You are here

QS нұсқасы бойынша ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру рейтингісінің нәтижелері жарияланды

Printer-friendly versionPDF version

topuniversities.com, 12.09.2017

Quacquarelli Sy-monds (QS) ЖОО-ларды саралайтын британдық компания QS Graduate Employability Rankings 2018 түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша университеттердің әлемдік рейтингін ұсынды.

Рейтингті құру барысында ЖОО-лар қызметінің және түлектерді жұмысқа орналастырудың арасындағы өзара байланыс ескерілді. Бағалау кезінде негізгі критерийлердің ішінде жұмысберушілердің арасындағы беделі, түлектердің жетістікке жетуі, жұмысберушілердің студенттермен өзара байланысын ұйымдастыру және жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі болды. 

Рейтинг әлемнің 65 елінен 495 ЖОО-сын саралады (өткен жылы - 300 ЖОО). Рейтингте АҚШ-тың 81, Ұлыбританияның 47, Германияның 27, Қытайдың 25, Австралияның 20, Францияның 15, Оңтүстік Кореяның 11 ЖОО-сы бар. 

Түлектердің жұмысқа орналасуы жөніндегі рейтингтің көшбасшы үштігіне АҚШ-тың ЖОО-лары кірді. Стэнфорд университеті көшбасшы болып қалды. Лос-Анджелестегі Калифорния университеті екінші орынға жайғасты, осылайша, осы орыннан Массачусетс технологиялар институтын 5-орынға ығыстырды. Гарвард университеті көшбасшылардың үштігін аяқтайды. Есте қаларлық жәйт, өткен жылдың қола жүлдегері - Цинхуа Университеті - биыл рейтингтің 10-орнында жайғасты. Рейтингтің Топ 10-нда АҚШ басым (5 ЖОО), сондай-ақ Ұлыбританияның  (Кембридж және Оксфорд университеттері) және Австралияның (Сидней және Мельбурн университеттері) ЖОО-лары да баршылық.

Рейтингке Ресейдің 10 ЖОО-сы да кірді. Рейтингтің Топ 150-інде М. Ломоносов атындағы ММУ қалды (111-120 позиция). МГИМО 101-150 позициядан 201-250 позицияға төмендеді. РФ ЖОО-ларының ішінде Санкт-Петербург мемлекеттік университеті көшбасшылыққа қол жеткізді - 141-150 орын (өткен жылы - 151-200).

QS 2018 нұсқасы бойынша ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу рейтингі

(QS Graduate Employability Ranking 2017 рейтингінің нәтижелері №91Дайджестте берілді)

2018

2017

ЖОО

Мемлекет

1

1

Стэнфорд университеті

АҚШ

2

15

Лос-Анджелестегі Калифорния университеті 

АҚШ

3

-

Гарвард университеті

АҚШ

4

4

Сидней университеті

Австралия

5

2

Массачусетс технологиялар институты 

АҚШ

6

5

Кембридж университеті

Ұлыбритания

7

11

Мельбурн университеті

Австралия

8

8

Оксфорд университеті

Ұлыбритания

9

9

Берклидегі Калифорния университеті 

АҚШ

10

3

Цинхуа Университеті 

Қытай