You are here

Ресейде шетел студенттері үшін 15 мың грант бөлінеді

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 03.03.2016

Соңғы үш жылда Ресей жыл сайын 15 мың шетел азаматтарын мемлекеттің ЖОО-ларында тегін білім алуға шақырады. Бұған 400 ресейлік білім беру мекемесі қатысады. 

Ағымдағы жылы оқуға қабылдау көрнектірек болмақшы. Өтініштер электронды түрде www.russia.study порталына беріледі. Ресей ынтымақтастығының басшасы Любовь Глебованың пікірінше, бұл делдалдар санын азайтуға ықпал етеді. 

Медициналық және техникалық, ядролық физика сияқты әр түрлі мамандықтар бойынша грант алу байқауына 198 мемлекеттің азаматтары қатыса алады. Русист, лингвист және филологтарға арнайы бағыт бөлінді. 

Ресейлік мемлекеттік квотаның әрбір үміткері жоғары бағалар және өз елінде олимпиадаларға қатысуы сияқты параметрлер бойынша алдын-ала іріктеуден өтеді. Табысты және дарынды жастарды бетпе-бет немесе арақашықтықты сұхбатқа шақырады. Соңғы іріктеуді құрамында Ресей ғылым және мәдениет орталықтарының, елшіліктердің, жергілікті білім беру министрлігінің және қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар комиссия өткізеді.

Квота алуға іріктеуден өткеннен кейін үміткер оқығысы келетін 6 ЖОО тандайды. Содан кейін әрбір университет өзінің «электронды кабинетін» ашып, тандау жасайды. Егер үміткер қалаған бірінші ЖОО-ға түспесе,  ол туралы мәліметтер екінші және одан арғы ЖОО-ға жіберіледі. 

Орыс тілін білмейтін үміткерлер үшін Ресей ынтымақтастығы болашақта әртүрлі мемлекеттерде орыс тіліне үйрету орталықтары мен тестілеу орталықтары бар "шығарылмалы" дайындық факультеттерін құруды жоспарлап отыр.