You are here

Ресейде мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы айлық жалақы 16,5% артты

Printer-friendly versionPDF version

Учительская газета, 08.08.2017

ЭЖМ ҒЗУ сарапшылары 1849 ата-ананың арасында сауалнама өткізді. Зерттеу сәбилердің мектепке дейінгі ұйымдарда болу үшін төленетін ақыда 2016ж. айтарлықтай алшақтық сақталғанын көрсетті. Муниципалдық және жекеменшік балабақшаларда балаларды қарау және күту үшін төленетін айлық ақы бес есе ерекшеленеді. 2014ж. жеті еселік баға айырмашылығы тіркелді. Мемлекеттік балабақшаларда айлық төлемақы 2015ж. салыстырғанда 16,5%-ға артты, жекеменшік балабақшаларда 9,5%-ға төмендеді.

Мамандардың пікірі бойынша, бағалардың едәуір айырмашылығы қызметтің сапасымен емес, мемлекеттік және жекеменшік балабақшалардың жұмыс істеуінің әртүрлі шарттарымен түсіндіріледі, олар: бюджеттік ресурстардың қолжетімсіз болуы, жекеменшік секторда жалгерлік ақының жоғары шығыстары. Ресейліктер балаларын балабақшаға үш жастан береді (27,5%), 21,7% - сәби екі жастан береді, 16% мүлдем бермейді.