You are here

ТАБЫСТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ МАНСАПҚА КОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ ТАҒЫ БІР СЕБЕБІ ТАБЫЛДЫ

Printer-friendly versionPDF version

"Білімді ел –образованная страна" газеті, 2015ж. 24 қараша, №22.

"Қалай оқуды білетін адам жеткілікті біледі"

Генри Брукс Адамс

"Жақсы жұмысты қалай табуға болады?" деген сұраққа жауап бермес бұрын, өзімізді жұмыс беруші ретінде елестетейік.

Мынандай жағдай туындады дерлік. Жылдың аяғы, жобаларды тапсыру мерзімі жақындап келеді, қаржылық тексеру жүргізілуде. Бұдан басқа, компанияңыздың үздік қызметкерлерінің бірі кенеттен өз еркімен жұмыстан босатылуы туралы мәлімдейді. Сізге шұғыл түрде орнына басқа адам табу керек. Бос орынға кімді қабылдайсыз? Шетелдік беделді ЖОО-ның  дипломы бар және ағылшын тілін білетін, бірақ жұмыс тәжірибесі жоқ сырттан келген адамды ма? Немесе керісінше – тәжірибесі бар адам, бірақ ағылшын тілін білмейтін адамды ма? Кез-келген шешімнің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Алайда, маманды іріктеу кезінде осы критерийдің қайсысы маңызды болады? Бұл - істің мәнін қысқа мерзімде түсініп және уақытында орындау қабілеті екенін түсіну қиын емес. Ол үшін үміткер қандай болуы тиіс? Бұл туралы мақалада баяндалады.   

Технологиялар біздің өмірімізде "революция" жасағаны ешкімге құпия емес. Тек соңғы 20 жылда Интернет пайдаланушылардың әлемдік саны 114 есе өсті, және олар бүгінгі таңда 3 млрд.-тан астам планета тұрғындарын (әлемдегі халықтың 40%-ы) құрайды. Сонымен қатар, әлемде шамамен 5 млрд. пайдаланушы [1] ұялы байланыстың қызметін (әлемдегі халықтың 70%-нан астамы) қолданады. Ақпараттық технологияларды дамыту іс жүзінде өнеркәсіп және қолөнер дағдылар қажеттілігін жойды. Соның орнына озық танымдық және тұлғааралық құзыреттілікке, сондай-ақ ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларына сұраныс артып отыр.

Алайда осындай дағдыларды игеру үшін тез үйрену немесе жеңіл үйретілу керек. Дәстүрлі түрде үйрену қабілеті жаңаны, соның ішінде оқу материалдарын (жаңа білім, іс-әрекет пен қызметі нысандарын) меңгеру қабілеті ретінде анықталады [2]. Және керісінше, үйрену қабілетін дамыту үшін мұндай дағдыларды қалыптастыру керек. Осылайша, негізгі дағдылар мен үйрену қабілеті өзара бір-бірін толықтырып отырады. Осыған байланысты, негізгі дағдылар мен үйрену қабілеті мақалада өзара байланысты ұғымдар ретінде қолданылатын болады.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) есебіне сәйкес, "21-ғасырда оқыту: зерттеулер, инновациялар және саясат", "білімдер экономикасында табысқа жету үшін фактілерді мен рәсімдерді жай есте сақтау жеткіліксіз". Білімді мамандарға кешенді заттарды пәндік түсіну және жаңа тауарлар, қызмет көрсету және білім өндіру үшін осы ақпаратты шығармашылықпен қолдану талап етіледі. Адам өзінің оқуын өмір бойы қамтамасыз етуі тиіс [3].

Осы тұрғыдан алғанда, "негізгі дағдылары" ұғымын ересектердің  дағдыларын бағалау бойынша PIAAC [4] ЭЫДҰ зерттеу пәні ретінде қарастыру керек. Қазақстан бұл зерттеуге 2017ж. қатысады. Бірақ бұл туралы сәл кейінірек.

PIAAC зерттеу тұрғысынан базалық дағдылар математикалық, оқу сауаттылығы мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) меңгеру дағдыларын үйлестіреді. ЭЫДҰ есебіне сәйкес "PIAAC 2013 зерттеуі: ересектердің дағдыларын зерттеудің алғашқы нәтижелері" [5], ересектерге негізгі дағдылар қоғамға, еңбек нарығына толыққанды интеграциялану, білім алу және біліктілігін арттыру үшін кез-келген елде және мәдени тұрғыда қажет.

Мақала аясында базалық дағдылар үйрену қабілетінің еңбек нарығында артықшылықты қамтамасыз ететін құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.

Енді негізгі дағдылары деген не сұрағына толығырақ тоқталайық.

Оқу сауаттылығы сөздердің дұрыс айтылуы және жазылуын («молоко» сөзі "о" арқылы жазылады, "а" әрпі арқылы емес) ғана көздемейді. Ең алдымен, жаңа білім мен өмір сүру сапасын жақсарту үшін ақпаратты объективті түрде қабылдауға және сыни тұрғыдан бағалау қабілетті білдіреді.

Біз жұмыста көлемді ақпаратты  қысқа мерзімде жиі оқимыз және оның негізгі мәнін бір бетте жазамыз. Бұл оқудың тиімді стратегиясын қолдануды, басты нәрселерді қосымша нәрселерден тез ажырата білу біліктілігін талап етеді. Бұл әсіресе жұмысқа жаңа қабылданғандарға өте қажет.

Күнделікті өмірде оқу дағдылары жетілдірілген адам газетте ресми жаңалықтарды басқа жаңалықтардан оңай ажыратады. Тиісінше, ол пайдасыз ақпаратқа уақыт жұмсамайды.

Математикалық сауаттылық математикалық есептерді (2*2=4) шешуді ғана білдірмейді. Бұл кесте, диаграммалар түріндегі сандық ақпаратты дұрыс түсіну және талдауды білдіреді. Кез-келген жұмыста осы дағдылар бюджетті жоспарлау, есептерді дайындау, сандары бар аналитикалық ақпаратты әзірлеу, сату көлемін есептеу және т. б үшін қажет болады. Күнделікті өмірде бұл дағдылар банктен несие алған кезде төлемдердің неғұрлым тиімді схемасын таңдау үшін пайдалы болуы мүмкін.

Ақырында, ақпарат пен жаңа білім алу, Интернетте операцияларды жасау үшін АКТ-технологияларын пайдалану қабілеті базалық дағдылардың үшінші элементі болып табылады. 

Мысалы, Интернетпен жұмыс жасау дағдысы жоқ адам, билет сату кассасы арқылы пойызға билет сатып алу үшін бір-екі сағат жұмсайды. Ал АКТ-дағдылары дамыған адам билетті Интернет арқылы 5 минутта сатып алады да, балаларына көбірек уақыт бөледі.

Келтірілген мысалдар базалық дағдылардың адамның кәсіби және жеке өмір сапасына қалай әсер ететінін айқын көрсетеді.

Үйрену қабілеті мен негізгі дағдылар мансаптың перспективаларын қалай арттырады деген сұрақ туындайды. Бұл үшін халықаралық статистикалық деректерге назар аударайық.

PIAAC нәтижелері бойынша 24 елдерде (АҚШ, Канада, Еуропа елдері, Жапония, Оңтүстік Корея), дағдыларды орта есеппен 20%-ға дамытуды арттыру жұмысқа орналасу мен жалақы ұлғаюының мүмкіндігін 61%-ға көтереді.

Ұзақ уақыт бойы білім алу жұмысқа орналасу ықтималдығын арттыратыны ешкімді таң қалдырмайды. Негізгі дағдылардың бір деңгейлігі кезінде әрбір қосымша үш жылда формалды білім алу жұмысқа тұрудың мүмкіндігін 45%-ға арттырады. Сонымен қатар, білім деңгейін сақтау, бірақ базалық дағдыларды PIAAC-тің 500-балдық шкаласымен 150 баллға жақсарту жұмыс табудың ықтималдығын 60%-ға жақсартады.

Басқаша айтқанда, жоғары білімі бар және базалық дағдылардың деңгейі бірдей екі адамнан формалды білім алу шеңберінен тыс дағдыларын дамытатын адам (мысалы, компьютерлік курстарға баратын), университетте сырттай оқитын екінші адамға қарағанда жұмысқа орналасу ықтималдығы 15%-ға жоғары болады (сур.1).

Білім алу қабілеті мансаптық өсу негізгі шарттарының бірі болып табылатыны ешкімге құпия емес. Колумбия университетінің зерттеушілері Адам Митчинсон және Роберт Моррис тез үйретілетін адамдардың негізгі бес қасиеттерін анықтады:

  1. Инновациялар енгізеді, күмәндандырады және орныққан тәртіпті қажетті болған жағдайда стандартты емес түрде қайта қарастырады. Бұл жұмысты орындаудың жаңа және бірегей жолдарын іздеу үшін өз сенімдерін қайта қарауды талап етеді.
  2. Күрделі жағдайларда өз функцияларын орындай отырып, тыныштық сақтайды.
  3. Өзінің өткен тәжірибесі негізінде жағдайды талдайды.
  4. Саналы түрде жайлылық аймағынан шығып, тәуекелке бел байлайды.   
  5. Қолайсыз жағдайларда қорғаныш реакцияларын туындатпайды,  үйренуге ашық, қарсы тұру позициясын ұстанбайды. Мән-жайлар бізге байланысты деп санайды, ал керісінше емес.

Бұл нені білдіреді және бұны Қазақстанда қалай қолдануға болады? Бұл үшін біреуінің негізгі дағдылары және үйрену қабілеті дамыған, ал екіншісінің негізгі дағдылары және үйрену қабілеті дамымаған екі адамның жұмыста туындайтын мәселелерді шешу барысындағы іс-әрекеттерін салыстырайық.  

Мәселе өзі құрылған ойлау деңгейінде шешілуі мүмкін емес.

Стивен Кови

1-кесте

Мәселе

Негізгі дағдылары дамымаған адам (үйрену қабілеті төмен)

Негізгі дағдылары дамыған адам (үйрену қабілеті жоғары)

 

 

Қарастырылатын дағды (қасиет)

Заңдық стандартты емес жағдай, құқықтық коллизиялар

Жағдайды заңды тұрғыдан «неге рұқсат етілген» немесе «неге рұқсат етілмеген» призма арқылы стандартты түрде қарастырады. Шешімін таппай, мәселені басшылықтың шешуіне ұсынады. Басшылықтан мәселені шешу бойынша ұсыныстарын күтеді.

 

Жағдайды заңды тұрғыдан «неге рұқсат етілмеген, бірақ неге тыйым салынбаған» позициямен қарастырады, шешімнің жаңа көптеген нұсқаларын табады. Бұнда заңды бұзу немесе жемқорлық туралы айтылып жатқан жоқ. Стандартты емес жағдайды стандартты емес түрде заңды түрде шешу керек. Өз пікірін басшылыққа ұсынады.

  • оқу сауаттылығы (заң мазмұнын терең түсіну);
  • өткен тәжірибе негізінде талдау жасау;
  • инновациялар енгізу;
  • қолайсыз жағдайда тәуекелге бару;
  • қорғаныс реакциясынан аулақ болу.

Қаржыландыруға, валюта курстарына және т.б. байланысты бюджетті қайта қарастыру

Бюджетті калькулятор көмегімен санайды. Ең алдымен түзетулерді талап ететін тараптар бойынша, жұмыс күнінің жартысын шығындайды.

Жаңа жағдайды ескере отырып басымдылықтарды анықтап, жағдайды талдайды. MS Excell, формулалар көмегімен сметаларды қайта санайды, оған бір-ақ сағат уақытты жұмсайды. Нәтижені басшылыққа өзі ұсынады.

  • математикалық сауаттылық;
  • АКТ-дағдылары;
  • өз функцияларын қолайсыз жағдайда да сабырлық сақтай отырып орындау;

Лауазымдық тұлға құжатқа қол қоймай жатыр

Тиімділігіне қарамастан, стандартты регламентті ұстанады. «Мен кінәлі емеспін, бұл тәртәптә мен ойлап таппадым ғой» деген ойлайды.

Көмек бере алатын адамдармен байланысты реттейді. «Қандай тағы жолдары болуы мүмкін? Бұны қайтсем де орындауым керек» деп белсенді ойлайды.

  • өткен тәжірибе негізінде талдау жасау
  • инновациялар енгізу;
  • қорғаныс реакциядан аулақ болу.

Осылайша, тиімді талдау икемі бар, АКТ-технологияларды пайдалана отырып ақпаратты сындық тұрғыдан бағалап, одан сабақ алатын адам жұмысқа орналасуда және қызметтік өсуде табысты болады.

Дәл осы дағдыларды бағалау үшін 2017ж. Қазақстан PIAAC зерттеуіне қатысады. Зерттеу барысында кездейсоқ іріктеу әдісімен 14 облыстан және Астана мен Алматы қалаларынан 16- 65 жас аралығындағы 5 мыңнан астам адам тестілеуден өтеді. Бұл ретте, тестілеуді үйретілген интервьюерлер ноутбук көмегімен қазақ және орыс тілдерінде сауалнамаға қатысушылардың үйлерінде жүргізеді. Зерттеу жүргізудің ұзақтылығы 2 сағат болады. Бұл уақытта респонденттерге жауап беруге сауалнамалық сұрақтар (жеке мәліметтер, білімі, жұмысы, отбасы), сондай-ақ нақты жағдайларға негізделген қызықты тест тапсырмалары шешуге ұсынылатын болады. Респонденттің компьютерлік сауаттылығы деңгейі жеткіліксіз болған жағдайда қағаз тест буклеттер пайдаланылатын болады.

Зерттеу нәтижелері 2019 жылы жарияланатын болады, ал Қазақстанның деректері халықаралық деңгейде 40 елмен сарапталынады. Саяси тұрғыдан PIAAC зерттеу нәтижелері халықаралық тәжірибені ескере отырып, өмір бойы оқу, Қазақстандағы ересектердің білім беру жүйесін жақсарту бойынша пайдалы ұсынымдар тұжырымдау мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде танысу мақсатында ЭЫДҰ сайтында http://www.oecd.org/skills/ESonline-assessment/takethetest/ ашық түрде ағылшын тіліндегі PIAAC сынақ тесттік тапсырмалар орналастырылды. Осы сілтемеге өтіп, тілді таңдайсыз да, «Demo Test» сілтемесіне өтесіз.  

Осылайша, егер сіздің жасыңыз 16 дан 65 жасқа дейін болса, сіз PIAAC респондентінің бірі бола аласыз және Қазақстанның халықаралық беделін арттыруда өз үлесіңізді қоса аласыз. Бұл беделді халықаралық зерттеуде біздің еліміз өзін лайықты түрде көрсетеді деп үміттенеміз.

[1] http://www.statista.com/statistics/274774/forecast-of-mobile-phone-users...

[2] http://dic.academic.ru/dic.nsf/psihologic/1201

[3] 21st Century Learning: Research, Innovation and Policy Directions from recent OECD analyses.

[4] Program for International Assessment of Adult Competencies.

[5] OECD Skills Outlook 2013. First Results from the Survey of Adult Skills.

Ербол Молдақасымов