You are here

QS және THE нұсқасы бойынша ЖОО түлектерін жұмыспен қамту рейтингінің нәтижелері жарияланды

Printer-friendly versionPDF version

Times Higher Education, 16.11.2016

The Guardian, 22.11.2016

QS Quacquarelli Symonds және Times Higher Education ЖОО рейтингісін ұсынатын екі британдық компания бірден QS Graduate Employability Ranking және THE Global University Employability Ranking атты түлектерді жұмыспен қамту бойынша университеттердің әлемдік рейтингін ұсынды. 

Times Higher Education нұсқасы бойынша ЖОО түлектерін жұмыспен қамту рейтингінің Топ 3 позициясын АҚШ ЖОО: Калифорния технологиялық институты, Массачусетс технологиялар институты және Гарвард университеті алды. Жалпы рейтингтің үздік ондығына АҚШ-тың 6 ЖОО, Ұлыбританияның 2 ЖОО, Жапонияның 1 ЖОО (Токио университеті - 10-орын) және алғаш рет Германияның 1 ЖОО (Мюнхен техникалық университеті - 8-орын) кірді. Мюнхен техникалық университетінің Президенті Вольфганг Херман ЖОО жетістігін Бавариядағы өндірістік компаниялармен, соның ішінде BMW, Siemens және Lindner тығыз қарым-қатынаста болумен түсіндіреді.

Рейтингке әлемнің 20 мемлекетінен респонденттердің екі санатын онлайн сауалнамалау негізінде барлығы 150 ЖОО қатысады. Бірінші санатқа компаниялардың HR департаменттерінің басшылары, екінші санатқа компаниялардың топ-менеджмент өкілдері кірді. Респонденттердің кем дегенде 10 жылдық жұмыс өтілі бар және олар ұжымы 500 астам адамнан тұратын компанияларда жұмыс істейді.  

АҚШ-тың 35 және Ұлыбританияның 11 ЖОО қатар рейтингте Қытай (12 ЖОО), Германия (11 ЖОО), Франция (10 ЖОО) да бар. Ресейдің атынан рейтингте М.Ломоносов атындағы ММУ (125-орын) және СПбМУ (145-орын) өкілдік етті.

QS Quacquarelli Symonds нұсқасы бойынша ЖОО түлектерін жұмыспен қамту рейтинегінің Топ 3 позициясын Стэнфорд университеті, Массачусетс технологиялар институты және Цинхуа Университеті алды. Рейтингтің үздік ондығына АҚШ-тың 5 ЖОО, Ұлыбританияның 2 ЖОО, Қытайдың 1 ЖОО,  Францияның 1 ЖОО (Политехникалық мектеп – 6-орын) және Австралияның 1 ЖОО (Сидней университеті – 4-орын) кірді.

QS Quacquarelli Symonds нұсқасы бойынша түлектерді жұмыспен қамму рейтингіне 300 ЖОО кірді. Рейтингке АҚШ-тың 56 ЖОО, Ұлыбританияның 37 ЖОО, Қытайдың 22 ЖОО, Германияның 15 ЖОО, Францияның 11 ЖОО, Оңтүстік Кореяның 7 ЖОО, Түркияның 3 ЖОО қатысты.

Рейтингке Ресейдің 7 ЖОО енді. Рейтингтің Топ-150 М.Ломоносов атындағы ММУ (101-150 позицияда) және МГИМО (101-150 позицияда) кірді. СПбМУ 151-200 позицияда орналасты.

THE және QS нұсқасы бойынша ЖОО түлектерін жұмыспен қамтудың рейтингі

Times Higher Education Global University Employability Ranking 2016

QS Graduate Employability Rankings

1 Калтех (АҚШ)

2 МИТ (АҚШ)

3 Гарвард университеті (АҚШ)

4 Кембридж университеті (Ұлыбритания)

5 Стэнфорд университеті (АҚШ)

6 Йель университеті (АҚШ)

7 Оксфорд университеті (Ұлыбритания)

8 Мюнхен техникалық университеті (Германия)

9 Принстон университеті (АҚШ)

10 Токио университеті (Жапония)

1 Стэнфорд университеті (АҚШ)

2 МИТ (АҚШ)

3 Цинхуа Университеті (Қытай)

4 Сидней университеті (Австралия)

5 Кембридж университеті (Ұлыбритания)

6 Политехникалық мектеп (Франция)

7 Колумбия университеті (АҚШ)

8 Оксфорд университеті (Ұлыбритания)

9 Калифорнияның Берклидегі университеті (АҚШ)

10 Принстон университеті (АҚШ)