You are here

Ресейде кәсіптік білім беруді дамыту орталығы құрылды

Printer-friendly versionPDF version

interfax.ru, 11.07.2016

Мәскеу политехникалық университетінің жадында Кәсіптік білім беруді дамыту орталығы (КБДО) ашылды. 

КБДО сараптамалық және зерттеу орталығы, сонымен қатар Ресей Білім және ғылым министрлігінің кәсіптік білім беру және даярлау саласындағы бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі жобалық кеңсе ретінде құрылды. 

Орталықтың мамандары жоғары технологиялық құрал-жабдықтармен жұмыс істейтін мамандарды даярлайтын колледждерге әдістемелік қолдау көрсетеді. Сонымен қатар, колледждерде жобалық қызмет енгізілетін болады, оның нәтижесінде колледждер салалық жұмысберушілермен ынтымақтастықты тиімді ұйымдастырады.   

Орталықтың алғашқы жұмыстарының бірі кәсіптік білім беру ұйымдарына арналған федералдық стандарттар мен білім беру бағдарламаларды әзірлеу болды. Сонымен қатар, өңіраралық құзыреттілік орталықтарында WorldSkills Russia ұлттық құрама командасының қатысушылары даярлықтан өтеді.