You are here

Тілдік құзыреттерді дамыту: халықаралық тәжірибе және Қазақстанның қажеттіліктері

Printer-friendly versionPDF version

"Білімді ел - Образованная страна" №24 (61), 2016ж. 27 желтоқсан

Жыл сайын көптеген ата-аналарға өз баласын қазақ тілінде оқытатын мектепке берсем бе екен немесе орыс тілінде оқытатын мектепке берсем бе екен деген маңызды тандау жасау керек болады. Бұл кезекте, әрбір ата-ана өз баласының әлемде қазіргі кезде 1,5 млрд адам сөйлейтін ағылшын тілін меңгеруін де қалайды.

Ғаламтор желісі мазмұнының жартысынан астамы (56%) тек ағылшын тілінде ғана қолжетімді. Сонымен бірге ол ғылым мен әдебиетте басым пайдаланылады.

Тек 2011 жылдың өзінде-ақ ағылшын тілінде 550 мың кітап юасылды, ал ғылыми жариялымдардың саны 78 мыңға жетті. Өз кезегінде, бұл мерзімде орыс тілінде басылған кітаптардың саны бес есе аз (97 мың), француз тілінде – сегіз есе аз (65 мың басылым), қазақ тілінде – 200-ден астам есе аз (2 300) болды. Ағылшын тілінде медицина саласында 14 мың жариялым жасалса, қазақ тілінде тек 147 жариялым жасалды. Экономикалық және әлеуметтік ғылымдар, қазақ тіліндегі 239 мақаламен салыстырғанда, ағылшын тіліндегі 29 мың мақаламен толықты, жаңа технологиялар бойынша бұл сандар сәйкесінше 191 және 35 мың болды. Осылайша, ағылшын тілін білетін адамдарға барлық жаңа білімге, озық технологиялар мен инновацияларға жол ашық.

Беделді «EF EPI индексінің» деректері бойынша Қазақстан 47,42 индексімен (өте төмен) әлемнің 72 мемлекетінің ішінде 54-орынды Түркия (51-орын), Әзірбайжан (57-орын) және Шри-Ланкамен (58-орын) қатар иеленеді.

Мемлекетте ағылшын тілін меңгеру деңгейі адами капиталдың индексіне, жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табысқа, жұмыспен қамтылған жастардың үлесіне, бизнесті жүргізу жеңілдігінің индексіне, ғылымға қомақты қаржының бөлінуіне және технологияларды экспорттауды дамытуға тікелей әсер етеді.

Ағылшын тілін меңгеру деңгейі мен жан басына шаққандағы ЖҰТ арасындағы байланыс «жентек қардың» әсеріне әкелуі мүмкін: жоғары тілдік дағдылар жалақының жоғарылауына әкеледі, ал бұл, өз кезегінде, үкімет пен халықты ағылшын тілін оқуға анағұрлым көп қаражат салуға түрткі болады. Көптеген елдерде ағылшын тілін меңгеру деңгейі неғұрлым жоғары болса, жұмыс істемейтін және оқымайтын жастардың үлесі соғұрлым аз болады.   

Адам әлеуетінің даму индексі (АӘДИ) сияқты өмір сапасының индекстерінің  EF EPI индексімен оң байланысы бар. АӘДИ халықтың білім деңгейін, өмір сүру ұзақтығын, сауаттылық деңгейін және әл-ауқатын айқындайды. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмен немесе орташа және даму деңгейі жоғары мемлекеттер аз. Керісінше, ағылшын тілін меңгеру деңгейі жоғары немесе өте жоғары мемлекеттердің барлығында адам әлеуетінің даму индексі өте жоғары болады.

Жалпыға мәлім, ағылшын тілін білу дүниежүзі бойынша бизнес жүргізуді жеңілдетеді. Бұны ағылшын тілі ресми тілі болып табылмайтын елдерде бизнесті жүргізу ағылшын тілін меңгеру деңгейі жоғары болған сайын жеңілдей түсетінін көрсететін бизнесті жүргізу индексі де дәлелдейді.

Ағылшын тілін меңгеру деңгейі анағұрлым жоғары мемлекеттер де жоғары технологиялық өнімдерді, мысалы аэрокосмостық, компьютерлік және фармацевтикалық салаларда, сонымен бірге ғылыми зерттеулерге арналған құрылдарды және электротехникалық құрылғыларды анағұрлым көп экспорттайды.   

Ұлттық деңгейде ағылшын тілі ғылыми және техникалық салаларда жетекші рольді атқарады. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі анағұрлым жоғары мемлекеттерде ғылыми-зерттеу саласында жан басына шаққанда анағұрлым көп ғылыми қызметкерлер және техникалық мамандар жұмыс істейді, сонымен қатар ғылыми зерттеулерге және дамуға ананғұрлым көп қаражат бөлінеді.

Сірә, басқа мемлекеттердің тәжірибесін зерттеу, халықаралық конференцияларға және жариялымдарға қатысу мүмкіндігі ағылшын тілін меңгеру деңгейіне байланысты.

АҚШ-та ғалымдар жыл сайын, басұа мемлекеттермен салыстырғанда, анағұрлым көп ғылыми жұмыстарды жариылайды, ал Ұлыбритания жариялымдардың саны бойынша Қытайдан кейінгі орында тұр. Алайда, жариялымдардың осындай көлеміне қарамастан, қытайлық зерттеулерге әлемдік ғылыми жариялымдардағы сілтемелердің тек 4% ғана, АҚШ-тың зерттеулеріне сілтемелердің 30% және ағылшындық жұмыстарға 8% тиесілі. Бұл қытайлық зерттеулер әлемдік экономиканың білімімен анағұрлым аз дәрежеде бірлескенін дәлелдейді.

Ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмен мемлекеттер ғылыми саладағы халықаралық ынтымақтастықтың өте төмен деңгейін көрсетеді. Осылайша, 2011 жылы Қытайда жарияланған ғылыми жұмыстардың тек 15% ғана басқа мемлекеттердегі авторларына сілтемелері бар, ал Бельгия, Дания және Швецияда бұл көрсеткіш 50% асады. Басқа мемлекеттерде жарияланған зерттеулер қолжетімділігінің және халықаралық инновациялық әзірлемелерді дамытуға үлес қосу мүмкіндігінің болмауы – бұл жоғары білікті мамандардың өздері ағылшын тілін білмейтін мемлекеттер үшін маңызды мәселе. Ағылшын тілін оқу қазіргі уақытта технологиялық жетістіктер айтарлықтай жеңілдетеді. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі жоғары мемлкеттерде Ғаламтор пайдаланушылары құзыреттерінің деңгейі де жоғары. Көптеген елдерде оқытудың икемді нысаны, бұқаралық ашық онлайн-курс және сыныптарды біріктіру оқушыларға үйде де, оқу орнында да Ғаламтор қолжетімді болуының арқасында мүмкін болады. Барлық онлайн-материалдардың шамамен 56% ағылшын тілінде қолжетімді. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмен мемлекеттерде онлайн-құралдар тілді оқуға анағұрлым интерактивті және анағұрлым қолжетімді жеке тәсілді пайдалануға мүмкіндік береді.

GSM қауымдастығы мен Mozilla Foundation 2017 жылға қарай дамушы елдерде мобильді кең жолақты қосылыс үш миллиардқа жететінін, олардың жартысы смарфон-қосылыстар болатынын  есептеді. Мобильдік технологиялар миллиардтаған адамға әлемдік желіге қосылуға, бір-бірімен, сонымен бірге зерттеушілермен, кәсіпкерлермен, ғалымдармен және басқа да шығармашылық адамдармен өзара әрекеттесуге мүмкіндік береді.

Тілдік тиістілігі әртүрлі адамдар әдетте Ғаламторда кездескенде ағылшын тілінде жиі сөйлеседі. Халықаралық қатынас тілі ретінде ағылшын тілінің ғаламтор-технологиялармен үйлесімділігі адамдарға ақпарат, идеялар алмасуға және инновацияларды дамытуға ықпал етеді.

Ағылшын тілін меңгеру деңгейі жоғары мемлекеттерде (Нидерланды, Дания, Финляндия, Словения, Эстония) PISA нәтижелері, ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмен елдермен (Ресей, Түркия, Чили, Қазақстан) салыстырғанда, 20%-ға жақсы.

Еуропа одағы (ЕО) елдерінің 60%-ында ағылшын тілін оқуға мектепке дейінгі білімнің мазмұнында ерекше назар аударылады. Осылайша, ЕО 15 елінде шетел тілін оқу қарастырылған, бірақ соның ішінде тоғыз елде – ерте жастан, алты елде – үш жастан міндетті емес болып табылады. Екі елде (Бельгияда (неміс тілді қауымдастық) – үш жастан, Кипрде – бес жастан) қарастырылған және міндетті болып табылады.

Және 11 мемлекетте шетел тілін оқу қарастырылмаған.

ЕО елдері 20 жылдан астам уақыт бойы көптілділікке ұмтылады. ЕО 1995 жылғы 31 наурыздағы резолюциясына сәйкес әрбір еуропалық оқушының өз тілімен қатар екі шетел тілін оқуға мүмкіндігі бар. 1997 жылы ЕО еуропалық тілдерді ерте оқыту туралы резолюцияны қабылдады. 2002 жылдан бастап ЕО көптілділікті дамытудың стратегиясын қабылдады: Еуропаның тілдік әртүрлілігін қолдау және тілдерді оқуды дамыту. Еуропалық комиссияның деректері бойынша, еуропалықтардың 54%-ы кем дегенде бір шетел тілінде, с.і. 25% – екі шетел тілінде, 10% – үш шетел тілінде сөйлейді.

Сауалнама еуропалықтардың басым бөлігі көптілділікке оң көзқарас танытатынын анықтады. 98% олардың балалары шетел тілін білуден табыс табады деп санаса, 67% ағылшын тілі маңызды тілдердің бірі деп санайды.

Салыстыру үшін, Жапонияда дәстүрлі түрде ағылшын тілін оқуға ерекше назар аударылмады. Мемлекеттің ағылшын тілін меңгеру индексіндегі орны соңғы 5 жылда төмендеуде. 2011 жылы Жапония 14-орында болса (44 елдің ішінде), 2016 жылы оның орны 35-орынға дейін түсті (72 елдің ішінде).

Осы себептерге байланысты, сонымен қатар жалғаспалы жаһандану жағдайында бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін  бертінгі уақыттан бері жапондықтар ағылшын тіліне ерекше мән бере бастады. 2013 жылғы желтоқсанда мемлекеттің Үкіметі жаһандық сын-қатерлерге сәйкес ағылшын тілін оқытуды реформалаудың Ұлттық жоспарын ұсынды (The English Education Reform Plan responding to the Rapid Globalization). 2020 жылға қарай Жапония өзіне Азия елдерінің ішінде көшбасшы болу мақсатын қойды. Бұдан бұрын ағылшын тілі негізгі мектептен бастап оқытылса, енді жаңа жоспар  оны ерте оқытуға бағытталды.

Осылайша, 3-4 сыныптарда ағылшын тілі сабақтары аптасына бір-екі рет өтетін болады. Бұл кезеңде балалардың коммуникативтік дағдыларының негізі қалыптасады. 5-6 сынаптарда ағылшын тілі пән ретінде аптасына үш рет оқытылады. Бұл кезекте процеске арнайы пәндердің мұғалімдері тартылады.  

Орта буынның өзінде-ақ барлық сабақтарды ағылшын тілінде оқыту басталады. Әзірлеушілердің пікірінше, бұл кезеңде балалардың қарапайым ақпаратты айту және түсіну қабілеті қалыптасады. Жоғарғы сыныптарда ағылшын тіліндегі сабақтар қарқынды түрде өтетін болады. Оқушылар жобаларды қорғайды, кез-келген тақырыптағы пікірталастарға қатысады. Бұл деңгейдің оқушылары ағылшын тілінде сөйлейтін адамдармен емін-еркін қарым-қатынас жасайды деп жоспарланды.

Бұл жоспарды сәтті жүзеге асыру үшін Үкімет мектеп мұғалімдерінің (ағылшын тілі пәнінің және басқа пәндердің) біліктілігін арттыру жөнінде іс-шараларды қарастырды. Мысалы, мұғалімдерді даярлау және тартудың арнайы бағдарламасын әзірлеу және енгізу, сонымен бірге аудиоматериалдарды әзірлеу жоспарланды. Мұғалімдер ағылшын тілін меңгеру деңгейін дәлелдеу үшін тесттен өтеді (TOEFL). Сонымен қатар, мұғалімдердің ассистенттері ретінде оқытуға басқа мамандықтардан ағылшын тілін білетін мамандар тартылады. Жоғарғы сыныптарға арнап әртүрлі модульдер юойынша интерактивті материалдар әзірленеді.  

Бұл жоспар 2020 жылдан бастап – Токиода Жазғы Олимпиада ойындары өткізілетін жылы енгізіледі. Бұл үшін 2014 жылы сарапшылар кеңесі құрылды, және 2014 жылдан бері (2018 жылға дейін) мұғалімдердің біліктілігін арттырудың бағдарламалары әзірленіп жатыр. 2018 жылдан бастап Министрлік мектептегі білімнің мазмұнын қайта қарастырады. Жаңа бағдарламалар мен оқулықтардың бұдан кейінгі сынақтан өтуі 2018 жылға белгіленді.  

Қазақстанда тілдерді оқуда қазақ тілі әрқашанда басым болды да, болады да. Қазіргі уақытта 1,7 млн астам бала қазақ тілінде білім алады. Және оқушылардың саны жылдан-жылға артып келеді. 16 жылда қазақ тілінде оқытатын мектеп оқушыларының үлесі 1999 жылғы 51%-дан 2015 жылғы 64%-ғад ейін артты. ЖОО қазақ тілінде білім алатын студенттерінің үлесі де артып келеді. 15 жылдың ішінде олардың контингенті екі есе артты (2000 жылғы 32%-дан 2015 жылғы 63%-ға дейін).

Сонымен бірге, біз қазақ тілін оқитындарға да көмектесуіміз керек. Бұл үшін 2016 жылы ҚР БҒМ қазақ тілін жеделдетіп оқытудың жаңа әдістемесін әзірлеуді бастады. Басты мәні – «жаттама, сөйле!». Бұл «коммуникативті әдістеме» деп аталады, ол оқытудың қолданыстағы грамматикалық-аудару тәсілін алмастырады. Әдістемені А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты, Ш.Шаяхметов атындағы Республикалық тілдерді дамытудың үйлестіру-әдістемелік орталығы, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ жетекші ғалымдары мен сарапшылары әзірлеп жатыр. Басты назар ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа аударылады. Оқулықтар мен электронды қосымшалар анағұрлым көп пайдаланылатын сөздер мен сөз тіркестері негізінде әзірленеді деп жоспарланды. Олардың бәрі қазақ тілінің жиелік сөздіктерінде жинақталады. Бұл сөздерді айту және түсіну жеңіл.

Бастапқы кезеңде балалар қарым-қатынас жасауға ең қажетті сөздер мен сөз тіркестерін меңгереді. Келесі кезеңдерде кезең-кеезңмен сөздердің саны артады, сөз тіркестер мен сөйлемдер күрделенеді. Бала оларды күнделікті өмірде үнемі пайдаланып отыру керек. Оқыту үздіксіз болады және екінші тілді меңгерудегі барлық психологиялық кедергілерді жояды. Нәтижесінде жаңа әдістеме бойынша балаларды қазақ тілінде ауызша да, жазбаша да емін-еркін қарым-қатынас жасауға үйретеді.   

Сонымен қатар, Қазақстанда ағылшын тілін лқу бұқаралық сипатқа ие бола бастады. Қазіргі уақытта елімізде ағылшын тілін оқуға мүмкіндік беретін 88 тілдік білім беру орталықтары жұмыс істейді. Өңірге байланысты олардың айлық құны 6 мың теңгеден басталады. Алайда ата-аналардың барлығына тілдік курстар мен жекеменшік репетиторлардың қызметтері қолжетімді бола бермейді.  

Әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері бойынша қазақстандық ата-аналардың басым бөлігі (81%) олардың баласының ағылшын тілін білгенін қалайды. Бұл кезекте ата-аналардың тек 34% ғана репетитордың қызметі мен тілдік курстардың ақысын өтеуге қабілетті. Ата-аналардың 27%-ының бұған мүмкіндіктері жоқ, және олар жалғыз үмітерін  мектеппен байланыстырады. Және ата-аналардың тек 20% ғана ағылшын тілін оқу баланың өзіне байланысты болатынын атады. Ата-аналар негізінен ағылшын тілінің құндылығын дүниежүзі бойынша қозғалыс еркіндігін беретін кез келген тілдік ортада қарым-қатынас жасаудың құрал ретінде көреді (38%). Ата-аналардың 37%-ы бұл кәсіби мансаптың мүмкіндіктерін кеңейтетін және халықаралық еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттыратын ғылыми жаңалықтар мен жаңа технологиялардың тілі деп санайды. Сауалнамаға қатысқан ата-аналардың 26%-ы ағылшын тілін заман талабымен және бүнінгі күннің қажеттіліктерімен байланыстырады.

Тілдерді пайдалану және дамытудың 2011-2020жж. арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2020 жылға қарай еліміздің халқының 25%-ы ағылшын тілін және 90%-ы мемлекеттік тілді білуі керек.

Өз кезегінде, ҚР БҒМ 79-қадамға сәйкес 10 және 11 сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңмен өту жоспарланды. Бұл кезекте, өту жаратылыстану-математикалық циклдің төрт пәні бойынша 2019 жылдан басталатынын атап өткен жөн. Бұл физика, химия, биология және информатика.

Өтуге қажетті алғашқы және ең маңызды кезең ағылшын тілінде сабақ беретін біздің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерін және пән мұғалімдерін оқыту болып табылатыны баршаға мәлім. Бұл үрдіс басталды және ол 2019 жылға дейін жалғасады.

Оқыту өндірістен қол үзумен, мұғалімдердің жалақысының және жұмыс орнының сақталуымен жүзеге асады. Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің оқу мерзімі тілді меңгеру деңгейіне байланысты 1 - 5 айдан тоғыз айға дейін созылады. Ағылшын тілін меңгерген мұғалімдер жалақыға қоса қосымша ақы алады. Ағылшын тілін меңгере алмаған мұғалімдер 5-9 сыныптарға сабақ беруге мүмкіндік алады.

Балаларды 10-11 сыныптарда пәндерді ағылшын тілінде толыққанды меңгеруге дайындау үшін оны 1-сыныптан 10-сыныпқа дейінгі барлық оқу мерзімінде сапалы оқыту керек.

Қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесіне ұқсас министрлік қазақстандық мектептерде ағылшын тілін оқытудың заманауи әдістемесін әзірлеуді және енгізуді жоспарлап жатыр. Әдістеменің мәні – коммуникативтік оқытуға өту. Бұл әдістеме бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұнына енгізіліп, 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап 1-сыныпта беріліп жатыр.

2017 жылы ҚР БҒМ бұл әдістемені 2, 5, 7 сыныптарға енгізуді жоспарлады. 2019 жылғы 1 қыркүйекте бұл әдістеме еліміздің барлық мектептерінде енгізіледі.

Ағылшын тілінде оқытуға өту бойынша алда тұрған жұмыстың ауқымдылығын ескере отырып, еліміздің пәндерді ағылшын тілінде оқытуға дайындығына бағалау өткізу қажеттілігі бар. Бұл мұғалімдердің, мектептердің және біздің балаларымыздың пәндерді ағылшын тілінде оқуға дайын болуының шынайы көрінісін көруге мүмкіндік береді.

Алайда ҚР БҒМ барлық бастамаларын жалпы халықтық қолдауды алған кезде ғана жүзеге асыратынын түсіну керек. Сондықтан министрліктің әрбір қадамы енгізілмес бұрын әрбір мұғаліммен, директормен және ата-анамен талқыланатын болады.

Осылайша, 2016 жылғы шілдеден бастап ҚР БҒМ мектептегі білім берудің басты жаңалықтары жөніндегі толық ақпаратпен е-mail бойынша мұғалімдерге үнемі жүгіну тәжірибесін енгізді. Қазірдің өзінде мектеп мұғалімдерінің, әдіскерлерінің, оқу ісі меңгерушілері мен директорларының 325 мыңнан астам е-mail жиналды. Осылайша, министрлік білім беру саласының әрбір бастамасы бойынша кері байланысты орнатуды жоспарлап отыр.  

Қазіргі уақытта біздің оқушылар алдыға қарқынды адымдаушы қалған әлемнен үмітсіз артта қалады деген ықтималдық бар. Егер Жапония, «Sony» және «Panasonic» сияқты технологиялық алыптардың отаны, ағылшын тілін ерте жастан оқытуды елемей, көп нәрсені жіберіп алды деп санаса, онда Қазақстан туралы не айтуға болады?

Егер біз балаларымыздың ағылшын тілін еркін меңгеруін, әлем бойынша саяхаттауды және үздік әлемдік білімнің қолжетімділігін қарастыратын үздік шетелдік ЖОО-ға немесе еліміздің беделді ЖОО-ға түсуге мүмкіндіктері болсын десеңіз, ағылшын тілін меңгерудің маңыздылығын мойындау керек. Бұл біздің балаларымызды заманауи әлемде  анағұрлым бәсекеге қабілетті етеді. Ал үш тілді шынайы білу қазақстандық ұлдар мен қыздарға шетелдік құрдастармен бәсекелесуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, әлемнің 100 мемлекеті қатысатын ЭКСПО-2017 халықаралық көрменің қарсаңында және ресми жұмыс тілі ағылшын тілі болып табылатын Астана Халықаралық қаржы орталығын  құру қарсаңында, қазақстандық білім беру жүйесіне іскерлік келіссөздерді жүргізе алатын және елімізге инвестицияларды тартатын мамандарды дайындау керек.

Директор орынбасары, Бағдарламалық құжаттардың мониторингі департаменті