You are here

Ресейде электронды мектепті дамытуға 600 млн рубль бөлінді

Printer-friendly versionPDF version

ТАСС, 28.10.2016

РФ билігі "Ресейдің электронды мектебі" жобасын 2017ж. дамытуға 600 млн. рубль бөлінді.

Ресейдің электронды мектебі 2016 жылғы 5 қазанда іске қосылды. Оның шеңберінде үздік ресейлік мұғалімдер мектеп курсының барлық пәндері бойынша интерактивті бейнесабақтар жүйесін құрайды. Сабақтар федералдық мемлекеттік білім беру стандарттары негізінде жасалады.

Оқушыларға жаттығу тапсырмалары беріледі деп жоспарланып отыр, ал жүйе автоматты түрде баға қояды. Мұғалімдерге сабақтардың конспекттері, жылдық кестенің нұсқалары беріледі. Шын мәнінде бұл бастаушы және тәжірибелі мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал болады.

Жоба денсаулығында шектеулер бар балалардың және әртүрлі себептерге байланысты оқу процесіне толық көлемде қатыса алмайтындардың мәселелерін ескеруге мүмкіндік береді.