You are here

Ресейде күтушілерге (бағушыларға) арналған кәсіптік стандарт әзірленді

Printer-friendly versionPDF version

Версия, 13.09.2017

Сарапшы кеңесінің бастамасымен РФ-да балабақшалардағы және жеке бала күтушілердің көмекшілеріне біртұтас кәсіптік стандарт әзірленді. Айдың соңына дейін құжат Еңбек және әлеуметтік сақтау министерлігіне келіп түсуі керек.

Жаңа стандарттарға сәйкес, тәрбиелеушілер мен бала күтушілер алғашқы медициналық көмек көрсете білуі керек және педагогика мен психология саласында негізгі білімді меңгеруі тиіс.

Бұл бастаманы бекіткен кезде тәрбиешілердің көмекшілері мен бала күтушілер 120 сағаттан 140 сағатты құрайтын арнайы курсты өтуі керек болады. Оқуды аяқатаған соң, олар алғашқы медициналық көмекті алғашқы медициналық көмек көрсете білуі керек және педагогика мен психология саласында негізгі білімді меңгеруі тиіс. Сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында баламен жұмыс істейтін қызметкерлер арнайы дәрігерлік тексерістен өтуі қажет.

Қазіргі уақытта бала күтуге арналған арнайы үйретуші бағдарламалар жоқ. Мұндай бағдарламалар Еңбек министрлігі бірыңғай кәсіптік стандартты бекіткен кезде ғана қолданысқа енеді.  Көпшілік сарапшылардың пікірінше, бала күтушілердің көпшілігі нағыз маман иелері емес. Осы салада жұмысқа орналасу үшін тек қана орта білім және медициналық кітапшаны ғана қажет етеді. Мұндай жағдайлар ата-аналар мен балалардың құқығын бұзуға алып келеді.