You are here

Ресей жеке меншік колледждердің рейтингісінің нәтижелері белгілі болды

Printer-friendly versionPDF version

rosreiting.ru, 21.04.2016

"Росрейтинг" ұлттық рейтинг аттестациялық агенттігі Ресейдің жекеменшік колледждерінің рейтингін жариялады. Тізбеге орта кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша жмыс істейтін 80 оқу орны кірді.

Зерттеу әдістемесі Ресей Еңбек министрлігінің деректерін, колледждердің статистикасы бойынша ашық ақпаратты (оқу орындарының сайты бойынша), студенттердің ата-аналарының сауалнамаларының нәтижелерін (1 мыңнан астам), жұмысберушілердің ішінара сауалнамасын қамтыды.

Зерттеу нәтижелері респонденттер үшін мамандыққа сұраныстың болуы, түлектердің жұмысқа орналасуы, студенттің қоғамдық қызметке қатысуы, студенттерге патриоттық тәрбие беру анағұрлым маңызды екенін көрсетті.

Рейтингтің бірінші орындарына Ақпараттық технологиялар колледжі және Мәскеу психологиялық-әлеуметтік университеттің колледжі алды.

Өз кезегінде, жекеменшік колледждердің жаңа рейтингі болашақ мамандықты және колледжді тандаған кезде талапкерлер мен олардың ата-аналарына сенімді құрал болады.