You are here

Ресейде бірінші толыққанды онлайн-магистратура ашылады

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 04.07.2016

Биыл он студент Мәскеу физика-техникалық институтының (МФТИ) толыққанды онлайн-магистратурасында білім алу мүмкіндігіне ие болады.

2016-2017 оқу жылы "Заманауи комбинаторика" бағыты бойынша онлайн-магистратура ашылады. Бұл саладағы мамандар ІТ-компанияларда сұранысқа ие, өйткені Google-дан Instagram-ға дейін барлық заманауи бұқаралық қызметтер сапаны жетілдіру үшін бағандағы статистикалық әдістерді пайдаланады. 

Оқытушымен өзара іс-әрекет жасау мәселесін шешу үшін МФТИ онлайн-магистратурасы студенттерге кеңес беру сағаттарын бөледі, осы уақытта олар оқытушыға сұрақтар қоя алатын болады. Ғылыми-зерттеу зертханалық жұмысқа келетін болсақ, математикалық бағыт қымбат құрал-жабдығы бар зертханада жұмыс жасауды қарастырмайды, қалам, блокнот және қашықтықтағы мықты компьютердің қолжетімді болуы жеткілікті. Емтихандар бейне байланыс арқылы өткізіледі.

Бағдарлама авторларының пікірінше, онлайн-магистратура оқу мен жұмысты бірлесе атқарғысы келетіндер, сонымен қатар Мәскеу мен Физтех-тен алыс тұратын, бірақ елдің жетекші ЖОО-дың бірінде және әлемдік деңгейдегі мамандардан білім алғысы келетіндер үшін тартымды болады.

Биыл онлайн-магистратурада білім алу ақылы негізде жүзеге асырылады. МФТИ-та оқумен қатар, бұндай магистратура МФТИ жатақханасында тұру және институттың өміріне араласу құқығын береді.

Мемлекеттік емтихан және диссертацияны қорғау сияқты маңызды іс-шаралар көзбе-көз өтеді. Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін студенттер мемлекеттік үлгідегі дипломды алады.