You are here

Шектелген мүмкіндіктер – лайықты білім алуға шектеу емес

Printer-friendly versionPDF version

1982 жылғы 4 қарашада Вуйчич жанұясының тұңғышы өмірге келді.

«Дәрігер, менің ұлымның қолы жоқ па?» – «Жоқ. Сіздің қлыңыздың не қолы, не аяғы жоқ» – деп жауап берді дәрігер. Николостың (жаңа туған нірестенің аты) ата-анасы аяқ-қолдың болмауына әкеліп соқтыратын Тетраамелия[1] синдромы туралы ештеңе білмеген болатын. Аяқ-қолы жоқ нәрестені қалай күтуге, оған қалай қамқорлық жасау керектігін білмеді. Анасы ұлын 4 айында емшектен айырды[2].

Уақыт өте келе Никтің ата-анасы ұлын осындай түрде қабылдауға, сүюге үйренді.

                  

Мектепке баратын уақыт келгенде ата-анасы Никтің дені сау балалармен бірге кәдімгі мектепте оқуына қол жеткізді. Осылайша Ник Вуйчич кәдімгі австралиялық мектепте оқитын бірінші мүгедек-бала болды.

Никке өте қиын болды, ол жалғыздық пен өзінің бүкіл әлемнен бөлек екеніне қатты күйзелген, бұл әлемге келудегі оның мақсаты неде екені туралы  сұрақтар оны жиі мазалады.

Оған үміт үзілген кезеңдерде өз бетінше күресуге тура келді. «Сен ештене істей алмайсын!», «Біз сенімен дос болмаймыз!», «Сен ешкімсін!» сияқты сөздерді Ник мектепте жиі еститін болды. Ол енді неге үйренгенін мақтан етпейтін, ол ешқашан жасай алмайтын нәрселерін ғана ойлаумен болды.

Бірте-бірте Ник өз жағдайына үйрене бастады, басқа балалар жасай алатын нәрселерді - тіс тазалау, жуыну, шаш тарауды үйренді. Жетінші сыныпта Никті мектеп старшинасы етіп сайлады – ол оқушылар кеңесімен мүгедектерге қайырымдылық және көмек көрсетуге байланысты мәселелерімен жұмыс істеді. Мектеп бітіргеннен кейін ол Гриффит Университетіне түсіп, оқуды жалғастыруды шешті.

Бүгін Никтің бухгалтерлік есеп және қаржылық жоспарлау деген екі жоғары білімі бар. Ол табысты спикер және бизнесмен. Ол футбол, теннис ойнайды, суда және серфингте жүзеді. Ол сүйікті әйеліне үйленіп, екі дені сау ұл сүйді. 

            

Ник өзінің өмірі, өзінің күрделі жолы мен осы жолда тап болған өмір қиындықтары туралы төрт бестселлер жазды.

Ник Вуйчичтің "Өмір шектеусіз: жақсы өмір сүру үшін қажетті шабыт" кітабы 30 тілге аударылды, ал 2009 жылы ол өмірдің мағынасы табу туралы "Көбелектер Циркі" қысқа метражды фильмде басты рөлді ойнады.

Әлемде дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар қоғамға бейімделе алған, дені сау балалармен қатар жақсы білім ала алған, толыққанды және белсенді өмір сүре ала алған көптеген жағдайлар белгілі.  

Мысалы, Хелен Келлер[1] 1,5 жастағы ауруынан кейін соқыр-мылқау болып қалды. Ұзақ және күрделі жұмыс нәтижесінде, қыз белгілер тілін меңгерді, содан кейін ерін және жұтқыншақ қозғалысын реттеу арқылы оқуға, сөйлеуге үйренді. 1904 жылы Хелен Рэдклифф колледжін үздік бітірді.

Ол өзі, өзінің сезімі, оқуы, дүниетанымы және дін түсінігі туралы оннан астам кітап жазды және жариялады, олардың ішінде "Мир, в котором я живу", "Хелен Келлердің күнделігі" және т.б., көзі көрмейтін, мылқау және керең мүгедектерді қоғамның белсенді өмірге қосу үшін күресті.

Хелен оқиғасы негізінде  Гибсонның "Сотворившая чудо" атақты пьесасы (1959) жазылды, 1962 жылы ол теледидарға шықты.

Осындай адамдардың өмірі мен қызметі мүгедектік белсенді, әлеуметтік және қоғамдық тыныс-тіршілік үшін кедергі емес екенін дәлелдейді. Балалардың қауымға тез және оңай бейімделулеріне, қорқыныш пен күмәнді жеңуге, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін іске асыруға көмектесу үшін оларға өздерін бала кезінен бастап өмір сүретін, білім алатын және еңбек ететін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезінуі керек. Дені сау балалар мен даму мүмкіндігі шектеулі (ДМШ) балаларды бірлесіп оқыту мұндай қоғам құрудың бірінші сатысы болып табылады.

Қазіргі уақытта біздің елде 18 жасқа дейінгі 141 952 даму мүмкіндігі шектеулі бала бар, олар  жалпы балалар санының 2,8%-ын құрайды[2]. Статистика Қазақстанда 1 жасқа дейінгі нәресте өлімінің үрдісі тұрақты төмендеуін көрсетеді. Мәселен, 2011 жылы бала өлімінің көрсеткіші 14,84%-ға төмендеді, яғни 2008 жылғы (20,7%) деректермен салыстырғанда 1,4 есе азайды. Және қазіргі заманғы медицина мен соңғы технология арқасында бұл көрсеткіш төмендеп барады.

Сонымен қатар, ДМШ балалардың саны да ұлғаюда және сарапшылардың пікірі бойынша, бұл сан өсе береді. Осыған байланысты ДМШ балалардың әлеуметтік жалпы білім беретін ортаға тиімді бейімделу мәселесінің өзектілігі өте жоғары және біздің қоғамның тарапынан көп көңіл бөлгенді талап етеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жалпы білім беретін мектептер жадында ДМШ балалар білім алатын  мен тәрбиеленетін 36 арнайы балабақша, 324 арнайы топ, 97 арнайы мектеп пен 1219 арнайы сыныптар бар[3]. 2011 жылмен салыстырғанда арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 3 бірлікке қысқартылды, бұл ретте жалпы үлгідегі бала-бақшалар жадында арнайы топтар саны 45%-ға артты. Бұл елде мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға ықпалдастыру принципі бірте-бірте барынша жүзеге асырылып жатқанын дәлелдейді.

Алайда Қазақстандағы инклюзивтік "қамтитын" білім берудің ең басты мәселесі – қоғамның, соның ішінде педагогикалық қоғамның мұндай өзгерістерге әлі де дайын еместігі. «Қамтитын» білім беруді толық масштабты енгізудің негізгі кедергісі қоғамның ол туралы түсінігінің дұрыс еместігі болып табылады. Әдетте, "теңдіктің" мұндай түріне дені  сау балалардың ата-аналар қарсы болады, өйткені бұл олардың балаларының дамуына келеңсіз түрде әсер етеді деп  қауіптенеді.

Шындығында ДМШ балаларды білім беру ортасына кәдімгі балалармен бірге қосудың бірқатар жақтары бар. Ең алдымен, бұл ДМШ балалар үшін олар одан әрі өмір сүретін қоғамда жақсы бейімделуге мүмкіндік береді. Кәдімгі  балалармен бірлесіп оқу оларға нормативтік тәртіп және өз бетінше тіршілік етудің үлгісі береді. Өз кезегінде, ДМШ балалармен қарым-қатынас жасау дамуында ауытқулар жоқ балаларда төзімділік және ізгілік сияқты жағымды қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді.

Әлемнің дамыған елдерінде инклюзивтік білім беру 1950 жылдары енгізіледі, қоғам үшін ғана емес және мемлекет үшін де қазірдің өзінде өзінің алғашқы жемістерін бере бастады. Зерттеулер көрсеткендей, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қоғамға тарту мен елдегі экономикалық жағдай арасында күмәнсіз байланыс бар.

Мысалы, ДМШ балалардың білім беру ортасынан шығару осы адамдардың болашақта жалақы әлеуетінің төмендеуіне әкеледі, ал бұл тек олардың әлеуметтік жағдайына  ғана емес, сонымен қатар елдің экономикалық өсуі деңгейіне де тұтастай әсер етеді. Мәселен, Қытайда ерекше қажеттіліктері бар балаларды білім беру процесіне "қосу" халықтың жалақысының - ауылдық жерде 5%-ға және қалалық аймақта 8%-ға өсуіне әкелді.

Басқаша айтқанда, жалпы білім беретін мекемелерде басқа балалармен қатар уақытында білім алған ДМШ балалар әлеуметтік ортаға табысты еніп,  басқа адамдармен тең түрде жұмыс пен ақша тауып, салық та төлей алды. Бұл елдің экономикалық тұрақтылықтылығы өсуіне әкелді және мемлекеттің халыққа жалақы төлеу деңгейін жоғарылатуға мүмкіндік берді.

Осылайша, инклюзивті білім беру дені сау халық пен мүмкіндігі шектеулі адамдардың арасын әлеуметтік түрде ғана емес, қаржылық тұрғыдан да едәуір жақындастыруға көмектесе алады. Білім алуға халықтың тең қолжетімділігі қылмыстық деңгей, денсаулық сақтау, азаматтық сана-сезім және басқа да осындай факторларға оң әсерін тигізеді. Кәдімгі балалармен бірге оқып, ДМШ балалар ашық болуға, өмірде қажетті коммуникация дағдыларын қалыптастыруға, қоршаған ортадағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасауға үйренеді. ДМШ балаларды ерте жастан максималды түрде қоғамға қосу болашақта бұл балалардың қазіргі заманғы өмірге бейімделудің және қоғамның толыққанды мүшелері болудың сенімді кепілі болады.


[1] Очень редкое врождённое наследственное заболевание, характеризующееся отсутствием четырёх конечностей.

[2] Ежедневное интернет-издание, статья «Ник Вуйчич. Без рук, без ног – без суеты», 9 сентября, 2011г. http://www.pravmir.ru/nik-vujchich-bez-ruk-bez-nog-bez-suety/.

[3] Хелен Келлер - американская писательница, преподаватель и общественный деятель, (1880‑1968).

[4] Национальный статистический сборник, 2014.

[5] «Статистика системы образования Республики Казахстана», Национальный сборник, 2015 года. С. 155.

[6] Образование, в которое включены и дети с ОВР.

Бас талдаушы, Бағдарламалық құжаттар мониторингі департаменті