You are here

Репетиторлық мектептер Қытайда әйгілі бола бастады

Printer-friendly versionPDF version

forbes.kz, 21.07.2016

2003 жылы қытайлық кәсіпкер Чжан Басиня TAL Education Group репетиторлық қызметтерді көрсететін білім беру компаниясының негізін қалады. Бүгін TAL Education Group ҚХР жекеменшік білім беру нарығының ірі мүшелерінің бірі болып табылады. Компанияның құрамына 301 мектеп кіреді. Жыл сайын Қытайдың әртүрлі қалаларында өкілдіктер - 2-4 мектеп ашылады.

Компания математика, тарих, қытай және ағылшын тілі сияқты базалық мектеп пәндері бойынша қызметтерді ұсынады. Мектепте сабақтар АКТ-технологияларды қолданумен интерактивті түрде өткізіледі. Сабақтың ұзақтылығы 90-120 мин.

Мобильдік қосымша іске қосылды, оның көмегімен оқушылар кез-келген уақытта репетитормен байланыса алады. Сабақтың құны – сағатына $20.

Компанияның табысы 4 жылда 300 % өсті және $434 млн. құрады. TAL Education Group акциялары Нью-Йорк биржа қорында 2010 жылғы қазаннан бастап сатылады және алты жылда олардың бағасы 200 % өсті.