You are here

QS ЖОО-лардың халықаралық рейтингісінің нәтижелері жарияланды

Printer-friendly versionPDF version

University World News, 09.06.2017

QS зерттеу орталығы университеттердің 14-ші халықаралық рейтингін шығарды. Оған 84 елдің 959 ЖОО-сы кірді.

Үздік ЖОО үштігіне Массачусетс технологиялық институты, Стэнфорд және Гарвард университеттері қайта кірді.

Рейтингтің топ-400-не 49 мемлекеттің университеттері кіреді. ЖОО-лардың басым саны (260) Солтүстік Америка және Батыс Еуропа (2010ж. қарағанда 23-ке кем) атынан өкілдік етті. Шығыс Азия және Тынық мұхиты өңірінің атынан 96 университет кірді (2010ж. қарағанда 8-ге кем).

АҚШ рейтингте басым болса да (топ-400-те 75), 2010ж. салыстырғанда ЖОО-лар саны 11-ге кеміді. Рейтингтің топ-400-те Германия ЖОО саны да 11-ге - 2010ж. 36-дан 2017ж. 25-ке дейін кеміді.

Соңғы екі жылда кейбір елдердің білім беру саясатында болып жатқан өзгерістер жақында университеттердің рейтингіне ықпал ете бастайды. Келесі бес жылда АҚШ, Ұлыбритания және басқа батыс елдердің ЖОО саны рейтингтердің жетекші позицияларында төмендейтін сияқты.  

Жетекші азиялық университеттер білім сапасын арттыруды және ғылыми зерттеулер саласындағы нәтижелерді нығайтуды жалғастырып жатқандықтан, олар көптеген жетекші батыс университеттердің беделіне қарсы шығады.

Үндістанда 2010ж. рейтингтің топ-200-не кірген бірде-бір университет болмады, қазір олардың саны 3 болды. Тайвань да топ-400-де өз ЖОО санын арттырды – 2010ж. 7-мен салыстырғанда, 2017ж. 10. Олардың одан да жоғары көтерілуі тек уақыт мәселесі болып отыр.

Қазақстанның атынан рейтинте 8 ЖОО өкілдік етті. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (236-орын) және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті (336-орын) ең жақсы нәтижелерді көрсетті.

Анықтама үшін: QS рейтингі жасалғанда бірнеше өлшемшарт ескеріледі: университеттің академиялық беделі, жұмысберушілердің алдындағы беделі, оқытушылар мен білім алушылардың арақатынасы, дәйексөз келтіру, шетелдік оқытушылар мен студенттердің болуы. Өлшемшарттың әрқайсысы 100 балдық шкаламен бағаланады. QS WUR 2016/2017 рейтингінің нәтижелері туралы №83 дайджесттен оқыңыз.

QS 2018 халықаралық рейтингтің Топ-10 ЖОО-сы

Орын

Оқу орнының атауы

Мемлекет

  1.  

Массачусетс технологиялық институты

АҚШ

  1.  

Стэнфорд университеті

АҚШ

  1.  

Гарвард университеті

АҚШ

  1.  

Калифорния технологиялық институты

АҚШ

  1.  

Кембридж университеті

Ұлыбритания

  1.  

Оксфорд университеті

Ұлыбритания

  1.  

Лондонның университеттік колледжі

Ұлыбритания

  1.  

Лондонның Импер колледжі

Ұлыбритания

  1.  

Чикаго университеті

АҚШ

  1.  

Цюрих Швейцарияның жоғары техникалық мектебі

Швейцария