You are here

Жетекші шетелдік университеттердегі автономия және Қазақстандық ЖОО-на арналған мүмкіндіктер

Printer-friendly versionPDF version

"Білімді ел - образованная страна" №19 (56) от 11 октября 2016г.

Заманауи әлемде ЖОО-лар білім, ғылым, мәдениет саласында, әлеуметтік-экономикалық қарым-қатынастарда мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытуда маңызды роль атқарады.

Жоғары білім беру жүйесі сыртқы ортаның өзгерістеріне өте сезімтал келеді. Осылайша, технологиялардың дамуы ЖОО институционалды қызмет етуіне ықпал етті. Технологиялар аса дамыған жаңа дәуірде (ХХ-ғасырдың ортасы) ЖОО басқарудың ішкі ортасын өзгертуге және нарықтық қарым-қатынастар қағидаттары бойынша жұмыс істеуге мәжбүр болды.

Б.Кларк айтуынша, ЖОО бұдан әрі дәстүрлі институттар болып қала алмады, өйткені басқарудың бұл үлгісі қоршаған ортаның сұраныстарына тез бейімделуге мүмкіндік бермейді. Заманауи ЖОО-дан күтілетін үміттер үнемі артып келеді. Мемлекеттер ЖОО-лар олардың әлеуметтік серіктестері болады деп күтуде. Студенттер, негізгі игілік алушылар ретінде, сапалы білім алғысы келеді. Қоғам ЖОО-дан біліктілігі жоғары мамандарды даярлауды күтеді. Сондықтан заманауи ЖОО бұл – басқару қағидаттары дәстүрлі академиялық құндылықтармен аралас келетін ұйымдар[1].   

Анықтама үшін: Бертон Кларк (1921-2009жж.) – білім беру саласындағы ұлы әлеуметтанушы. Ол білім беруді жалпы дамуына айтарлықтай үлес қосты. Өзінің білім беру жүйесіндегі еңбек жолында АҚШ-тың жетекші ЖОО-ында (Беркли, Гарвард) жұмыс істеді. «Кәсіпкерлік университеттерді құру», «Университеттердегі өзгерістерді қолдау», «Жоғары білім беру жүйесі» кітаптарының және басқа да еңбектерінің авторы.

ЖОО автономиясы – ЖОО-дағы менеджментті орталықтандыру. ЖОО-ны басқару оқу ұйымының өзіне өтеді[2]

2007 жылғы Лиссабон декларациясы ЖОО автономиясының төрт түрін бөліп көрсетеді:

  • Академиялық автономия – академиялық бағдарламалар, оқыту әдістері және бағыттары, пәндер, ғылыми дәрежелерді тағайындау туралы шешімдер қабылдау қабілеті.
  • Ұйымдастырушылық автономия – құрылымдық бөлімшелерді тәуелсіз құру және лауазымдарды тәуелсіз бекіту, келісімшарттар тәуелсіз жасасу, лауазымдық тұлғаларды және басқарушы органдарды тәуелсіз таңдау мүмкіндігі.
  • Қаржылық автономия – қаржыны алу және үлестіру, студенттердің оқуақысы туралы шешімдерді қабылдау, профицитті жинау қабілеті.
  • Кадрлық автономия рекрутинг, мансаптық ілгерілеу және ЖОО ПОҚ жалақысын анықтауға жауапты болуды қамтиды.

ЖОО автономиясын кеңейту: Финляндияның тәжірибесі

Финляндия мен Қазақстанның алғышарттары ұқсас. Екі мемлекетте де екітілділік дамыған (Қазақстан – қазақ және орыс тілдері, Финляндия – фин және швед тілдері). Тарихи тұрғыдан екі мемлекет те анағұрлым ірі мемлекеттердің құрамына кірген, бұл мемлекеттің бұдан әрі дамуына ықпал етті (Қазақстан 1920-1991жж. КСРО, Финляндия 1809-1919жж. Ресей империясының құрамында болды[3]). Екі мемлекеттің білім беру жүйелерінде жоғары білім беруді орталықтандырылған басқару өңірлік қажеттіліктерді ескерумен біртіндеп анағұрлым икемді басқаруға ауысып жатыр.     

1970-жж. соңында ЭЫДҰ Еуропаның 52 ЖОО-нда шешімдер қабылдаудың құрылымы бойынша зерттеулер өткізді. 20 мәселе – «автономия индексі» бойынша шешім қабылдаудың институционалдық билігі негізінде «Автономияның салыстырмалы индексі» анықталды. ЭЫДҰ-ның 2003ж. Университеттердің автономиясы жөнінде өткізген зерттеуі бүкіл әлемде жоғары білім беру саласындағы өзгеріп жатқан жағдайын көрсетті.

Финляндияның білім беру жүйесін реформалау Еуропадағы өзгерістермен қатар жүрді. Осылайша, мысалы, түбегейлі өзгерістердің басталуы кейбір дәрежеде 1990жж. жоғары білімнің «бастамалық дағдарысына» жауабы болды. Фин білім беру жүйесіне тән Университеттерді директивті стильде басқару өзін-өзі тауысты. Осылайша, ЖОО институционалдық автономиясын жоғарылату қажеттілігі айқын болды. Финляндия ЖОО-ның автономияға өтуі нарықтық экономиканың ықпалымен байланысты. Дегенмен, ЖОО-да оқыту жоғары білімнің әлеуметтік мәніне байланысты тегін болды да, болады да.    

1999ж. Фин Үкіметінің білім беру саласындағы Бесжылдық жоспары іске қосылды. Оның негізгі мақсаты - Болон моделінің элементтерін фин жүйесіне енгізу және Финляндияның бірыңғай еуропалық білім беру кеңістігіне қатысуы. Финляндияның университеттер туралы акты (1997ж. қабылданған, 2011ж. өзгертулер енгізілді) ЖОО автономиясының негізгі ережелері жазылған басты құжаттардың бірі.

Финляндия әлемдік рейтингтерде көшбасшы позицияларды алады. БҰҰ-ның «Ғаламшардың ең бақытты адамдары» рейтингі бойынша Финляндия 157 мемлекеттің ішінде топ-10 кіріп, 5-орында тұр[4] (Қазақстан – 54-орын). IMD рейтингі мемлекеттер мен өңірлердің жұмыс орындарын құру және өз халқының әл-ауқатын жоғарылату мүмкіндіктерін өлшейді. Бұл рейтингте Финляндия 2016 жылғы қорынтындылар бойынша 61 елдің ішінде 20-орынға ие болды[5] (Қазақстан – 47-орын). U21 Жоғары білім берудің ұлттық жүйелерінің рейтингінде Финляндия 2016 жылы 50 мемлекеттің ішінде 5-орынға ие болды[6] (Қазақстан – 47-орын, 2014 жыл). U21 рейтингі ЖОО-лар өз елдерінің экономикалық және мәдени дамуына үлесін қосатын елдің ішкі жағдайының маңыздылығын атап көрсетеді.   

Ұйымдастырушылық автономия

Университеттердің еуропалық қауымдастығы (УЕҚ) Финляндияның ЖОО ұйымдастырушылық автономиясын 91%-ға бағалады (Қазақстан – 65%) (1-кесте).

1-кесте. Финляндия мен Қазақстанның ЖОО-дағы ұйымдастырушылық автономия туралы деректер

Ұйымдастырушылық автономияның индикаторы

Финляндия

Қазақстан

Ректорды сайлау рәсімі (0% - сыртқы мемлекеттік органдармен реттеледі, 100% - институционалдық деңгейде реттеледі)

100%

50%

Ректорды іріктеудің критерийлері (0% - ректорды іріктеудің критерийлері НҚА-де тіркелді, 100% -  ректорды іріктеу институционалдық деңгейде реттеледі)

75%

80%

Ректорды жұмысынан босату (0% - сыртқы мемлекеттік органдармен реттеледі, 100% -  институционалдық деңгейде реттеледі)

100%

60%

Ректордың өкілеттік мерзімі (100% -   ректордың өкілеттік мерзімі НҚА-де жазылмаған)

60%

(Ректордың өкілеттігінің ең ұзақ мерзімі - 5 жыл)

100%

Басқарудың ұжымдық органдарындағы сырттан келген өкілдер (100% - ЖОО-лар басқарудың ұжымдық органдарының құрамына кіретін сырттан келген өкілдерді өздері анықтайды)

100%

37,5%

Академиялық құрылымдық бөлімшелерді құру (100% - ЖОО-лар академиялық құрылымдық бөлімшелерді дербес құруға құқықтары бар)

100%

75%

Заңды тұлғаларды құру (100% - ЖОО-лар  заңды тұлғаларды дербес құруға құқықтары бар)

100%

50%

Дереккөз: http://www.university-autonomy.eu/countries/finland/

АТО АҚ зерттеуі, 2014ж.

УЕҚ рейтингіне қатысқан 29 мемлекеттің ішінде Финляндия ұйымдастырушылық автономияның деңгейі бойынша 3-орынды алады (1-сурет).

1-сурет. ЖОО-дағы ұйымдастырушылық автономияның деңгейі бойынша мемлекеттердің рейтингі

Дереккөз: http://www.university-autonomy.eu/countries/finland/

Байқау Кеңесі Финляндияда ЖОО-дың жоғарғы атқарушы органы болып табылады. Байқау Кеңесі ЖОО-да даму стратегиясын және басқару қағидаттарын анықтайды, ЖОО қаржы саясатының мәселелерін реттейді. Байқау Кеңесі ректор мен оның кеңсесін сайлау және қажеттілік туындаған кезде жұмыстан босату жөніндегі шешімдерді қабылдайды. Байқау Кеңесінің міндеттеріне ЖОО-ның институционалдық ережелерін және ұйымдастыру құрылымын әзірлеу, ЖОО-ға студенттерді қабылдау кіреді. 

Байқау Кеңесінің сандық құрамы - 7-14 мүше. Байқау Кеңесі өкілдерінің нақты санын ЖОО ұжымы анықтайды. Ұжымдық шешімді ЖОО-ның ПОҚ, ӘБП, студенттері қабылдайды.

Финляндия ЖОО-ның ұйымдастырушылық автономиясының жоғары дәрежесі ұлттық деңгейде әсер етеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің (ДЭФ ЖБИ) 2015/2016 «Менеджемент мектептерінің сапасы» индикаторына сәйкес Финляндия 140 мемлекеттің ішінде 13-орынды алады (2-сурет).

2-сурет. ДЭФ ЖБИ рейтингіндегі менеджмент мектептерінің сапасы бойынша мемлекеттер туралы деректер, 2015/2016

Дереккөз: http://www.university-autonomy.eu/countries/finland/

Академиялық автономия

УЕҚ бағалауына сәйкес Финляндия ЖОО академиялық автономиясы небәрі 88% құрайды (Қазақстан – 51%) (2-кесте).

2-кесте. Финляндия мен Қазақстанның ЖОО-дағы академиялық автономия туралы деректер

Академиялық автономияның индикаторы

Финляндия

Қазақстан

Студенттердің санын анықтау (100% - ЖОО студенттердің контингентін өзі анықтайды)

60%

80%

Бакалавриат деңгейінде студенттерді қабылдау (100% -  ЖОО-ға қабылдау критерийлерін ЖОО өзі анықтайды)

100%

33,3%

Магистратура бағдарламаларына студенттерді қабылдау (100% -  ЖОО-ға қабылдау критерийлерін ЖОО өзі анықтайды)

100%

33,3%

Бакалавриат деңгейінде білім беру бағдарламаларын ашу (100% - ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын дербес ашуға құқығы бар)

80%

20%

Магистратура деңгейінде білім беру бағдарламаларын ашу (100% -  ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын дербес ашуға құқығы бар)

80%

20%

Докторантура деңгейінде білім беру бағдарламаларын ашу (100% -  ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын дербес ашуға құқығы бар)

80%

20%

Білім беру бағдарламаларын әзірлеу мүмкіндігі (100% -   ЖОО-ның білім беру бағдарламаларының мазмұнын дербес анықтауға құқығы бар)

100%

75%

Білім беру бағдарламаларын жабу (100% -  ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын дербес жабуға құқығы бар)

60%

50%

Бакалавриат/магистратура бағдарламалары бойынша оқыту тілі (100% - ЖОО-ның оқыту тілін таңдауға құқығы бар)

100%

66,6%

Сапаны қамтамасыз ету механизмдері (100% -  механизмдерді мемлекеттік орган анықтайды)

100%

50%

Сапаны қамтамасыз ететін провайдерлерді таңдау (100% -  провайдерлерді  мемлекеттік орган анықтайды)

100%

33,3%

Дереккөз: http://www.university-autonomy.eu/countries/finland/

АТО АҚ зерттеуі, 2014ж.

УЕҚ рейтингінің 29 мемлекетінің ішінде Финляндия академиялық автономияның деңгейі бойынша 5-орында тұр (3-сурет).

3-сурет. ЖОО-дағы академиялық автономия деңгейі бойынша мемлекеттердің рейтингі

Дереккөз: http://www.university-autonomy.eu/countries/finland/

Хельсинка университетінде жұмысберушілер магистранттарға диссертациялардың тақырыптарын ұсынады. Жұмыс беруші тақырыптарды http://www.aarresaari.net/ сайтына жариялайды. Белгілі бір тақырыпқа қызыққан магистрант жұмыс берушінің ұсынысына жауап беруіне болады. Содан кейін комиссия магистерлік диссертацияның тақырыбын бекітеді.

Финляндия ЖОО-ның академиялық автономиясының жоғары дәрежесі QS World University Rankings (QS WUR) рейтингінің көрсеткіштерінде көрініс тапты. Осылайша, QS WUR рейтингінде Хельсинка университеті математикадан үздік ЖОО-дың Топ-100 кірді (2-кесте).

3-кесте. QS WUR 2016/2017 пәндік рейтингінің ЖОО туралы деректері

Орын

ЖОО

1

Кембридж университеті

2

Гарвард университеті

30

Пекин университеті

33

М.Ломоносов атындағы ММУ

96

Хельсинка университеті

301-400

Сент-Луистегі  Вашингтон Университеті

301-400

Сямынь университеті

Дереккөз: http://www.topuniversities.com/university-rankings/university-subject-rankings/2016/mathematics#sorting=rank+region=+country=+faculty=+stars=false+search=

Анықтама үшін: QS WUR рейтингі ғылыми ортадағы академиялық беделін (40%), жұмысберушілер арасындағы беделді (30%), дәйексөз келтіру индексін (15%), Хирш индексін (15%) есепке алады.

Кадрлық автономия

УЕҚ Финляндия ЖОО-ның кадрлық автономиясын анағұрлым жоғары бағалайды – 92% (Қазақстан – 84%) (4-кесте).

4-кесте. Финляндия мен Қазақстанның ЖОО-дағы кадрлық автономия туралы деректер

Кадрлық автономияның индикаторы

Финляндия

Қазақстан

ПОҚ іріктеу рәсімі (100% - ПОҚ іріктеу критерийлерін мемлекеттік органдар реттейді)

100%

87,5%

ПОҚ жалақысы (100% - ПОҚ жалақысы сыртқы стейкхолдерлермен келісіледі)

67%

87,5%

ПОҚ ілгерілеуі (100% - ЖОО-лар мансаптық мүмкіндіктерді өздері анықтайды)

100%

75%

ПОҚ жұмыстан босату (100% - қызметкер негізсіз жұмыстан шығарудан қорғалған)

100% (өмірлік келісімшарт)

100%

ӘБП іріктеу рәсімі (100% - ӘБП  іріктеу критерийлерін мемлекеттік органдар реттейді)

100%

87,5%

ӘБП  жалақысы (100% -   ӘБП   жалақысы сыртқы стейкхолдерлермен келісіледі)

67%

62,5%

ӘБП  ілгерілеуі (100% -  ЖОО-лар мансаптық мүмкіндіктерді өздері анықтайды)

100%

75%

ӘБП   жұмыстан босату (100% -  қызметкер негізсіз жұмыстан шығарудан қорғалған)

100% (өмірлік келісімшарт)

100%

Дереккөз: http://www.university-autonomy.eu/countries/finland/

АТО АҚ зерттеуі, 2014ж.

УЕҚ рейтингінің 29 мемлекетінің арасында Финляндия кадрлық автономияның деңгейі бойынша 6-орында тұр (4-сурет).

4-сурет. ЖОО-дағы кадрлық автономияның деңгейі бойынша мемлекеттердің рейтингі

Дереккөз: http://www.university-autonomy.eu/countries/finland/

Адами даму индексі бойынша 188 мемлекеттің ішінде Финляндия ұлттық деңгейде 24-орында тұр және адами дамудың көрсеткіштері жоғары мемлекеттерге жатады (5-сурет). Индекс туылған кездегі өмірдің күтілетін ұзақтығы (Финляндия – 80,8 жыл, Қазақстан - 69,4 жыл), оқытудың күтілетін ұзақтығы (Финляндия – 17,1 жыл, Қазақстан – 15 жыл), оқытудың орташа ұзақтығы (Финляндия – 10,3, Қазақстан - 11,4) және жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс (ЖҰТ) (Финляндия – $38 695, Қазақстан – $20 864) сияқты компоненттерді қамтиды.

5-сурет. Адами даму индексі бойынша мемлекеттердің рейтингі, 2015

Дереккөз: http://hdr.undp.org/en/content/human-development-index-hdi

Ғалымдар мен инженерлердің қолжетімділігі бойынша Финляндия 140 елдің ішінде 1-орында тұр. Өнеркәсіптік орта мен университеттердің ҒЗТКЖ саласындағы ынтымақтастық жоғары көрсеткіштерімен (1-орын) қатар фин үкіметі инновациялар (2-орын) үшін қолайлы ортаны жасайды. Бұл топ ЖОО рейтингтерінде олардың университеттерінің позицияларының жақсаруына ықпал етті. Мысалы, Хельсинка Университеті Әлем университеттерінің Шанхай академиялық рейтингінде 74-орыннан (2003ж.) 56-орынға (2016ж.) көтерілді (7-сурет).

7-сурет. Ғалымдар мен инженерлердің қолжетімділігі ДЭФ ЖБИ рейтингіндегі мемлекеттер туралы деректер, 2015/2016

Дереккөз: http://reports.weforum.org/global-competitiveness-report-2015-2016/competitiveness-rankings/

Институционалдық деңгейде Хельсинки университетінде ЖОО оқытушыларының кәсіби дағдыларын жетілдіру бойынша үнемі  жұмыс жасалады. ПОҚ бағалау ережелерін декан белгілейді, олар екі негізгі тармақтан тұрады: оқыту дағдылары және ашық сабақтарды бағалау.

Оқыту дағдылары төмендегі көрсеткіштерге сүйеніп бағаланады:

  • ЖОО-да немесе білім берудің басқа ұйымдарында оқыту тәжірибесі;
  • оқыту сапасы: оқыту мақсаттарына қол жеткізу туралы есептер;
  • оқыту әдістерінің сипаты және олардың тиімділігін бағалау; 
  • студенттердің пікірлері;
  • оқу жоспары;
  • педагогикалық даярлық: ЖОО-дағы педагогикалық курстар, оқытушылардың педагогиканы меңгеруі және басқа арнайы білімді алу;
  • басқа оқытушылық еңбектері: оқу материалдарын әзірлеу және оқыту саласында зерттеулер өткізу.

Қаржылық автономия

УЕҚ индикаторларына сәйкес Финляндия ДОО қаржылық автономиясы небәрі 42% құрайды (Қазақстан – 38%) (5-кесте).

5-кесте. Финляндия мен Қазақстан ЖОО-дағы қаржылық автономия туралы деректер

Қаржылық автономияның индикаторы

Финляндия

Қазақстан

Мемлекеттік қаржыландыру циклінің ұзақтығы (100% - мемлекеттік қаржыландыру 1 жылдан астам уақытқа созылады)

60%

66,6%

Мемлекеттік қаржыландырудың түрі (100% - ЖОО мемлекеттік қаржыландыруды пайдалануды дербес реттейді)

100%

(блок-гранттар)

20%

(атаулар бойынша)

Несиелеу мүмкіндігі (100% - ЖОО-лар сыртқы органдардың келісімінсіз несие ала алады)

100%

66,6%

Жылжымалы мүлікті иемдену және басқару (100% - ЖОО жылжымалы және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік органның келісімінсіз дербес басқарады)

80%

16,6%

Профицитті сақтау мүмкіндігі (100% - ЖОО профицитті жылдың қорытындылары бойынша сақтайды)

100%

16,6%

Ұлттық студенттер (бакалавриат) үшін оқу ақысын анықтау (0% - ЖОО-дағы  оқу тегін, 50% - ЖОО оқу ақысын мемлекеттік органның келісімімен белгілейді, 100% - ЖОО оқу ақысын өзі белгілейді)

0%

40%

Шетелдік студенттер (бакалавриат)  үшін оқу ақысын анықтау (0% -   ЖОО-дағы  оқу тегін, 50% -  ЖОО оқу ақысын мемлекеттік органның келісімімен белгілейді, 100% -  ЖОО оқу ақысын өзі белгілейді)

0%

40%

Ұлттық студенттер (магистратура) үшін оқу ақысын анықтау  (0% -  ЖОО-дағы  оқу тегін, 50% -  ЖОО оқу ақысын мемлекеттік органның келісімімен белгілейді, 100% -  ЖОО оқу ақысын өзі белгілейді)

0%

40%

Шетелдік студенттер (магистратура) үшін оқу ақысын анықтау (0% -  ЖОО-дағы  оқу тегін, 50% -  ЖОО оқу ақысын мемлекеттік органның келісімімен белгілейді, 100% -  ЖОО оқу ақысын өзі белгілейді)

0%

40%

Ұлттық студенттер (докторантура) үшін оқу ақысын анықтау  (0% -  ЖОО-дағы  оқу тегін, 50% -  ЖОО оқу ақысын мемлекеттік органның келісімімен белгілейді, 100% -  ЖОО оқу ақысын өзі белгілейді)

0%

40%

Шетелдік студенттер (докторантура)  үшін оқу ақысын анықтау  (0% -  ЖОО-дағы  оқу тегін, 50% -  ЖОО оқу ақысын мемлекеттік органның келісімімен белгілейді, 100% -  ЖОО оқу ақысын өзі белгілейді)

0%

40%

Дереккөз: http://www.university-autonomy.eu/countries/finland/

АТО АҚ зерттеуі, 2014ж.

Қаржы автономиясының осындай төменгі мәні Финляндияны УЕҚ рейтингінің 29 мемлекеті ішінде 16-орынға қойды (8-сурет).

           8-сурет. ЖОО-дағы қаржылық автономия деңгейі бойынша мемлекеттердің рейтингі

Дереккөз: http://www.university-autonomy.eu/countries/finland/

ЖОО-да оқу ақысының болмауы – Финляндия ЖОО қаржы автономиясы деңгейінің төмен болуының негізгі себебі. Финляндияда фин және швед тілдерінде жоғары білім алу Финляндия азаматтары үшін де, шетелдік студенттер үшін де тегін. Бұл Финляндия университеттері туралы Акттің 8-бабында делінді.

Анықтама үшін : 2014 жылғы қазанда Финляндияныі білім министрі Криста Киуру 2016 жылдан бастап ЕО кірмейтін мемлекеттердің студенттеріне оқу ақысын төлетуді енгізу туралы ұсыныс жасады. Дегенмен, қоғам министрдің бастамасын қолдамады. Студенттер одағы бұл жаңалық Финляндия азаматтары үшін жоғары білім ақылы болуына әкеліп соқтырады деп қорықты. Білім министрлігі фин ЖОО әлемдік білім беру нарығында беделі артады деп өз шешімін негіздеді. Қоғам болса, шетелдік студенттер білімнің интернационалуына ықпал етеді деп айтты (2013ж. Финляндиядағы шетелдік студенттердің үлесі – 7%). Осылайша, Білім министрлігінің бастамасының жолы болмады.  

Осылайша, «Ұлттық/шетелдік студенттер үшін оқу ақысын анықтау», «Ұлттық/шетелдік магистранттар үшін оқу ақысын анықтау», «Ұлттық/шетелдік докторанттар үшін оқу ақысын анықтау» индикаторларды ескерілмесе, фин ЖОО қаржы автономиясы айтарлықтай дамыған деуге болады.

Сонымен қатар, қаржы автономиясы индикаторлары Университеттер туралы Акттің 5-бабында заңмен бекітілді: «Финляндияның ЖОО-лары тәуелсіз заңды тұлғалар болып табылады және жылжымайтын мүлікті иемдену және басқару, бизнеспен ынтымақтастық жасау, профицитті сақтау мүмкіндіктері бар»[7].

Қазақстан мен Финляндиядағы автономияның деңгейін салыстырмалы талдау ЖОО автономиясын кеңейту еліміздің халықаралық көрсеткіштеріне оң әсер ететінін көрсетті. ЖОО-дың еліміздің дамуына қосатын үлесін бірден бағалау мүмкін емес. ЖОО болмашы өнім шығарады, лездік нәтижесі болмауы мүмкін. Автономия – ЖОО-дың жағдайы мен ішкі ортасы, ол ЖОО-дың анағұрлым көп үлес қосуына ықпал етеді.

Финляндияның тәжірибесі Қазақстан ЖОО автономиясын кеңейтудің дұрыс жолында келе жатқанын көрсетеді. Дегенмен, автономияның қағидаттарын жүйелі деңгейде енгізу барысында УЕҚ автономиясы индикаторларының жиектемесін қолдану керек[8]. Автономияны жалпы жүйені жүргізбей енгізу қоғамның жоғары білімге деген сенімін жоғалтуға әкеп соқтыруы мүмкін, өйткені қоғам орталықтандыруды мемлекеттік бақылаудың жоғалуы деп түсінеді. Автономия түсінігі болса, керісінше, ЖОО-ның ең алдымен қоғам алдында ашық болуды және есеп беруді білдіреді. Сондықтан  Қазақстанда ЖОО автономиясын ары қарай дамыту аталған факторларды ескерумен өткізілуі тиіс.

Бас талдаушы, Жоғары білімді дамыту департаменті