You are here

Ресейде үлкен этнографиялық диктант өтеді

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme, 03.10.2016

Ресейдің барлық өңірлерінде "Үлкен этногрфиялық диктант" акциясы алғаш рет өтеді. Ниет білдіргендердің барлығы диктантты онлайн немесе қалалық алаңдарда жаза алады. Диктант қатысушылардың этнографиялық сауаттылық деңгейін, Ресейдің халқы туралы білімін бағалауға, сонымен қатар этносаралық қарым-қатынастарды үйлестіруде маңызды орын алатын  этнографияға ғылым ретінде назар аударуға мүмкіндік береді.

Диктант қатысушылары күрделілік деңгейі бірдей тесттік тапсырмаларды алады, олардың саны - 30, олар Ресей халқының мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне және тілдеріне арналады. Барлық тапсырмаларды орындағаны үшін 100 балл қойылады.

Ресей мемлекеттік кітапхана диктант өткізудің Мәскеудегі орталық алаңы болады. Іс-шара "Антропологтар мен этнологтар қауымдастығы" Жалпыресейлік қоғамдық ұйымның және Ресей мемлекеттік кітапхананың қолдауымен өткізіледі. Диктанттың нәтижелері 4 қарашада жарияланады; ұйымдастырушылар дұрыс жауаптар мен көп жіберілген қателердің талдауын да жариялайды. Акцияның қорытындысы өңірлерде этнография жөніндегі оқу бағдарламаларын жетілдіру болады.