You are here

Ресейде шетел студенттерінің саны бір жылда 50 мыңға артты

Printer-friendly versionPDF version

РИА Новости, 21.07.2016

Ресейдегі шетелдік студенттердің саны бір жылда 50 мың адамға өсті. 

Ресей ынтымақтастығының басшысы Любовь Глебова бұдан бұрын 2016 жылы Ресейде шетелдік студенттердің саны 230 мыңға дейін жетуі мүмкін деп хабарлады, өз кезегінде студенттер университеттерге тек квотамен ғана түспейді, сонымен бірге оқу ақысын өздері төлейді. Глебованың айтуынша, шетелдік студенттерге арналған бюджеттік орындар саны 15 мыңды құрайды. Басқа нысандар бойынша елде 187 мың шетелдік білім алады. 

Шетелдік студенттер арасында жетекші ресейлік университеттер, "5-100" халықаралық бәсекеге қабілеттілікті жоғарылату бағдарламасына қатысушы ЖОО ерекше сұранысқа ие. Бұл ЖОО-да бағдарлама жұмыс істеген мерзімде 2013 жылдан бері ақылы негізде білім алатын шетелдік студенттердің саны шамамен 2,5 есе өсті.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша шетелдіктер арасында дайындықтың анағұрлым басым бағыттары – экономика және басқару, клиникалық медицина, білім беру және педагогикалық ғылымдар.