You are here

Путиннің сабағы: президент неліктен менмендік - жақсы, ал асып-тасығандық - жаман екенін түсіндірді

Printer-friendly versionPDF version

Lenta.ru, 01.09.2016

Ағымдағы жылғы 1 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин Шығыс экономикалық форумға қатысу барысында Владивосток қаласындағы дарынды балаларға арналған гимназияның оқушыларын Білім күнімен құттықтады. Кездесу барысында оқушылар президентпен көшбасшылық туралы әңгімелесті. 

Президент адам өз-өзін бәрінен де күшті деп санай бастаған мезеттен бастап жеңіле бастайды деп айтты. Путиннің пікірінше, менмендікті асып-асығандықтан ажырата алу керек. 

Көп жылдар бойы мемлекетті басқару қандай болатыны да оқушыларды қызықтырды. Путин өмір бойы, үнемі, күн сайын оқу керек  деп педагогикалық тұрғыдан атап өтті. 

Сайлау туралы айта отырып, президент билікке үміткер үшін асып-тасығандық - жаман екенін түсіндіру керек деп есептеді. Путиннің пікірінше, ең бастысы — үміткердің жүрегі сайлауға кім үшін қатысқалы тұрса, соларға пайда әкелуге бағытталуы керек. Өзімшілдігін, менменшілдігін қанағаттандырмай, өмірді жақсартуға ұмтылуы керек.

Сайлауға қатысушының, Путиннің пікірінше, бастамалары қолайлы мақсаттарға бағытталғанына сендіре алу қабілеті де болуы тиіс.

Президент оқушыларға өзінің сыртқы саясаттына көз-қарасы туралы да айтып берді: Ресейге Азия-Тынық мұхит өңірінің елдерімен қарым-қатынасты нығайту керек, бірақ ынтымақтастық өзара тиімді болу керек. Атап айтқанда, мемлекет басшысы қиыр шығыс өңіріне бірлесіп қаражат салу қажеттілігін көрсете отырып, Жапонияны атады.