You are here

Ұлттық баяндама, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі ахуалына және дамуына жыл сайынғы мониторинг ретінде

Printer-friendly versionPDF version

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ахуалы және дамуы туралы ұлттық баяндама (Баяндама) жыл сайынғы талдау қоғамдық құжат болып табылады. Баяндама білім беру саясатының ахуалын ғана емес, сондай-ақ даму үрдісін сипаттайды.

Баяндаманың ақпараттық дереккөздері мемлекеттік статистика, әкімшілік есептілік деректері және Қазақстан Республикасының (ҚР) Білім және ғылым министрлігі жанындағы ұйымдардың ресми ақпараты және халықаралық ұйымдардың қайнар көзі болып табылады.

ҚР білім беру жүйесінің ахуалы және дамуы туралы ұлттық баяндама жалпы республика бойынша, өңіраралық салыстырмалы түрде және білім беру деңгейлері бойынша білім беру жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігінің басты нысаналы индикаторлары және көрсеткіштеріне сәйкес дайындалады.

Баяндама болып жатқан қайта құру фактілерін келтіріп қана қоймай, жүзеге асырылатын білім беру бастамаларының жоғары деңгейін қамтамасыз ету бөлігінде тұжырымдамалық басты қырларды анықтайды. Негізгі мақсат белгіленген көрсеткіштерге олардың тиімділігі және нәтижелілігі тұрғысында қолжеткізуді қамтамасыз ету маңызды.

Баяндаманың барлық тараулары жүргізіліп жатқан өңірлік білім беру стратегияларының нәтижелілігі туралы салыстырмалы ақпаратты қамтиды. Жалпы алғанда Баяндамада қол жеткізілген жетістіктерді оны құрайтын басты құраушыларына сәйкес сақтаудың негізгі ұстанымын түйіндейді. Білім беру ахуалы және оның даму үрдістерінің талдауы оның сапасын 2 жылдық динамикасында қамтамасыз ету-"Білім беру қызметтерінің қолжетімділігі", "Білім берудің мазмұны" және "Білім беру жүйесінің нәтижелілігі" арқылы көрсетілген.

Мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асырудың тиімділігі сыртқы және ішкі факторларға байланысты, соның ішінде мемлекеттің экономикалық даму деңгейі, демографиялық және көші-қон үдерістеріне байланысты. Білім беру мемлекет әл-ауқатының деңгейін сипаттайтын жаппай ішкі өнімнің (ЖІӨ) 3 құрамдас бөлігінің құрамына кіреді (ЖІӨ үлесі-4,2%). Абсолютті мәндердің елеулі өсуі кезінде, республиканың білім беру жүйесін қаржыландыру көлемі ЖІӨ қатысты әлем индикаторларымен (ЖІӨ 6 - 8% ) салыстырғанда жеткілікті дәрежеде жоғары емес.

Жаппай өңірлік өнімнің (ЖӨӨ) үлесі ретінде көрсетілген білім берудің жиынтық мемлекеттік шығындары деңгейінде елеулі алшақтықтар бар. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан (ОҚО) (8,4%) және Жамбыл облыстары (7,8%) халық басына шаққанда ЖӨӨ төмен үлесі кезінде "Білім беруге ЖӨӨ" жоғары көрсеткішін көрсетеді. Ал қаржыландыру көлемінің мәні жеткілікті дәрежеде жоғары болатын Атырау облысы (10,3%) "Халық басына шаққандағы ЖӨӨ" көрсеткіші бойынша бұл өңір білім беруге ЖӨӨ ең төменгі пайызын (1,2%) көрсетеді. Осы сияқты үрдісті Алматы қаласы бойынша да көруге болады (сәйкесінше 18,7% және 2,7%).

Осылайша, Алматы және Атырау облысы сияқты өңірлерде экономикалық әлеуетінің жоғары болуына қарамастан, білім беру теңсіздігі қаупін тудырады, ал бұл білім беру жүйесін жаңартудың тиімді тетіктерінің өңірлік деңгейде тежелуіне әкеледі.

Білім беру жүйесінің тиімділілігі мен нәтижелілігін адамның алынған білімінің деңгейі және сапасына сәйкес кәсіби жүзеге асырылуының көрсеткіштері сипаттайды. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің (ҚРСА) деректері бойынша 2012 жылы экономикалық белсенді және жұмыспен қамтылған халықпен бірге жұмыссыз халық санының қатар өсуі байқалады. Бұл ретте 15-28 жастағы жастардың жұмыссыздығы республика бойынша жұмыссыздықтың жалпы деңгейі көрсеткішінен 0,1% артық.

Сапалы білімнің қолжетімділігі ішкі және сыртқы көші-қон ағындарына тікелей байланысты. 2 жыл бойы сыртқы көші-қон қарқындылығының аздаған төмендеуі байқалады (халықтың қоныс аударуы "-1 428" адам). Бұл ретте белсенді урбанизация жалғасуда-қала саны артса, шағын және орта ауылдар саны қысқарып келеді. Осылайша, Астана (+1) және Алматы (+3) қалаларында мектеп құрылысының төмен үрдісі негізсіз болып табылады.

Білім беру жүйесінің ауқымы мен қолжетімдігінің негізгі көрсеткіштері білім беру ұйымдарының желісі және контингенті, олардың аумақтық бөлінуі болып табылады. Республикада әрекет ететін білім берудің жалпы білім беретін ұйымдарының желісі балалар және жеткіншектердің әртүрлі санаттарына қолжетімділікті қамтамасыз етеді, мемлекеттің білім беру кеңістігі халықтың сұрауын ескеріп, қалыптастырылған. "100 мектеп, 100 аурухана" бағдарламасын жүзеге асыру сәтті аяқталды. Бағдарлама аясында 106 мектеп салынды. 2012 жылы болашақта 12 жылдық оқуға өтуге байланысты мектептер құрылысының жаңа бағдарламасы іске қосылды.

Дегенмен оқу мекемелеріне деген қажеттілік әлі де сақталып келеді. Мәселен, апатты жағдайдағы мектептердің көбі Шығыс Қазақстан (ШҚО) (65), Қызылорда (34) және Жамбыл (33) облыстарына тиесілі. Күрделі жөндеуді талап ететін мектептердің ең көбі Оңтүстік Қазақстан (249), Алматы (206) және Жамбыл (177 бірлік) облыстарында орналасқан. Жаңа оқу мекемелерін салудың жоғары қажеттілігі қалалардың экономикалық әл-ауқаты деңгейімен байланысты халық көші-қонының өсуі салдарынан Алматы және Астана қалаларында туындап отыр.

Мектепке дейінгі білім беру желісі көрсеткіштерінің өсуі (сәйкесінше 801 бірлік) тіркелген, бұл "Балапан"бағдарламасының тиімді жүзеге асырылу және мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытудың нәтижесі болып табылады.

Жалпы орта білім берудегі мектептер желісі 2012 жылы 2 бірлікке артты. Өңірлер бойынша мектеп желілерінің артуы Алматы облысында-3 бірлік, ОҚО-2 бірлік, Маңғыстау, Астана қаласы және Алматыда - 1 бірлікке артты. Бұл ретте ШҚО қысқарулардың ең көп мөлшері 20 бірлік, Солтүстік Қазақстанда-16 бірлік және Қостанай облысында-14 бірлікке қысқару тіркелген. Мектептердің қалыптасқан желісіндегі келісілмеу үрдістері және халықтың қоныстану үрдістері тұратын жеріне тәуелсіз білім беру қызметтері сапасына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Сонымен бірге техникалық және кәсіби білім беру (ТжКБ) мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру (ЖКБ) жүйесінде сандық көрсеткіштердің төмендеуі байқалады, бұл ең алдымен солардың желілерін оңтайландырумен (контингент бойынша сәйкесінше 3% және 10%) байланысты. ҚРСА деректері бойынша ТжКБ жүйесінде оқушылардың қамтылуы 1,8%, жоғары білім беруде-2,3% төмендеген.

Білім беруге жұмсалатын шығыстар мемлекет пен қоғамның азаматтардың біліміне бөлінетін назарының дәрежесін көрсететін әлеуметтік дамудың басты көрсеткіштерінің бірі. Білім беруге инвестициялау-мемлекеттің адами әлеуетін арттырудың және экономикалық даму перспективаларын жақсартудың маңызды тәсілі ғана емес, сондай-ақ олар өзіндік құндылыққа ие, себебі білім адамдардың білім көкжиегін кеңейтеді, оларды өзін-өзі дамыту мүмкіндігімен қамтамасыз етеді, олардың материалдық саулығына және салауатты өмір салтына септігін тигізеді.

Сонымен қатар бұл көрсеткіш мемлекет ішіндегі әртүрлі әлеуметтік топтар бойынша білім беру шығыстары қаншалықты тиімді бөлінетінін, білім берудегі мемлекеттік және жеке меншік шығыстар арасындағы қатынасты және сол шығыстардың құрылымын, сондай-ақ онымен байланысты факторларды есептемейді.

Ақылы білім беру қызметтерінің қолжетімділігін және халыққа мемлекеттік қолдау көрсетуді арттыру мақсатында 2012 жылы Мемлекеттік білім берудің жинақ жүйесі туралы (МБЖЖ) заң қабылданды. Білім берудің жинақтаушы шоттарының осы сияқты жүйелері бірқатар мемлекетте бар, мысалы: Бельгия, Канада, Малайзия, Нидерланды, Сингапур, Испания, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ. Сондай шоттарда қаржыны жинақтау жеңілдіктер мен субсидияларды беру жолымен ынталандырылады. Республикада білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ететін 2 тетік әрекет етеді-бұл шамамен студенттердің ширегі оқитын мемлекеттік гранттар және мемлекетпен кепілдік берілетін білім беру несиелері. МБЖЖ халыққа балалардың оқуына қаржыны жинауға мүмкіндік беретін үшінші тетік болуды көздейді.

5 жылда (2008-2012) мемлекеттік бюджеттің білім беруге жұмсалған шығыстары абсолютті сандарда 2 есеге артты. Бұл ретте осы кезең ішінде осы көрсеткіш ЖІӨ қатысты тек 0,2% ғана артты. ЖІӨ жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім берудегі үлесі 0,1%, басқа білім беру бағдарламаларына-0,3% артты. Сонымен бірге осы көрсеткіштің үлесі мектепке дейінгі және орта білім үшін 2011 жылдағы деңгейін сақтап қалды.

ЖОО-да жылына оқытылатын бір студентке жұмсалатын шығыстарТжКБ жүйесіндегі шығыстарға қарағанда 15%, жалпы орта білімнен-35% және мектепке дейінгі білім беру деңгейінен 1,8 есеге артық. Шығыстардың айырмасы белгілі бір деңгейде оқу үдерісіне, білім беру бағдарламаларының күрделілігі дәрежесіне және материалдық-техникалық қордың жасақталуына қойылатын талаптарға байланысты.

Негізгі білім беру саласында салынатын кез келген күрделі қаржы салымдары келесі сұраққа жауап бере алатындай өлшенуі тиіс: олар білім беру қолжетімділігін кеңейтуге және білім берудің барлық деңгейлерінде оқыту сапасын арттыруға қаншалықты септігін тигізеді.

Мектептердің тек 88% ғана кітапханалар бар, және олардың үлесі 1,9% төмендеді. Мұнда тек сандық көрсеткіш қана емес, мектеп кітапханалары жұмысының тиімділігі маңызды. Бұл сұрақ мемлекетті PIRLS-2016 дайындау тұрғысынан алғанда аса өзекті болып табылады.

Жатақханамен қамтамасыз етілгендік бұл көрсеткіштің жоғары білім беру жүйесінде басымдығын көрсетеді. ЖОО жатақханалармен қамтамасыз етілу пайызы ТжКБ салыстырғанда 8,94% жоғары (ЖОО– 74,6%, ТжКБ - 65,7%).

Педагог мәртебесін арттыру Қазақстанның заманауи білім беру саясаты басымдықтарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында педагогтың оң имиджін қалыптастыруға және оны өзін-өзі кәсіби оқытуға уәждеуге бағытталған бірқатар шаралар анықталған. 2012 жылы білім беру деңгейлері бойынша педагогикалық кадрлардың жалпы саны 426 428 адамды құрады, бұл 2011 жылмен салыстырғанда 12 433 адамға артық. Мектеп мұғалімдерінің сандық құрамының 2% өсуі тіркелген. Бұл ретте жұмыс өтілі кемінде 3 жыл болатын жас мамандардың үлесі 0,5% азайды. Бұл үрдіс мектептің педагогикалық корпусын жаңарту тұрғысынан алғанда өзекті. Мамандар ауысымдылығының төмендігі мектеп мұғалімінің зейнеткерлікпен қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігіне негізгі себеп болып табылады. Бүгінде мұғалім-зейнеткердің табысы жұмыс істейтін педагогтың табысынан 3-4 есеге кем. Осылайша мамандардың табиғи ауысымы жүрмейді. Бұдан басқа педагогикалық ЖОО түлектері санының қисынсыз артықтығы білім беру саясаты тиімділігінің теріс үрдісі болып табылады.

Жоғары білімі бар педагогтардың ең жоғары үлесі ТжКБ жүйесінде (90,2%), ең төмені - мектепке дейінгі мекемеде (57,9%) жұмыс істейді.  Әлі де жалпы орта білімі бар педагогтар-мектепке дейінгі мекемеде және ТжКБ  0,6%, жалпы орта білімде- 0,15% жұмыс істейді.

Баяндамада педагогтардың білім деңгейіне қатысты сұрақтары осы көрсеткіштің оқушылардың үлгеріміне әсер ету қырынан келтірілген. ОЖСБ-2012 және БҰТ-2012 орташа ұпайының жоғары білімі бар педагогтардың үлесіне тәуелділігі анық емес.  

Республика бойынша жоғары білімі бар мұғалімдердің жеткілікті дәрежеде жоғары ұпайы болғанда (87,9%) ОЖСБ (Оқу Жетістіктерінің Сыртқы Бағасы) орташа ұпайы-51,6%, БҰТ (Бірыңғай ұлттық тестілеу)-70,91%. Жоғары білімі бар педагогтардың ең жоғары үлесін  (94,3%)  көрсеткен Оңтүстік Қазақстан облысының БҰТ орташа ұпайы (65,66%) ең төмен ұпайлардың бірі. Жоғары санатты мұғалімдердің төмен пайызы (75,3%) Маңғыстау облысында ОЖСБ (49,2%) төмен нәтижесіне себепші болуы мүмкін.

Білім беруді 2020 жылға дейін дамытудың мемлекеттік бағдарламасымен біліктілігін арттырудан және тағлымдамадан өткен, соның ішінде өндірістік кәсіпорындарда өткен ТжКБ ұйымдарының инженерлік-педагогикалық мамандарының үлесін 20% және ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамының (ПОҚ) үлесін 20% көрсеткішіне жыл сайын қолжеткізу анықталған. 2012 жылы осы бағыттағы жұмыс тек сандық көрсеткіштер бойынша ғана емес, сондай-ақ сапалық мазмұны жағынан (өңіраралық салалық орталықтар, ғылыми-зерттеу институттар, шетелдегі кәсіпорындар) белсенді жүргізілгені байқалады.

Баяндамада мектеп педагогтарының деңгейлік бағдарламалардан өту мәселесі кешенді қаралған. 2012 жылы 287 мұғалім 3-негізгі деңгей бойынша және 299-2-негізгі деңгей бойынша оқудан өтті. Бұл ретте бұл жобаны іске асыру тетігін талдау әрбір педагогтың Кембридждік жүйелердің деңгейлік бағдарламалары бойынша біліктілігін арттыруға қатысудың қолжетімділігін және айқындылығын қамтамасыз ету қажеттігін көрсетті (өтініштердің арнайы порталда тіркелуі).

Білім берудің бірыңғай тіктігі әртүрлі деңгейдегі білім беруді басқару органдарының өзара әрекеттесуін қамтамасыз етті. БҰТ-2013 орташа ұпайы 2012 жылдағы көрсеткішпен салыстырғанда 3,56 ұпайға жоғары. Ауыл түлектерінің көрсеткіштері қалалармен салыстырғанда 8,74 ұпайға төмен. Гуманитарлық пәндер бойынша нәтижелер жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерге қарағанда сәттірек.

Жоғары нәтижелерді тек ТКТ-2012 қатысушылардың 1,6%  ғана көрсетті.  Мамандарды барлық бағыттар бойынша дайындайтын 116 ЖОО қатысушы студенттердің  ОЖСБ-2012 жалпы орташа ұпайы-92,59 ұпай. "Білім беру" дайындау бағыты бойынша студенттер үздік нәтижені көрсетті-101,93 ұпай.

9-сынып оқушыларының ОЖСБ-2013 орташа ұпайы 35,81. 12 жылдық оқуға ауысу бойынша тәжірибелік мектептің 10-сынып оқушыларының ОЖСБ-2013 қатысушыларының көрсеткіштері 2,8 ұпайға жоғары. Өңірлерді салыстырғанда мектеп бағасының және ОЖСБ-2013 нәтижелерінің сәйкессіздігі тіркелді.

Тәуелсіз мониторингтік зерттеулерге қатысушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша тесттік тапсырмалардың тек  50-60% орындалуын көрсетті.  Толық және аргументтелген жауапты талап ететін тесттік тапсырмалар оқушылар үшін аса ауыр болды.

СТБ-2012 нәтижелері бойынша ТжКБ 123 483 түлегінің   72,5% белгіленген үлгідегі біліктілікті беру туралы сертифик ЭОСҚ атты алды.

14 қазақстандық ЖОО Ұлттық тізбеге кірген шетелдік аккредиттеу органдарымен аккредиттелді. "Рейтинг-2012" көшбасшыларының үштігі: Қазақстанның ЖОО білім беру бағдарламалары бойынша саралауды Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті бастайды.

ҚР Үкіметінің "Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы" Қаулысын жүзеге асыру аясында алғашқы рет "Халықтың білім беру саласындағы ақпаратқа қолжетімділігі (Білім беру басқармаларының сайттары бойынша зерттеу)" тақырыбында тәуелсіз әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Қостанай облысы Республиканың Білім беру басқармасының 16 ресми веб-сайты ішіндегі 15 арасында көш ілгері тұр.

Ұлттық баяндама білім берудің ақпараттық материалдарының оқиғалық қатарын және статистикалық көрсеткіштерді жүйеледі. 2012 жыл жүзеге асырылып жатқан қазақстандық білім берудегі бастамалардың жетістікке жетуімен ерекшеленді. Қазақстандықтардың 4 миллионынан артығы сәтті тұлғалық және кәсіби жүзеге асуға қажетті дағдылар мен білімдерді меңгеріп, білім алуда.

Педагогикалық және басқару қауымдастығымен Ұлттық баяндамада ұсынылған ақпаратты кәсіби пайдалануы білім беру саясатының тиімді және нәтижелі жүзеге асырылуына септігін тигізетін болады.

Дамудың жолдарын одан әрі болжау 2012 жылы білім беру көрсеткіштері бойынша нысаналы индикаторларға қолжеткізу екпінің өсуі 2015 жылы Қазақстанды Біріккен Ұлттар Ұйымы Бағдарламасының беделді Адами даму рейтингісінің өте жоғары деңгейі бар мемлекеттер қатарынан орын алуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

"Білім берудегі жоғары сапа және көшбасшылық-2013" халықаралық конференция баяндамалары мен ғылыми мақалаларының жинағы, Назарбаев зияткерлік мектептері, 2013, Астана қ.

Менеджер, Техникалық және кәсіптік білімді дамыту департаменті