You are here

Ресей мектептеріне екі жылдан кейін қытай тілінен Бірыңғай мемлекеттік емтихан енгізіледі

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 04.02.2016

Қытай тілі екі жылдан кейін Бірыңғай мемлекеттік емтихан шеңберінде толыққанды емтихан болады. РФ Үкіметінің вице-премьері Ольга Голодецтің айтуы бойынша, оқушылар бұл пән бойынша қорытынды емтиханды бұрын да пилоттық режимде тапсырған болатын. 2015ж. қазандағы емтихан апробациясына РФ 16 субъектісінің 8-11 сыныптардың 3 мың оқушысы қатысты. 

Апробация өткізу нәтижелерін талдау барысында ұйымдастырушылық және мағыналық мәселелер анықталды. Мысалы, қытай тілінен оқулықтардың РФ БҒМ ұсынылған федералдық тізімде болмауы, сонымен қатар мысал білім беру бағдарламасының және Федеральдық мемлекеттік стандартта қытай тілінің болмауы. Ұйымдастыру мәселесі ретінде емтихан жұмыстарын тексеру үшін мамандардың жетіспеушілігі және педагогика кадрларының даярлық деңгейінің төмендігі атап өтілді. 

Голодец айтуы бойынша, екі жылдың ішінде қытай тілі Бірыңғай мемлекетті емтихан (БМЕ) ретінде қалыптастырылады. 2017ж. қытай тілінен емтиханға қатысушылар саны шамамен 200 адам болады деп жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта ресей оқушылардың төрт шетел тілі: ағылшын, француз, неміс және испан тілдері бойынша БМЕ тапсыру мүмкіндіктері бар.