You are here

Ресейде балабақшаны немесе топты қосымша арқылы таңдауға болатын болады

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme, 05.12.2016

Мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігін мобильдік қосымша арқылы тексеруге болады. Жүйе ата-аналарды және барлық пайдаланушыларды Ресейдің әр өңіріндегі мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігі туралы ақпараттандырады. Бұл балабақшаны немсес топты таңдауға мүмкіндік береді. Қазір бағдарлама тесттік жүйеде жұмыс істеп жатыр, ал жақын арада ол Android және iOS құрылғыларда қолжетімді болады. Жобаның әзірлеушілері «Информика» мемлекеттік ғылыми кәсіпорын болып табылады .

Биылғы күзде Білім департаментінің анықтамалық жүйесінің базасында жұмыс істейтін "Мәскеулік мектептер" сервисі іске қосылды. Сервис кез келген мектеп туралы қажетті ақпаратты: мекен-жайы, телефоны, картадағы орны, рейтингі, директордың аты-жөні мен байланыс телефондарын табуға мүмкіндік береді.