Skip to main content
  • ҚР Президентінің Сайты
  • ҚР Білім және ғылым министрлігінің сайты
  • Стратегия 2050 сайты
Информационно-Аналитический центр logo
Информационно-аналитический центр
Факты, исследования и идеи в образовании
  • Қаз
  • Рус
  • Eng

Search form

Жаңалықтарға жазылу

  • 16:05
  • 15 12 2019
 
  • Орталық туралы
    • Орталық туралы
    • Басқару
    • Корпоративті басқару
    • Нормативтік-құқықтық актілер
    • Орталық мекен-жайы
    • Біздің сарапшылар
    • Кері байланыс
    • Сатып алулар
    • Бос орындары
  • Жаңалықтар
    • ЭЫДҰ
    • Дайджест
    • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
    • Орта білім
    • Техникалық және кәсіптік білім
    • Жоғары білім
    • Бағдарламалық құжаттар мониторингі
    • Бiлім беру статистикасы
    • Халықаралық салыстырмалы зерттеулер
  • Жобалар
    • Анкета конкурса лучший педагог вуза
    • PIAAC
    • TALIS
    • TIMSS
    • ICILS
    • PIRLS
    • Ұлттық баяндама
    • ҰБДҚ
    • Жобалар мұрағаты
    • PISA
  • Аналитика
  • Жариялымдар
    • Инфографика
  • Медиа

You are here

Home » Проекты » PIRLS

PIRLS халықаралық тесті – "өсуге" арналған сұрақтар

Printer-friendly versionPDF version

Жоба: 

  • PIRLS

 "Білімді ел - Образованная страна" газеті, наурыз, 2016ж.

Дүниежүзілік Экономикалық Форум "Білім беруге жаңаша көзқарас" Халықаралық есебінде 21 ғасырда табысты адамның 16 білім мен дағдыларының түрлерін атады. "Құзыреттіліктер" және "Мінез сипаттары" бөліміне қарым-қатынас жасау және жасампаздық дағдылары, сыни ойлау және топта жұмыс істеу, білуге құмарлық және бастамашылдық, әлеуметтік және мәдени хабардарлығы енгізілді. 

Халықаралық сарапшылар адамның өмір дағдыларының үш бөлімі бойынша елдердің рейтингін жасады. Қазақстан оқушылардың танымдық және эмоциялық зияты төмен деңгейіндегі мемлекеттердің тобында орналасты. PISA, TIMSS және PIRLS халықаралық зерттеулерінің нәтижелері дәлелдік қоры болды (PISA-2012 қазақстандық 15 жастағы оқушылары оқу құзыреттіліктерінің төмен деңгейін көрсетті).

Адамның оқу құзыреттіліктерін оның коммуникативтік дағдылары анықтайтын дерек даусыз болып табылады. "Көп оқыған" адаммен әңгімелесу әрқашан да ұнамды болады. Педагогикалық тәжірибеде әйгілі тренд - бастауыш мектептегі оқу құзыреттілігінің жоғарғы деңгейі - негізгі мектепте табысты оқудың кепілі туралы айту да керек емес шығар.  

Үш жыл бұрын Қазақстан филологтарының 1-съезінде педагогикалық қауымды тағы бір жобамен PIRLS-2016 (Progress in International Reading Literacy Study) таныстырдық. Құпиялылық режимінен шыққан тесттік тапсырмалар қазақ және орыс тілдеріне аударылып, педагогикалық қауымға ұсынылды. Бұл жұмысқа педагогикалық мамандардың біліктілігін арттыру институттары да қосылды. 

Бүгінгі таңда жоба қатысушыларын іріктеу аяқталды. 20 күннен кейін Қазақстанның атынан 172 мектептің 5 008 төртінші сынып оқушылары әлемнің 50 мемлекетінің 250 000 төменгі сынып оқушылары арасында шығады.

Бұл - қатысушылардың таныстырмалы іріктемесі. Бұл алынған нәтижелерді елдің 4-сынып оқушыларының барлық жалпы жиынтығына  жалпылауға мүмкіндік береді. 

Барлық мемлекеттерге бірдей уақыт - 10 минуттық үзіліспен 80 минут беріледі. Әр қатысушыға екі-ақ тест беріледі. Бұл - көркем, әдеттегідей, қызық әңгіме немесе ертегі, және ғылыми-көпшілік бағыттағы мәтіндер.  

Оқу дағдыларының төрт тобы - басты тақырыпты, іс-әрекеттің мезгілі мен орнын анықтау, ақпаратты салыстыру және түсіндіру, қорытынды жасау және жауапты дәлелдеу бағаланады. 

Оқу қабілетінің әр тобына тесттік тапсырмалардың нақты саны сәйкес келеді. Тапсырмалардың 20%-ы оқушының мәтіннің басты тақырыбын анықтау және оның тілдік ерекшеліктерін бағалау, 30%-ы - мазмұнын түсіндіру, қорытынды жасау және жауапты дәлелдеу дағдыларына бағытталады. Барлығы күрделілігі әртүрлі 12 - 15 тапсырма. Бірінде мүмкін болатын төрт жауаптың бірін тандау керек болса, басқасында оны негіздеу керек болады. 

Зерттеудің технологиясы бізге бір мезгілде аялық ақпарат алуға мүмкндік береді. Сауалнамаға төртінші сынып оқушыларының ата-аналары, сынып жетекшілері және мектеп директорлары қатысады. 

Күмәнсіз, отбасының білім беру ресурстары балалардың оқу мәдениетін қалыптастыруға айрықша әсер етпесе де, елеулі үлес қосады. Өз кезегінде мұғалімдер тобы кәсіпқойлығының "үйдегі ресурстардың" әлсіз жақтарын толтыруы және төменгі сынып оқушыларының бастапқы позицияларына тіл және әдебиет пәндері арқылы қолдауы өзекті болып отыр.   

Халықаралық сарапшылар үй кітапханасының болуы және ата-ананың оқуға деген ұстанымы, мектептегі және үйдегі тілдік орталардың айырмашылықтары, мұғалімдердің кәсіби қасиеттері және олардың оқыту тәсілдері сияқты парамертлер бойынша төртінші сынып оқушыларының оқу дағдылары деңгейінің көрсеткішін есептейді. 

Оқушылардың халықаралық тестті орындаудың контексттік талдауы да ASR Индексін (Index of Availability of School Resources) шығаруға мүмкіндік береді. Мектеп ресурстары қолжетімділігінің индексі материалдық-техникалық база көрсеткіштерімен қатар, әкімшіліктің мектеп жұмысын ұйымдастыру қабілеті индикаторы бойынша есептеледі. 

Әлбетте, Қазақстанның PIRLS-ке қатысуы - бірегей стратегиялық шешім. Алынған сабақтар құзыретті оқырманның дағдыларын қалыптастырудың жаңа тәсілдерін әзірлеуге айтарлықтай үлес қосуға мүмкіндік береді.

Жапония, Корея, Қытай, Сингапур оқушыларының TIMSS, PISA, PIRLS халықаралық емтихандарындағы табысты болуының формуласы олардың өмір ұрандарында - қайсарлық және көшбасшылық, математиканы білу, физикада мықты болу және, әрине, оқу дағдылары!

Біздің төртінші сынып оқушыларына PIRLS тестін орындауда сәттілік тілейміз! 

Добавить в избранное 

Автордың басқа материалдары

  • Жоғары білім
    Жоғары білімді дамыту стратегиясы: АҚШ университеттерінің тәжірибесі
    Добавить в избранное 
  • Халықаралық салғастырмалы зерттеулер
    PIRLS халықаралық тесті – "өсуге" арналған сұрақтар
    Добавить в избранное 
  • Халықаралық салғастырмалы зерттеулер
    Жедеғабыл сұхбат
    Добавить в избранное 
  • Орта білім
    ОҚЫТУДЫҢ АЛҒАШҚЫ САТЫСЫ: КІШІ ЖАСТАҒЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН КУРС
    Добавить в избранное 

Біздің серіктестер

  • NNEF
  • Rabota.nur.kz
  • «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымдарының одағы»қоғамдық бірлестігі
  • BNEWS.KZ
  • Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
  • "Мектепке дейінгі балалық шақ" республикалық орталығы
  • "Стратегия" әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы" қоғамдық қоры
  • "Қоғамдық пікір" зерттеу институты
  • Қоғамдық Пікірді Зерттеу Орталығы
  • EXPO-2017
  • Отбасы.kz Ата-аналарды қашықтықтан оқытатын курстар
  • "Кәсіпқор" Холдингі
  • Сарбонна-Казақстан институты Абай атындағы ҚазҰПУ
  • "Зерделі" ақыл-ой дамыту мектебі
  • 100 нақты қадам
  • Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты
  • "SERPIN" білім беру мекемелерінің ұлттық қауымдастығы
  • Түзету Педагогикасының Ұлттық ғылыми-практикалық орталығы
  • "НұрОтан" партияся
  • "Техникалық және кәсіптік білімді дамыту және біліктілікті берудің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы" АҚ
  • ҚазГЮУ Университеті
  • "Білімді ел - Образованная страна" республикалық білім беру қоғамдық-саяси газеті
  • Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
  • Серпін-2050
  • Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы

Орталық туралы

  • Орталық туралы
  • Басқару
  • Корпоративті басқару
  • Нормативтік-құқықтық актілер
  • Орталық мекен-жайы
  • Біздің сарапшылар
  • Кері байланыс
  • Сатып алулар
  • Бос орындары

Оқиғалар

  • ЭЫДҰ
  • Дайджест
  • Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
  • Орта білім
  • Техникалық және кәсіптік білім
  • Жоғары білім
  • Бағдарламалық құжаттар мониторингі
  • Бiлім беру статистикасы
  • Халықаралық салыстырмалы зерттеулер

Қызметі

  • Қызмет бағыты
  • Білімді талдау, мониторингтеу және бағалау департаменті
  • Білім беру статистикасы департаменті
  • Білім статистикасы және ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу департаменті
  • Жоғары және кәсіптік білім департаменті
  • Ақпараттық технологиялар департаменті
  • Халықаралық салыстырмалы зерттеулер департаменті
  • Жоғары білімді дамыту департаменті
  • Бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықпен жұмыс жөніндегі департаменті
  • Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
  • Жобалар департаменті

Сайттың картасы
 

Рейтинг@Mail.ru