You are here

Ресейде 2017 жылы балалар акселераторы ашылады

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme, 12.12.2016

2017ж. Global Venture Alliance (GVA) компаниясы Ресейде алғаш рет жасөспірімдерге арналған кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша TeenStart бағдарламасын іске қосып жатыр.

TeenStart — 12-16 жастағы жасөспірімдердің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға арналған платформа, ол тәжірибелі сарапшылардың жетекшілігімен бизнес-жобаларды әзірлеуге арналған қажетті құралдарды ұсынады.

Оқудың ұзақтығы - 8 апта. Нәтижесінде әр команда бастамадан бастап оны жүзеге асыруға дейінгі жолдан өтеді. Бағдарлама ойындарды, тәжірибелік сабақтарды, сонымен қатар табысты кәсіпкерлермен кездесулерді қамтиды.

Қатысушыларға бірнеше кезеңнен: команданы құру және рольдерді үлестіруден, мақсат қою және жоспарлау, бастаманы іздестіру және дамыту, бизнес-құралдарды түсіну және тәжірибеде қолдану, бизнес-үлгі мен маркетингтік стратегияны әзірлеу, жобаны ұсыну және инвесторлармен жұмыс істеуден өту керек болады.