You are here

Ресейде мектепке дейінгі білім әлі де қолжетімсіз

Printer-friendly versionPDF version

Примечания, 14.07.2017

Ресейде 3-тен 7 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігі ел бойынша орташа есеппен 98,73% құрады. Топтардың орташа толымдығы - 25,3 адам. Алайда, Ұлттық фронттың сарапшылары өткізген мониторингтің нәтижелері елдің бірқатар өңірлеріндегі балабақша топтарының толымдығын дәлелдейді. Мониторингке 63 өңірден 500 тәрбиелеуші қатысты. Олардың 15,5%-ы топтарында 30-39, 1,4%-ы 40-46 бала тәрбиеленетінін айтты.

Росстаттың 2017ж. 7 маусымдағы деректері де балабақшаларда топтардың толымдығын дәлелдейді: бірқатар өңірлерде 100 орынға 100 астам бала тиесілі. Қажетті көрсеткіштерге қол жеткізу үшін өңірлер күмән туғызатын шараларды қабылдауға мәжбүр: топтарды тығыздау, жинақталмаған балабақшаларды ашу.

Мектепке дейінгі білімнің нақты қолжетімділігін басқа да факторлар төмендетеді. Осылайша, мұғалімдердің 52% астамы өз қаражатына үлестірме, көрсету, дидактикалық, шығармашылыққа  және ойынға арналған материалдарды үнемі сатып алуға мәжбүр екенін, ал мұғалімдердің 53%-ы ата-аналардан жүйелі сұрайтынын мәлімдеді. Сауалнамаға қатысқан тәрбиелеушілердің жартысы олар жұмыс істейтін балабақша дамытушы ойыншықтармен, ойын құралдарымен жабдықталмағанын хабарлады. Сауалнаманың нәтижелері де  барлық балабақшалардың топтық бөлмелермен және асханалармен жабдықталмағанын көрсетті, бұл туралы респонденттердің 11%-ы хабарлады.

Балабақшалар тиісті мамандармен қамтамасыз етілмеген. Тәрбиелеушілердің  тек 85% жуығы ғана балабақшада мейірбикенің бары туралы, 71% жуығы логопедтің бары туралы, шамамен 65%-ы психологтың бары туралы мәлімдеді. Бұл кезекте, респонденттердің тек 8% жуығы ғана олармен бірге музыкалық жүргізуші, денешынықтыру нұсқаушысы, дефектолог, әлеуметтік педагог, хореограф сияқты мамандар жұмыс істейтінін атады. 8% астамы балабақшада тәрбиелеушілерден басқа ешқандай мамандар жоқ екенін айтты.

Сарапшылардың пікірі бойынша, кадрлардың жетіспеушілігі, лайықты құрал-жабдықтардың және пәндік дамытушы қордың болмауы мектепке дейінгі білімнің 100-пайыздық қолжетімділігін қамтамасыз ету туралы жарлықты орындаудағы актив ретінде санауға болмайды. Дәл сондықтан РФ президленті жанындағы нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мониторингі жөніндегі Комиссия жұмыс тобы отырысының хаттамасында мектепке дейінгі білімнің қолжетімділігінің бірқатар өлшемшарттарын есепке алу қажеттілігі туралы айтылды.