You are here

Жедеғабыл сұхбат

Printer-friendly versionPDF version

Жоба: 

 "Ұлттық Талдау Орталығының Адами капиталы" (NAC) бюллетені, мамыр, 2014ж.

2012 жылы функционалдық сауаттылық деңгейлерінің қандай үрдісі тіркелді?

2013 жылғы 3 желтоқсанда ЭЫДҰ PISA-2012 15 жастағы білім алушылардың оқу жетістіктерін халықаралық зерттеудің нәтижелерін жариялады. PISA тесті оқушылардың академиялық білімін емес, оларды әртүрлі өмір жағдайларында пайдалану, атап айтқанда «Life Skills» қабілетін өлшейтініне баса назар аударғым келіп отыр.  Халықаралық тест өмірден алынған тапсырмаларды қамтиды, олар қарапайым әрі түсінікті. Өз кезегінде оларды шешу үшін базалық пәндік білім мен жай ойда сақтау жеткіліксіз, материалдың мәнін түсіну маңызды.

Қазақстанның PISA-2009 салыстырғанда оқушылардың математикалық және жаратылыстану-ғылыми функционалдық құзыреттіліктері бағытында нәтижелері жақсарды. Математикалық сауаттылық бойынша нәтижелілік көрсеткішінің өсімі 27 балды (2009 жылы - 405 балл, 2012 жылы - 432 балл) және  жаратылыстанудан 25 балды (2009 жылы - 400 балл, 2012 жылы - 425 балл) құрады. Бұл 1000 балдық халықаралық шкала бойынша елдің орташа баллының жоғарғы өсімі және жақсарудың жеткілікті жақсы динамикасы болып табылады.

Өз кезегінде 218 білім беру ұйымдарының 5808 қазақстандық 15 жастағы білім алушылар, PISA-2012 жобасына қатысушыларды іріктеу осындай болды, оқу сауаттылығы бағыты бойынша жұбатпайтын нәтижелерді көрсетті. Елдің жалпы қорытынды нәтижесі - 393 балл. Бұл, әрине, өте нашар нәтиже болды.

Оқу сауаттылығы оқушының мәтіннің басты тақырыбын анықтау, оның мазмұнын сыни талдау, ақпаратты түсіндіру және қойылған сұраққа толық жауапты тұжырымдау қабілеттерін анықтайтын тапсырмаларды орындау арқылы бағаланады. Өкінішке орай, біздің оқушылар кескін мен кестелермен қоса берілген "үзілмелі" мәтіндермен жұмыс жасау дағдыларының төмен деңгейін көрсетті. 

Қазақстандық оқушылардың оқу сауаттылығы деңгейінің төмен болуына отбасындағы оқу мәдениетінің төмендігі себеп болуы мүмкін. Мысалы, PISA-2012 жобасына қатысқан қазақстандықтар үйлерінде орташа есеппен 150-ден аспайтын кітап данасы бар екенін белгіледі. Ал Қытай, Сингапур, Корея сияқты жобаның көшбасшы елдерінде бұл көрсеткіш 250-ден артық болды. Сондықтан оқу процесінде және отбасында оқуға деген қызығушылықты арттыруға жағдай жасау өте өзекті болып отыр. 

Функционалдық сауаттылықты жоғарылату үшін зерттеудің нәтижелері бойынша 2012 жылы Қазақстанда қандай іс-шаралар, шешімдер қабылданды?

PISA-2012 нәтижелері бізге қазақстандық мектептегі білім берудің жетістіктерін және мәселелерін шынайы бағалауға мүмкіндік берді. Біздің Орталық жобаның ұлттық үйлестірушісі ретінде ЭЫДҰ ұсынған және Ұлттық есепте жарияланған деректердің жете талдауын жасады. Бұнда өңір - қала - ауыл - оқыту тілі - тапсырмалардың орындалу % контекстінде салыстырмалы талдауы жеткілікті дәрежеде толық берілген.  

Нәтижелердің төмен болуы және бұл жобадағы көрсеткіштерді жақсартудың жолдары ғана емес, мектеп түлектерінің "функционалдық құзыреттіліктері" бағытындағы "үрдістің" нақты механизмдері білім беруді басқарудың әртүрлі деңгейлеріндегі көптеген жұмыс отырыстарының күн тәртібіндегі басты мәселелеріңің бірі болып табылады. 

PISA бірегей зерттеуінің негізгі әдістемелік қағидаттары білім беру бағдарламалары, оқулықтар, ұлттық тестілеу және т.б. сияқты тұжырымдамалық мәселелерді талқылау кезінде анықтап алынады. Және бұл сыни маңызды әрі дұрыс, өйткені халықаралық емтихандардың нәтижелерін кәсіби пайдалану бүкіл білім беру саясатының басты тезисін - қазақстандық білім берудің бәсекеге қабілеттілігін жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. 

Сіздің ойыңызша, PISA нәтижелерінің және, жалпы алғанда, білім сапасының жақсаруына қандай факторлар кедергі келтіреді?

Біз үшін білім беру сапасының халықаралық жарысында жай ғана "қуып жету және басып озу" басты нәрсе емес. Бәрінен бұрын, нәтижелерге нақты қандай факторлар ықпал еткенін түсіну және анықтау маңызды. 

Халықаралық сарапшылар көптеген факторлардың параметрлері бойынша әр мемлекет оқушыларының PISA тапсырмаларын орындау нәтижелілігінің көрсеткіштеріне есеп жүргізеді. Бұл - мектептің инфрақұрылымы да, интернет желісінің мектепте де, үйде де қолжетімді болуы, мектептің орналасқан жері, пән мұғалімдерінің кәсіби деңгейі, тестілеуге қатысушы отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі және көптеген басқа да факторлар.

Біздің балаларымыздың мектептегі жетістіктері, бұдан әрі табысты оқуы, колледжде немесе ЖОО-да болсын, бәрі ертең басты - адамның табыстылығына әсер ететіні даусыз. Сіздің сұрағыңызға жауап бере отырып, меніңше, оқушының оқудағы табыстылығы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігіне тікелей байланысты болады. Халықаралық зерттеу қорытындыларының талдауы 5 көшбасшы елдердің зерттеуге қатысқан оқушылардың 95%-ы мектепте біліктілігі жоғары мұғалімдерден білім алатынын көрсетті. Ал зерттеуге қатысқан 15 жастағы қазақстандықтардың 31%-ы жаратылыстану ғылымдары, 32%-ы  математика пәнінен және 20%-ы тіл және әдебиет пәні бойынша білікті мұғалімдердің жетіспеушілігі бар мектептерде оқиды.  

Қазақстандық мектеп бүгін біздің педагогикалық ЖОО-да жоғарғы кәсіби деңгейде даярланған мұғалімдерді аса қажет етеді. "Білім берудің сапасы онда жұмыс істейтін мұғалімдердің сапасы деңгейінен жоғары болуы мүмкін емес" деген пікір бар. 

Білім беру мазмұнының жаңартылуы (МЖБС, оқу бағдарламалары, оқулықтар) оқушылардың функционалдық сауаттылығына қалай әсер етеді?

Біз өзіміз үшін ешқандай "кеудемсоқтықсыз" «Бұрын белгілі болғанның көбісі бүгін жеткіліксіз, ал кейбір жағдайларды пайдасыз" деген пікірді нақты және анық түсінуіміз және қабылдауымыз керек. Бірақ оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бағытының "жетіспеушілігін" толтыру оқу бағдарламалары мен оқулықтарды күрделілендіру деген сөз емес. 

Қазір стандарттар мен оқу бағдарламаларының қазақстандық әзірлеушілері оқушылардың тар шеңберлі пәндік емес, пән үстілік білімін қалыптастыру мәселелерін жеткілікті түрде терең анықтап алуда. Өз кезегінде, айтпақшы, мектеп қана емес, сонымен қатар ЖОО әдебиетінің авторына оқулықтардың контентін өмірдің шынайылығына жақын оқу материалдарын интерпритациялау жағынан жетілдіру керек. Ақпараттық материал оқушылардың "мен пән туралы білім жатырмын" емес, "мен қалай іс-әрекет ету керек екенін үйреніп жатырмын" деген ішкі мақсатының қалыптасуына ықпал ету керек.

Оқушыны ернеуіне дейін біліммен толтыру керек болатын "ыдыс" ретінде қарастырмау керек. Адамның білімі емес, оның сол біліммен не істей алатыны табысқа әкеледі. 

Міне, мысалы, PISA  жобасының келесі кезеңі оқушының топта жұмыс істеу дағдыларының, жеке шешімді қабылдауда өзіне жауапкершілік алу қабілетінің деңгейін анықтайтын тесттік сұрақтардың нысанын қарастырады. Біз бұдан ары жарысуға дайынбыз ба?!

Сондықтан білім берудің мазмұнын жаңғыртуды жеделдету керек, және жұмысты барлық "бағыттар" бойынша жүргізу маңызды. Олай болмаса, нашар нәтижеге қол жеткіземіз. Мектептегі ғана емес, сонымен қатар, мысалы жоғары оқу орны педагогикалық білім беру мазмұнын толық ауқымды жаңарту өте қажет!