You are here
Репетиторлық әлсіздігін байқатты ма?


Институт образования ВШЭ, 13.03.2017
ЭЖМ ҒЗУ Білім институты мектебі әлеуметтік-экономикалық даму орталығы зерттеуінің 2016ж. білім экономикасын мониторингілеу шеңберінде алынған нәтижелері өз балаларына репетитор жалдайтын отбасылардың саны соңғы үш жылда екі есе азайғанын көрсетеді.
Өткен жылы тек 20,2% ата-аналардың балалары ғана жалдамалы оқытушылармен жұмыс жасады, ал 2013ж. бұл көрсеткіш 41% болды. Осындай деректер Ресейдің әртүрлі өңірлерінің 3887 ата-анасы қатысқан сауалнамадан алынды.
Репетитордың қызметіне жүгінудің негізгі себебі - ҰБЕ мен НМЕ: бұндай жауапты ата-аналардың 36,3%-ы тандады. Бұл кезекте 32%-ы олардың балалары пәннен білімдерін тереңдетті, 32%-ы жіберіп алған тақырыптарын меңгеріп, оқу үлгерімін жақсартты деп белгіледі. Респонденттердің 17%-ы репетитордың қызметіне мектептегі оқыту сапасына қанағаттанбайтындықтан жүгінеді.
Жалдамалы оқытушылармен ғаламтор арқылы оқушылардың 1,2%-ы ғана жұмыс жасады.
Репетиторден сабақ алуға, ел бойынша орташа есеппен, ата-аналар айына 4,2 мың руб. (22,7 мың теңге) жұмсаған екен.