You are here

Ресейде #EdCrunch жаңа білім беру технологиялары жөнінде форум өтті

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 13.09.2016

Мәскеуде «МИСиС» Ұлттық зерттеу технологиялық университетінің алаңында #EdCrunch жаңа білім беру технологиялары жөніндегі Үшінші халықаралық конференция өтті. Ол 2 жыл қатарынан Еуропадағы білім беру технологиялары саласындағы ең ірі конференция болып табылады. Бұл форумға РФ барлық өңірлерінің өкілдері, сонымен қатар әлемнің 30 мемлекетінен келген қонақтар қатысты.

Конференцияға шамамен 6 мың мектеп мұғалімі мен тәрбиелеуші, бизнес-қауымның, ЖОО топ-менеджментінің өкілдері қатысып, тәжірибе алмасты.  Аралас оқыту басты тақырып болды.

«Ендігі ұрпаққа арналған білім қандай болу керек?» панельдік пікір-таласта сөз сөйлеген EdX  платформасының негізін қалаушы және перзиденті Анант Агарвал мектептің бұқаралық тәжірибесінің техника мен технологиялардың соңғы жетістіктерінен 200-300 жыл артта қалып отырғанын атады. Ол білім беру жүйесінің балалардың дамуына қосатын үлесі анық емес деп айтты. Әдетте, мұғалім сыныпта алдында отырған оқушыларға «Планшеттерді сөндіріндер, телефондарды алып тастандар және менің артымнан қайталандар …», - деп айтады. Сарапшы бала болған кезінде Үндістанның бастауыш мектебіне барғанын айтты, бұнда мұғалім сөйлегенде, балалар оның әрбір сөзін артынан қайталайтын еді. Жоғарғы сыныптарда да жағдай өзгермеді. Ішінде оқытушы бәрін білгіш ролінде болған жүйеден балаларды білім әлемінде бағыттайтын, сыни ойлауды қалыптастыруға ересек адам көмектесетін жүйеге өту керек.  

Apple  қызметкерелерін оқыту жөніндегі директоры Уильям Ранкин болашақтың білім беру моделі салауатты экожүйенің негізгі сипаттарына сәйкес болу керек деп санайды. Соңғы сипаттардың арасынан сарапшы әртүрлілікті, икемділікті, әр серіктес үшін жалпы ресурстардың ашық қолжетімділігін, серіктестердің қарқынды өзара қарым-қатынасын, ішкі теңгерім мен тұрақтылыққа ұмтылысын атады. Осыған байланысты студентке мұғалімнің барлық білімін беру аса маңызды емес, білім алушыға пайдалы бірнәрсе жасауға мүмкіндік беретін білім беру маңызды. Сарапшының пікірінше, ішінде жеке тұлғалар өндіруден гөрі көбірек тұтынатын экожүйе опат болады.