You are here

Ресей білім экспортының шекарасын кеңейтіп жатыр

Printer-friendly versionPDF version

РБК, 30.05.2017

РФ Президентінің жанындағы Стратегиялық даму және басымдылыққа ие жобалар бойынша Кеңес президиумының отырысында РФ премьер-министрі Дмитрий Медведев ресейлік білім беруді экспорттауды ұлттық міндет ретінде айқындады.

Кеңестің президиумы білім беруді экспорттау бойынша жаңа басым жобаның төлқұжатын бекітті. Билік РФ-тың ЖОО-ларында күндізгі оқу нысанындағы шетелдік студентердің санын үш есе – 2017 ж. 220 мың адамнан 2025 ж. 710 мың адамға дейін арттыруды, ал ресейлік білім беру ұйымдары онлайн-курстарының шетелдік тындаушыларының санын 1,1 млн. адамнан 3,5 млн. адамға дейін жеткізуді міндеттеп отыр.

ЮНЕСКО болжамы бойынша, әлемде шетелдік студенттердің саны 2025 жылға қарай 7 млн. адамнан артуы мүмкін. Медведев американдық жоғары мектебі шетелдік студенттердің арқасында АҚШ үкіметі оған шығарған шығыннан 15 есе артық табыс табатынын атап өтті. Сонымен қатар, ол білім беру АҚШ-та мәні бойынша экспорттау баптарының бесінші орнында екенін айтты.

Ресей АҚШ, Ұлыбританияға, Францияға, Германия және Австралияға жол беріп, қызметтерді экспорттау бойынша Канадамен бірге әлемде 4-5 орынды алады. ЖЭМ деректері бойынша, 2015/16 оқу жылы Ресейдегі шетелдік студенттердің саны 237,5 мың адамды құрады (Ресейдегі студенттердің жалпы санынан 5%). Олардың көбі бұрынғы КСРО елдерінен келген (шетелдік студенттердің жалпы санынан 79%). Шетелдік студенттер арасында денсаулық сақтау, экономика және басқару, сондай-ақ гуманитарлық ғылымдар ең танымал бағыттар болып табылады.

Білім беру қызметтерін экспорттауды дамыту үшін шетел азаматтарын қабылдау, оқыту және шығару мәселелерін, сондай-ақ елге кіру және оның аумағында болу рәсімін реттейтін заңнаманы жақсарту қажет. Сондай-ақ, білім беруді экспорттау жүйесін құру үшін негізгі тәсілдерді пысықтау үшін, тиімді тәжірибесі бар ресейлік жетекші ЖОО-лардан консорциум құру жоспарлануда.

Сонымен қатар, БҒМ шетелдік студенттерге мерзімі үш жылды құрайтын оқу визаларын беруді ұсынды. Сәйкесінше құжатты ведомство regulation.gov.ru. порталында орналастырды. Қазіргі уақытта студенттер 1 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі бар мерзімі үш айға дейін біржолғы визалар алады. Үшжылдық визалар Ресейдің білім берудің халықаралық нарығында бәсекелестік басымдықтарын күшейтеді.

Анықтама үшін: ҚР ҰЭМ СК деректері бойынша, Қазақстанда жоғары және ЖОО кейінгі білім беру бағдарламаларында дәріс алып жүрген шетелдік студенттердің саны 13,3 мың адамды құрайды (2,5%). Осы көрсеткішті 2017 ж. 3% , 2019 ж. 5% дейін жеткізу жоспарлануда.