You are here

Ресей ТжКБ мекемелерінің рейтингін әзірлейді

Printer-friendly versionPDF version

ТАСС, 10.02.2016

Ресей Білім және ғылым министрлігі елдің колледждері мен техникумдарының рейтингін құруды жоспарлап отыр. Кәсіптік білім сапасының мониторингі рейтинг құрудың негізі болады. 2016ж. соңына қарай министрлік елдің барлық колледждері мен техникумдарының даярлық сапасын тексереді. ТжКБ мекемелерінің тиімділік мониторингінің пилоттық жобасы 2015ж. іске асырылды. Түлектердің жұмысқа орналасуы мен студенттердің кәсіптік дағдыларының заман талаптарына сай келуі бағалау критерийлері мен көрсеткіштері болады. Мониторинг түлектердің тұрақты даярлығын қамтамасыз ететін колледждердің кадрлар әлеуетін, инфрақұрылымды және қаржы ресурстарын да есепке алады. Алынған нәтижелер интернетте жарияланады, ақпарат әр колледж бен техникумқа қолжетімді болады.