You are here

Ресей Үкіметі мұғалімдердің 2016 жылғы орташа еңбекақысы туралы есеп берді

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 03.06.2017

Үкіметтің жыл сайынғы баяндамасында Ресейде ЖОО оқытушылары мен профессорлардың орташа еңбекақысы 2016 ж. 4,3 мың рубльге ($76) өсіп, 55 мың рубльді ($971) құрады делінеді.

Мектеп мұғалімдері 2016 ж. орташа есеппен 600 рубльге ($11) артық алды. 2015 ж. орташа жалақы 32,6 мың рубльді ($576) құрады, ал 2016 ж. ол 33,3 мыңға ($588) дейін артты.

Мектепке дейінгі білім беру саласының мұғалімдері 2015 ж. қаңтарынан желтоқсанына дейін орташа есеппен 26,6 мың рубль ($470) алды, 2016 ж. орташа жалақы 900 рубльге ($16) жоғары болды.

Жетімдер және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар үшін әлеуметтік қызметтер көрсететін педагогикалық жұмыскерлердің орташа жалақысы 2016 ж. 30 мың рубльді ($530) құрады.

Қосымша білім беру оқытушылары 2016 ж. орташа есеппен 28 мың рубль ($495) алды, бір жыл бұрын олардың жалақысы 26,8 мыңды ($473) құрады. Өндірістік оқытудың оқытушылары мен шеберлерінің жалақысы 2016 ж. 1,2 мың рубльге артты: 28,7 мыңнан ($507) 29,9 мыңға ($528) дейін.