You are here

Ресейде дипломдық жұмыстар плагиатқа орталықтандырылған тексеруден өтеді

Printer-friendly versionPDF version

ТАСС, 03.08.2016

Ресейдің оқу орындары келесі жылы студенттердің дипломдық жұмыстарын интернет желісіне жариялауды бастау керек. Жариялымның нысаны, олардың қолжетімділігінің ережелері және басқа да критерийлерді 2016 жылдың соңына дейін Интернетті дамыту институты жанындағы "Интернет+білім беру" жұмыс тобы әзірлейді.

Жұмыс тобына кіретін Интернет-баспагерлері қауымдастығы президенті Иван Засурскийдің айтуынша, интернетке жариялағаннан кейін барлық студенттердің жұмыстары "Антиплагиат" жүйесі арқылы орталықтандырылып тексеріледі. Бұл қандай ЖОО студенттерді жақсы оқытатынын, қандай ЖОО студенттерді тек қағаз жүзінде ғана оқытатынын түсінуге мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, дипломдық жұмыстарды жариялағанда бірқатар мәселелерді шешу керек. Атап айтқанда, жұмыстардың іздеу жүйелерінің дәйексөз келтіру индексі жоғары сайттарға жариялануын қамтамасыз ету керек. Барлық жұмыстарды кілт сөздер арқылы таба алу да маңызды. Бұл сол немесе өзге де мәселелер бойынша жаңа бастамаларды зерделеу мүмкіндігінің болуы үшін қажетті.