You are here

Ресейде балабақша тәрбиелеушілерінің шамамен төрттен үш бөлігі артық жұмыс істеуге мәжбүр

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 01.08.2017

Жалпыресейлік халық фронты (ЖХФ) сарапшылары а.ж. мамырдан шілдеге дейінгі мерзімде Ресейдің 67 өңірінен 557 тәрбиелеушінің арасында сауалнама өткізді. Нәтижелерге сәйкес тәрбиелеушілердің төрттен үш бөлігі бір ставкадан артық жұмыс істеуге мәжбүр, кейбіреулері балалармен жұмысқа аптасына 55 сағат арнайды. 

Тәрбиелеушілердің ресми жұмыс күні 7 сағат 12 минутқа, жұмыс аптасы 36 сағатқа созылады. Бұл кезекте, сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің басым бөлігі (76,2%) шамадан тыс жұмыс істеуге мәжбүр. Олардың шамамен үштен бір бөлігі (28,8%) шамадан тыс жұмысқа оларды әкімшілік күштейді деп айтты. 

Осы кезекте, өңірлерде тәрбиелеушілердің жүктемесін қалыптастырудың және еңбекақысын төлеудің бірыңғай жүйесі жоқ. Осылайша, респонденттердің 25,7%-ы екінші ауысымға бекітілген сомманы алатыны туралы, ал  18,8%-ы екі ауысымға 1,67 ставка алатыны туралы мәлімдеді. Тәрбиелеушілердің 6,4%-ы оларға шамадан тыс уақыт өтелмейді деп жауап берді.

Сыйақы алу үшін сауалнамаға қатысқан мұғалімдердің басым бөлігі (52,2%) олардың лауазымдық міндеттеріне жатпайтын жұмысты орындайды. Мысалы, ауланы жинау, әткеншектерді бояу, топтардың бөлмелерін жөндеу. Тәрбиелеушілердің айтуынша, осындай жұмысқа аптасына 14 сағат кетеді. Осы кезекте, балабақшалардағы мұғалімдердің 57,4%-ы өз еңбекақысының мөлшерін өңір бойынша жалпы білім беру саласындағы орташа еңбекақыдан төмен деп  бағалады.

Халық фронтының сарапшылар тәрбиелеушілер жүктемесінің шекті белгісін тиісті еңбекақы сақталған жағдайда ғана белгілеуді ұсынады. Халық фронты орталық штабының мүшесі, Мемлекеттік Думаның Білім және ғылым комитеті төрағасының орынбасары Любовь Духанина бұл олардың жұмыс кестесінің теңгерімін сақтауға мүмкіндік береді деп санайды.