You are here

«Серпін-2050» (шәкіртақы, жатақхана, тамақтану және киім-кешек)

Printer-friendly versionPDF version

Шәкіртақы, жатақхана, тамақтану және киім-кешек - колледждер өңірлік талапкерлер үшін жағдай жасайды. 

«Серпін-2050»: жаңа мүмкіндіктер

Қазіргі кезде мемлекетте кәсіби білім алған мамандардың өткір жетіспеушілігі сезіледі, сондықтан да сондай жүйенің жандануына Қазақстан үлкен үміт артады. Қазақстан Республикасының Үкіметімен еңбек нарығындағыөңірлік үйлеспеушілікті теңдестіруге және жастарға кәсіби білім алуға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін "Серпін-2050" әлеуметтік жобасы қабылданды және іске асырылуда.

Жоба бірден бірнеше себеп бойынша айрықша. Бірінші кезекте, бұл мыңдаған жас бойжеткендер мен бозбалалар үшін сапалы тегін білім алу мүмкіндігі. Бұл жұмыс берушілермен талап етілген кәсіпті игеруге мүмкіндік беретін білім. Және ақыры, түлектерді міндетті түрде жұмысқа орналастыру-бағдарламаның тағы бір маңызды шарты.

"Серпін-2050" жобасын іске асыру 2014-2015 оқу жылы республиканың 25 колледжінде ТжКБ 37 мамандығы бойынша басталды. Мемтапсырыс шеңберінде солтүстік өңір колледждерінде 1000 түлек оқытылады, олардың 364 адамы-Оңтүстік Қазақстан облысының тумалары. 2015-2016 жылдары мемтапсырыс арттырылады және 1200 орынды құрайды. Сонымен қатар биыл жұмыс берушілердің белгілі бір кәсіби салалардағы мамандарға мүдделі болуына сәйкес бағдарлама бағыттары кеңейтілді. Талапкерлер "Тігін өнеркәсібі және киімді модельдеу", "Темір жолдарының құрылысы, жол және жол шаруашылығы", "Мұнай және газ кен орындарын пайдалану", "Жол қозғалысын ұйымдастыру", "Өрт қауіпсіздігі" сияқты қызықты әрі талап етілген мамандықтар бойынша оқу мүмкіндігін алады.

Республиканың әрбір өңірінде талапкерлер қажетті ақпаратпен жүгінуге болатын "Серпін-2050" штабтары ашылған. Жастардың кәсіби және аумақтық мобильділілігін арттыру мәселелерін жедел және уақытылы басқару үшін Үйлестіру кеңесі құрылған.

Оңтүстіктен солтүстікке қарай

Бағдарламаға бай тәжірибесі және тарихы бар колледждер қатысады. Сондай оқу мекемелерінің бірі-Павлодар бизнес-колледжі. Үздік материалдық-техникалық қоры мен инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің білікті құрамының арқасында колледж «Серпін - 2050» жобасына қатысатын болды. Мұнда бірінші курстан бастап оқуды бітіргенге дейін өндірістік жағдайларға бейімделген мамандарды мақсатты дайындау жүргізіледі. Мысалы, "Ақпараттық жүйелер" мамандығы бойынша білім берудің дуальді жүйесі енгізілген. Оқу жоспарлары мен бағдарламаларында 50%-ға дейінгі уақыт кәсіпорындардағы тәжірибелік оқытуға бөлінген. Колледжде студенттерді зерттеу және ғылыми-тәжірибелік жұмысқа жобаларды дайындау, конференцияларда сөз сөйлеу, зияткерлік ойындар, пікір-талас сияқты оқыту нысандары арқылы тарту үшін жағдайлар жасалған. Студенттер конкурстар мен жарыстарға белсенді атсалысады.

Павлодар бизнес-колледжі бағдарламаға қатысатын оңтүстік өңірлердің алғашқы студенттерімен кездесуге асқан жауаптылықпен және ынтамен дайындалды. Барлық 25 адам-грант иегерлері тұрмысқа жайлы жатақханаға жайластырылды. Бөлмелер жаңа жиһазбен жабдықталып, онда қолайлы тұру үшін қажеттінің бәрі: теледидар және төсек-орын тысынан бастап асүй заттарына дейін орналастырылды. Жатақханада студенттердің өзекті мәселелерін шешу үшін күнделікті әкімшілік кезекшілік белгіленді.

«Серпін - 2050» бағдарламасында әлеуметтік жақтың мұқият ойластырылғанын атап өтуге болады. Соның арқасында студенттерге арналған колледж асханасында 3 реттік тегін тамақтану ұйымдастырылған, әрбір студентке сыртқы қысқы киімді сатып алу үшін 64 820 теңге (35 АЕК) мөлшерінде ақшалай қаржы аударылған, оқушылар үшін демалыс уақытында екі жаққа қарай жол жүру ақысы көзделген. Ай сайын студенттер 13 407 теңге мөлшерінде шәкіртақы алады. 

Бұл не үшін қажет?

«Серпін - 2050» жобасы оңтүстік өңірлерден шыққан студенттерге өзінің әлеуетін жүзеге асыру үшін айрықша мүмкіндікті береді. Бағдарламаны әзірлеу алғышарттарының бірі демографиялық және көші-қон үдерістерінің ықпалына бейім Қазақстанның еңбек нарығын дамыту болды.

Қазіргі кезде Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында туудың жоғары деңгейі, оралмандардың, басқа қалалардан келушілердің үлкен ағыны байқалады. Әлеуметтік нысандар, тұрғын-үй, мектептер, балабақшалар жетіспейді. Мұның барлығы жұмыссыздық мәселесіне әкеледі. Оқуды бітірген соң көптеген түлектер жұмысқа орналаса алмайды.

Өз кезегінде еліміздің солтүстік өңірлерінде, керісінше еңбек мамандарының жетіспеушілігі бар, мұның себебі-туудың төмендігі және сыртқы көші-қон. Демек, өңірлер болашақта да еңбек ресурстарының жетсіпеушілігін сезінетін болады. Осындай үдерістер кезінде өңірлік теңгерімсіздік, бірінші кезекте адамдардың республика аумағында біртекті қоныстанбауы күшейеді. 2021 жылға дейін еңбек нарығына жаңа қызметкерлер ағынының өткен ғасырдың 90-ншы жылдары туудың төмен болуына орай төмендеуі күтіледі.

Көші-қон ағындарын тиімді басқару есебінен ғана демографиялық құлдырауды өтеу және еңбек ресурстарының орнын толтыру мүмкін. Бұдан басқа, жыл сайын Қазақстан мектептерінің 11-сыныпты бітірген 22,5 мың түлегі оқумен қамтылмай, еңбек нарығына біліктіліксіз шығады. Солардың 56% -оңтүстік өңірлердің түлектері. Сондықтан да бүгінгі міндет-оқушыларды кәсіби білімді алуға ынталандыру.

Әрбір мемлекеттің жылнамасында заман сипатына ие оқиғалар баршылық. Қазақстан үшін сондай оқиғалардың бірі тың жерлерді игеру болды, ондағы экономикалық дамудағы басты рөл адам еңбегіне бөлінді. Бүгінде Қазақстанның жас ұрпағына мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін орасан зор жауапкершілік артылуда. Сол үшін кешегі студенттерге дипломын алған соң біліктілігі жоғары жұмысшылар қатарын толықтыру үшін барлық қажетті мүмкіндіктер жасалуда. Және "Серпін-2050"-жастар үшін оқу және жұмысқа орналасу үшін шынайы мүмкіндік.

Толық әрі уақытылы ақпаратты алу үшін 2014 жылғы 1 маусымда www.serpin-2050.kz. сайты құрылды.

 

Менеджер, Техникалық және кәсіптік білімді дамыту департаменті