You are here

Ресейде әлемдік ғылыми базаларға жазылу шектеусіз қолжетімді болады

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme, 29.12.2016

Ресейдің барлық ғылыми және білім беру ұйымдары халықаралық деректер қорына ұлттық жазылымды пайдалана алады. Бұндай шешімді Ресей ғылымдар академиясы мен Федералдық ғылыми ұйымдар агенттігі өкілдерінің қатысуымен өткен РФ Білім және ғылым министрлігінің отырысында қабылданды.

Халықаралық ғылыми қорға және толық мәтінді мақалаларға қолжетімділік алғаш рет 2015ж. Ресей үкіметінің тапсырысымен жүйеленген болатын. Web of Science және Scopus қорлары, толық мәтінді журналдардың 20 астам  топтама (Springer және Nature сияқты), сонымен қатар техникалық стандарттар мен патенттік ақпараттың қоры оның негізі болды. Жазылымды 300 астам ұйым пайдала алды.

Егер бұған дейін ұлттық жазылым эксперименттік режимде жұмыс істесе, енді оны тұрақты ету шешілді. Сонымен бірге, топтамаларға қолжетімділік туралы есеп ашық және жария болады. Ұлттық жазылымның ақырғы үлгіні министрлік Ұлттық жазылым және ғылыми қоғамдық кеңесіне 2017ж. қаңтарда ұсынатын болады.