You are here

QS: Қытайдың білім беру жүйесі Азиядағы ең үздік деп танылды

Printer-friendly versionPDF version

Xinhua, 18.05.2016

Quacquarelli Symonds (QS) Британдық компаниясы ұлттық білім беру жүйелерінің жылдық рейтингін жариялады. Рейтингке 50 мемлекет пен аймақтар кірді. 

Рейтингке ескерілген параметрлердің ішінде мемлекеттік білім беру жүйесінің мықтылығы, оның шетел студенттері үшін қолжетімділігі, экономикалық контексті, сараптамалық бағалар болды.  

Рейтингтің көшін бастауды АҚШ жалғастырып келеді. Еуропалық елдердің төртеуі рейтингтің алғашқы ондығына кірді, соның ішінде Ұлыбритания (2 орын), Германия (3 орын), Франция (6 орын) және Нидерланды (7 орын) да бар. Сонымен қатар, жақсы орынға Австралия (4 орын), Канада (5 орын), Корея Республикасы (9 орын) және Жапония (10 орын) ие болды.

Қытай азиялық материкте жетекші орындарға ие болып, Жапонияны, Корея Республикасын, Сингапурды және Азияның басқа елдерін озып, 2015 жылғы он бірінші орыннан сегізінші орынға көтерілді, 

 QS Қытайдағы өкілдігінің жеткшісі Кристина Янь Чжанның (Christina Yan Zhang) айтуы бойынша, елдің жоғары білім беру жүйесінің дамуындағы осындай жоғары жетістіктер мемлекеттік инвестициялардың нәтижесі болып табылады. Қытай да ұлттық университеттерді халықаралық деңгейде жетілдірудің белсенді саясатын жүргізіп жатыр. 

Қазақстан рейтингте 40-орынға ие болды.