You are here
Ресейде балабақшалардың төлемақысы жоғары білім берудің төлемақысынан да тез өсуде


Ресейде балабақшаның бағалары жоғары білімнің төлемақысынан да тез өсуде. Бұндай қорытындыны сарапшылар Ресей статистикасының деректері негізінде жасады. ЖОО семестрінің құны 2014 жылдан бері 11% артты. Сәбилер балабақшасының біркүндік ақысы 2014 жылдан бері 16% артты.
ЖОО бағалары қадағалады және шектеледі, ал балабақшалардағы жағдай басқаша. Олар, алдымен, өңірлік әлеуметтік саясатқа байланысты. Мысалы, Мәскеуде бір күннің бағасы - 128 рубль, ал Магадан облысында - 224 рубль, өз кезегінде Санкт-Петербургте – 25 рубль.
Мемлекетте балабақшалар мен мектептерге қатысты бірыңғай білім беру саясаты жоқ, сондықтан бұл жағдайда бәрі өңірдің саясатына байланысты болады. Нәтижесінде, мемлекеттің әртүрлі өңірлеріндегі балабақшалар қызметі құнындағы айырмашылық он есе болуы мүмкін.