You are here

Ресей Үкіметі жалған ғылым докторларына кірісті

Printer-friendly versionPDF version

Парламентская газета, 13.04.2016

Ресейдің мемлекеттік думасы ғылыми дәрежелерді алу жүйесін ауыстыратын заң жобасын қарастырып жатыр.

Жоғары аттестациялық комиссия ғылыми дәрежелерді беруге немқұрайлы қаратыны туралы алғаш рет 2012 жылы айтылды. ММУ Арнайы оқу-ғылыми орталығының түлектері сол кезде орталық директоры Андрей Андрияновтың диссертациясында мүлдем жоқ ғылыми еңбектерге сілтемелердің барын байқады. Сонымен қатар, Бас прокуратураның 2013 жылғы тексерісі Білім министрлігі ғылыми дәрежелерді тағайындау кезінде бұзушылықтар жіберетінін анықтады. 2012 жылы 1323 кандидаттық және докторлық диссертация сауатсыз құжат деп танылды. 

Содан бері Үкімет диссертацияларды қорғау жүйесін жоспарлы түрде анағұрлым ашық ете бастады. Ағымдағы жылғы сәуірде "РФ Білім және ғылым министрлігінің жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия туралы Ереженің" жаңа редакциясы бекітілді. Жаңа құжатқа сәйкес шенеуніктер комиссияға мүше бола алмайды. ЖАК мүшелерінің өкілеттік мерзімі үш жылға дейін қысқартылды, өз кезегінде қызметті екі мерзімнен артық қатарынан атқаруға болмайды. Күнтізбелік жыл бойы үш немесе одан артық бұзушылықтар анықталса, комиссияның барлық құрамы мерзімнен бұрын қызметтерінен босатылады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы сәуірде қаулыға қол қойылды, оған сәйкес диссертацияны қорғау үшін ғылыми дәреже алуға талпынушы кез-келген ғылыми кеңесті тандауға болады. Ғылыми жұмыс туралы ақпарат анағұрлым ашық болуы үшін ол Интернетке қорғауға үш ай қалғанға дейін жариялануы керек. Жұмысты қорғау процесі бейнеге түсіріледі. Жұмыс туралы ақпарат нақты деректерді, соның ішінде қорғау өтетін күнін және орнын, авторефераттың мәтінін және диссертацияның өзін қамтуы тиіс. Бұл барлық деректер желіде қорғаудан кейін бір жыл бойын сақталуы тиіс.

Жаңа заң жобасына сәйкес ЖАК өз өкілеттілігінің бір бөлігінен мүлдем айрылуы мүмкін, олар қолданыстағы диссертациялық кеңестері бар басқа ғылыми ұйымдарға беріледі. Құжатқа сәйкес ЖОО-ға диссертациялық кеңестің жұмысын өздері реттейтін және ғылыми лауазымдарды тағайындау тәртібін өздері белгілейтін құқық беріледі.

Ғылыми дәрежелерді өз бетімен тағайындау құқығы екі жетекші ресейлік ЖОО-ға: М.В.Ломоносов атындағы ММУ және СпбМУ беріледі. 2017 жылғы 1 қыркүйектен бастап Министрлер кабинеті белгілі талаптар мен критерийлерге лайықты жетекші ғылыми және білім беру ұйымдарынан ЖОО диссертацияларын өз бетімен тағайындайтындардың тізімін кеңейте бастайды.