You are here

Ресейде зейнеткерлерге арналған білім беру платформасын іске қосып жатыр

Printer-friendly versionPDF version

Edutainme, 29.11.2016

«50 Плюс» жалпы ресейлік әлеуметтік жоба онлайн-курстар мен бос жұмыс орындары бар платформаны іске қосады.

Сайтта жаңа кәсіпке үйренумен қатар, онлайн жұмыс табуға болады. Платформа күндізгі және қашықтықтан оқытудың барлық білім беру бағдарламалары мен біліктілікті арттыру курстары туралы ақпаратты қатитын болады. Сонымен бірге, жұмысберушілер сайтта аға буынның адамдарына арналған бос жұмыс орындарын жария алатын болады. Форумда өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісуге және бірлесіп бизнес-жобаларды әзірлеуге болады. Сонымен қатар, ұйымдастырушылар жұмысқа орналасу мәселелері бойынша психолог пен заңгерден тегін кеңес алу туралы сөз береді.

«50 Плюс» жобасының өкілдері платформа максималды түрде қарапайым болады деп айтады: сайтқа кіріп, сауалнаманы толтырып, қызықтыратын қосымша парақты - жұмыс немесе білімді тандау керек. Пішу мен тігу курстарынан компьютерлік сауаттылықты дамыту сабақтарына дейінгі әртүрлі білім беру бағдарламаларын ұсыну жоспарланды.