates to careers in teaching. McKinsey&Company

Coughlan, S. (2012, March 14). Raise teacher status to improve schools, says OECD. BBC News, Retrieved from http://www.bbc.com/news/education-17357646.

Dolton, P. & Marcenaro-Gutierrez, O. (2013). Global Teacher Status Index 2013. Varkey GEMS Foundation.

European Commission/EACEA/Eurydice. (2012). Key Data on Education in Europe. 2012 Edition. Eurydice Report. Luxembourg: Publications Office of the European Union

European Commission/EACEA/Eurydice. (2015). The Teaching Profession in Europe: Practices, Perceptions, and Policies. Eurydice Report. Luxembourg: Publications Office of the European Union

OECD. (2010). The High Cost of Low Educational Performance: The Long-run Economic Impact of Improving PISA Outcomes. Paris, Organisation for Economic Co-operation and Development.

OECD. (2012). Teaching in Focus: Are Teachers Getting the Recognition They Deserve? Retrieved from http://www.oecd.org/edu/school/50446648.pdf

OECD. (2014a). Education at a Glance 2014: OECD Indicators. Paris, Organisation for Economic Co-operation and Development.

OECD. (2014b). PISA 2012 Results in Focus: What 15-year-olds know and what they can do with what they know. Paris, Organisation for Economic Co-operation and Development.

OECD. (2014c). TALIS 2013 Results: An International Perspective on Teaching and Learning. Paris, Organisation for Economic Co-operation and Development.

Phillips, O. (2015, March 30). Revolving door of teachers. NPR, Retrieved from  http://www.npr.org/sections/ed/2015/03/30/395322012/the-hidden-costs-of-teacher-turnover

Texas Center for Educational Research. (2000). The Cost of Teacher Turnover. Prepared for the Texas State Board for Educator Certification

Weale, S. (2015, March 31). Four in 10 new teachers quit within a year. The Guardian, Retrieved from http://www.theguardian.com/education/2015/mar/31/four-in-10-new-teachers-quit-within-a-year