You are here

Ресейде балабақшадан бастап аспирантураға дейін оқушылардың бірыңғай жүйесін құрайды

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme, 28.12.2016

Ресейде білім алатындардың барлығы туралы деректері бар жүйе 2022ж. пайда болады. Жобаны РФ Федералдық Жиналысы 2016 жылғы желтоқсанда мақұлдады. Бірыңғай федералдық ақпараттық жүйеге мектепке дейінгі жастағы балалардың, оқушылардың, студенттер мен аспиранттардың деректері енгізіледі. Жүйе ресейліктердің мектепке дейінгі ұйымнан бастап аспирантураға дейінгі білім жолы туралы ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді. Жобаның мақсаты – білім берудің мемлекеттік қызметтерін ұсынуды қарапайым қылу және мониторинг жасауды жеңілдету.

Жүйедегі деректер ашық және баршаға қолжетімді болады (мемлекеттік құпияны сақтау жағдайынан басқа). Жоба жұмысы кезең-кезеңмен жүзеге асырылады және 2022ж. 1 қыркүйекке қарай аяқталады деп жоспарланды.

2016ж. басында Ресейде федералдық жүйе пайда болды, бұнда елдің балалары туралы ақпарат: жеке мәлімет, ата-аналар туралы ақпарат, оқу орын мен мерзімі, үлгерімі мен жетістіктері (олимпиадалар мен байқаулардағы жеңістер), меңгерген білім бағдарламалары, білімі туралы құжаттар және денсаулығы туралы мәліметтер жинақталған. Сонымен қатар, жүйеге мектептер мен мұғалімдер туралы ақпарат, статистикалық деректер енгізіледі. Жүйені әзірлеуге РФ Байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі және РФ Білім және ғылым министрлігі жетекшілік етеді.