You are here

Ресейде педагогикалық мамандықтар әйгілі бола бастады

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 09.09.2016

2016ж. ресейлік ЖОО-ға қабылдау сапасының мониторингі елде педагогикалық мамандықтардың әйгілі бола бастағанын көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда, педагогикалық мамандықтарға қабылданған, 70-тен артық балл жинаған талапкерлердің үлесі айтарлықтай өсті (46%, 2015 жылы 36% болды). Ал әлсіз  (56-дан кем баллмен) студенттердің үлесі 19%-дан 15%-ға дейін қысқарды. Сонымен қатар, сарапшылар жетекші оқу орындарына инженерлік бағыттарға қабылдаудың сапасы экономикалық және медициналық бағыттармен тепе-тең болды деп атады.

Мониторингте 425 ЖОО деректері көрсетілген.

2016ж. ресейлік ЖОО-ға бюджеттік қабылдау шамамен 5%-ға қысқарды және 275 мың орын болды. Ақылы қабылдау өткен жылғы көлемді — 140 мың орынды сақтады.

Деректер, сонымен қатар, елде ЖОО-дың "әлсіз" және "күшті" болып бөлінуі күшейтіліп жатқанын көрсетті. Экономиканың жоғарғы мектебінің ректор Я.Кузьминовтың айтуынша, бұл үрдіске екі фактор: инженерлер мен жаратылыстану ғылымдары саласындағы мамандарға сұраныстың өсуі және осы бағыттарға бюджеттік орындар санының көбеюі әсер етті. 

Нәтижесінде "мықты" талапкерлер оларды анағұрлым сапалы біліммен қамтамасыз ете алатын ЖОО таңдайды (ақылы болса да), ал «үштіктер» беделі төменірек оқу орындарындағы бюджеттік орындар үшін күреседі.

Кузьминов дайындық бағыттары бойынша топтардағы ЖОО орнының маңызды ролін де атады — студенттердің басым бөлігі алдымен мамандықты, ал содан кейін ғана оқу орнын тандайды.