You are here

Рекрутинг сабақтары: Жапония мен Австралия ауыл мектептеріне мұғалімдерді қалай тартады

Printer-friendly versionPDF version

The Guardian, 22.05.2016

Көптеген мемлекеттер ауыл мектептеріне біліктілігі мен тиімділігі жоғары мұғалімдерді тарту мәселесіне тап болады. Австралияда, мысалы, географиялық ерекшеліктер бар. Жетуге қиын мектептерге бару үшін ұшақпен 3 сағат ұшу керек. Австралиялық штаттар алыс шалғай мектептерге мұғалімдерді тартудың бірқатар ынталандыру шараларын ұсынады. Олар 70-100% көлемінде тұрғын үй субсидиясын, жол жүру шығындар өтемақысын, тауар мен қызметтер оқшау болу өтемақысын қамтиды. Бұл әлеуметтік қолдау мұғалім келісілген мерзімнен көп уақыт бойы мектепте жұмыс жасауды жалғастырған жағдайда сақталады. 

Ұлыбританияда шалғай және мұхит жағасында орналасқан мектептер ауыл мектептері деп саналады. Бұл мектептерге жақын қаладан жету үшін  2 - 3 сағат керек. Ұлттық педагогикалық қызмет, мұғалім көшкен жағдайда, £10 мың көлемінде субсидия ұсынады. Бұл жақсы бастама. Дегенмен, жол жүру ақысы және 3 жылдан астам уақыт мектепте сабақ берген жағдайда сыйақылардың сақталуы сияқты нанымды ерекшеліктер жоқ.  

Жапонияда тенкин деп аталатын жүйе бар, бұнда компанияның қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер бірнеше жылдан кейін әртүрлі кеңселерге ауысып тұрады. Кейде олар рольдермен де алмасады. Мұғалімдерді әр 6 жылда басқа мектептерге жұмыс жасауға жібереді. Бұл кәсіптік тәжірибені байытуға, білім беру сапасын жақсартуға, әр мектептің ішкі еңбек ұжымын жандандыруға мүмкіндік береді. Мұғалімдер жомарт субсидиялар алады және кіріспе-бағытты курсын, менторлық және кәсіптік дамыту бағдарламасын өтеді. Әлсіз мұғалімдерді күшті мектептерге жұмыс істеуге жіберу жапондық жүйенің тағы да бір маңызды ерекшелігі болып табылады. 

Бүкіл ел бойынша білім беру сапасына ұзақмерзімді әсер ету үшін мұғалімдер бір-бірін өзара қолдауы керек. Жапония, Сингапур мен Шанхайда сабаққа зерттеу жасалады, бұнда тәжірибесі мен жұмыс істеу саласы әртүрлі сарапшы оқытушылар сабақты бірге жоспарлайды, бір-бірінің сабақтарына қатысады және өз әріптестерінің оқыту әдістемесінің тиімділігін талқылайды. Финляндия мұғалімдері де апталық сессияларға қатысады, бұнда олар әріптестерімен бірігіп, өз сабақтарын жоспарлайды.