You are here

Ресей білім министрінің орынбасары ресейлік ЖОО келешегі туралы баяндады

Printer-friendly versionPDF version

Lenta.ru, 18.01.2016

2012ж. Ресейде ЖОО-дың бәсекеге қабілеттігін жоғарылату бағдарламасы іске қосылды. 2020ж. қарай таңдалған 100 ЖОО-дың бесеуі әлемнің үздік университеттерінің жүздігіне кіруі керек. РФ БҒМ орынбасары Александр Повалко бұл жоспарлардың қаншалықты шынайы екенін айтты. «5-100»  жобасы үш рейтингке – Шанхай ARWU, Times Higher Education (THE) және QS-ке бағытталғын. Ресейлік ЖОО пәндік рейтингтерде табысты болып отыр. Бұл кезінде әр ЖОО-ның өз салалық ерекшелігі болған кеңес үкіметі жүйесін мұра етумен байланысты. Рейтингте сараптамалық бағалар да үлкен орын алады. Сондықтан ресейлік ЖОО брендтерін жарнамалау маңызды міндет болып табылады. 

Жобаға бөлінетін қаражат ЖОО негізгі қызметін де қаржыландырады. Университет ресурстарды нақты және сезілетін нәтиже беретін ЖОО дамуына әсер ететін және оған ресурстарды тартатын салаларға бағыттай алады. 

Анықтама үшін: «5-100» жобасына $1,6 млрд. бөлінді (2020ж. дейін).

Жоба нәтижесін берді. Зерттеулер деңгейі өсті. Осыған байланысты бір жылда журналдағы ғылыми мақалалар саны екі есе өсті. Оң ең беделді әлемдік журналдардағы жариялымдар саны шамамен екі есе өсті. Сонымен қатар, ақылы негізде білім алатын шетел студенттерінің саны 2,5 есе өсті. 

Дағдарысқа байланысты, ЖОО көңілдерін жоғары төлемақыны талап ететін әйгілі ғалымдарға емес, ғылыми дәрежесін жақында ғана алған және ғылыми салада өзін -өзі белсенді көрсеткен жас ғалымдарға бөліп отыр. Таланттар ресейліктер мен шетелдіктер арасынан да табылып жатыр. 

Бүкіл әлем рейтингтерге бағытталады, онда жоғары орынға ие болу бұл - жаңа мүмкіндіктер деп түсіну керек. Сонымен қатар бұл ресурстар мен шетелдіктер тарту мүмкіндігі болады.  Ол ресейлік ЖОО әлемдік рейтингтерге шығару бұл - негізгі мақсат қана емес деп атап өтті. Ең бастысы олардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату болып табылады.