You are here

Ресейде "Бастамалар жүйесі" жастардың жобалар байқауы өтеді

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 20.01.2016

Ресейде "Лифт в будущее" бағдарламасының "Бастамалар жүйесі" жастардың аймақтық жобалардың IV Жалпыресейлік байқауы өтеді.

Анықтама үшін: «Лифт в будущее» - дарынды балалар мен жастармен жұмыс жасайтын "Система" Қайырымдылық қорының жалпыресейлік бағдарламасы. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік нысандағы Бағдарлама жаратылыстану-ғылыми, нақты ғылым мен қолданбалы пәндерге ынтасы бар жоғары мектеп оқушылары мен студенттерге арналған. Бағдарламаның мемлекеттік серіктесі М.В.Ломоносов атындағы ММУ болып табылады.

Жасы 14 және 17 жас аралығындағы Ресейдің барлық оқушылары байқауға қатысу туралы өтініш бере алады. Байқау жеңімпаздары ағымдағы жылдың 31 наурызы мен 19 сәуір аралығында Краснодар өңірінде "Орленок" балалар орталығында өтетін "Лифт в будущее" ғылыми-білім беру мектебінің жұмысына қатысады.

Оқушылар РФ субъекттеріндегі экономиканың ғылыми салаларындағы мәселелерді шешуге бағытталған жоба жасаумен айналысады, сонымен қатар ғылыми-техникалық шығармашылық шеберханаларда жұмыс жасайды. 

Мектеп жұмысы шеңберінде Ресейдің ірі инновациялық компаниялардың өкілдерімен, әлемдік деңгейдегі салалық сарапшылармен және ғалымдармен кездесулер өтеді. Жолақысы, тұру ақысы мен мектепте оқу ақысы "Система" ҚҚ есебінен төленеді. 

"Бастамалар жүйесі" байқауына өтініш беру екі бөлімнен тұрады. Ізденуші "Кім болғым келеді" тақырыбында эссе жазу және "Не істегім келеді" тақырыбында жобалық жұмысты дайындау керек. Сараптамалық комиссия өтініштерді негізгі алты бағыт: өнеркәсіп технологиялары және жаңа материалдар, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, адам өмірі мен қоғам ортасы, медицина және биотехнология, энергетика, транспорт бойынша қарастырады.