You are here

Ресей мектептерінде қаржы сауаттылығы сабақтары өтеді

Printer-friendly versionPDF version

mk.ru, 07.02.2016

Ресейдің 30 мектебінде қаржылық сауаттылық бойынша эксперименттік сабақтар өтіп жатыр. Оқушыларға қаржы сауаттылығының негізі "Қоғамтану" пәнінің орнына беріледі. 

Бұл сабақтарда оқушыларды отбасы шығындарына есеп жүргізу ережелеріне және пластикалық карталар туралы не білу керек туралы үйретеді. Оқушылар отбасында қиын экономикалық жағдай туындағанда жасөспірімге велосипед алу үшін қалай қаржы жинауға болады және бағасы оңтайлы тауарды қалай тандау керек туралы ойланады. 

Әлемнің дамыған елдерінің көбінде қаржы сауаттылығы негіздерін білу оқу және жазу сияқты адамның негізгі қабілеттерінің бірі деп саналады.  

Австралияда қаржы сауаттылығы басқа пәндермен сабақтасып келеді. Орта мектепте "Ғылым" пәні физика, химия, биология сияқты пәндерді қамтиды. Осы пәнде отбасы бюджетін жоспарлау негіздерінің бірі ретінде энергия үнемдеу де оқытылады. 

Ана тілі сабағында австралиялық оқушылар "Тұтынушылық" тақырыбында эссе жазады, дебаттар мен семинарлар өткізеді. Ұлыбританияда болса қаржы сауаттылығы бөлек пән ретінде оқытылады.  

Ресейде мектепте қаржы сауаттылығын енгізудің әлемдегі барлық нұсқаларын қолдану керек деп шешілді. 2017ж. бастап қаржы сауаттылығы сабағы мектептерде міндетті пән ретінде оқытылатын болады.